Гүлшара Әбдіқалықова Бижановты неге қомсынып отыр?

Тағай ӘЛИЕВ

14.12.2021, 09:07

3329

Тарихы бай Қарақұм ауылының құрылғанына 60 жыл және осы елді мекеннің іргетасын қалаушы Байжан Бижановтың туғанына 100 жыл толуына орай, дүркіреп, кең көлемде салтанатты шаралар үш жыл бұрын өткен болатын. Алайда осы өңірдің елге еңбектері сіңген азамат Байжан Бижановтың қажырлы қызметтерін, Қарақұм өлкесін дамытуға айрықша үлес қосқан еңбек жолын насихаттап, мәселе көтеріп отырмын.

 Тарихы бай Қарақұм ауылының құрылғанына және осы мекеннің іргетасын қалап, өз кезегінде тек Қазақстанға ғана емес, Одаққа танымал еткен білікті басшы Байжан Бижанов туралы айта берсек, артық емес. Байжан Бижанов ғылым мен білімді бойына сіңіріп, 1937 жылы Қазалы ауыл шаруашылығы техникумына оқуға түсті. Алғашқы еңбек жолын 1937-42 жылдары Арал ауданындағы жер бөлімінде бас зоотехниктен бастап, кейіннен басшы қызметтеріне дейін көтерілді. Елге қызмет еткен еңбектерінің еленгенінің арқасында  Байжан ағамыз қызметтен қызметке жоғарылай түсті. Бұдан арғы қызметі жоғарылап, Қазақ КСР жер халық комитетінің мал шаруашылығы басқармасының бас зоотехникке дейін көтеріліп, жұмысын абыройлы атқарды. 1944-48 жылдары Сырдария аудандық мал асылдандыру мекемесінің директоры, 1948-56 жылдары Арал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас сантехнигі қызметтерін мінсіз атқарып, 1957 жылы Алматы ауыл шаруашылығы институтын зоотехник мамандығын қызыл дипломмен бітіріп шықты. Осындай білімі мен біліктілігінің арқасында аудан, облыс, республика көлемінде шыңдалып, қалған 18 жылдық еңбек жолын қажырлы қайратымен Қарақұмға арнады.

    Ал Қарақұм өңірінің дамуына келсек, өткен ғасырдың 32-жылдары Қарақұм өңірінде жекеменшік жойылып, барлығы дерлік колхоздарға кіріп, көшпелі қазақ шаруалары отырықшылыққа бейімделе бастады. Өңірде Кеңес өкіметінің мал шаруашылығын өркендету жөніндегі қаулысына сәйкес, шалғайдағы құм қойнауында жатқан Абай ауылында қыр еліндегі майда колхоздарды біріктіру нәтижесінде жаңадан құрылған мемлекеттік шаруашылықтың – «Қарақұм» кеңшарының алғашқы қазығы қағылған болатын. Сол уақыттарда совхоздың ең алғашқы директоры болып Байжан Бижанов бекітілді. Ол «Қарақұм» совхозының жақсы жағынан танылуында елеулі еңбектер атқарып, өңірдің жаңа тынысын ашқан еді.  Мал шаруашылығының қарқынды дамуымен бірге, халықтың әлеуметтік, рухани жағдайы жақсара түсті.

     Бұл өмірде тек бәрі жақсы бола бермейтіні секілді ауыл өмірінде де біршама қиыншылықтардың кездескенін айта кеткен жөн. Мәселен, «Ақ қоян» деген атпен белгілі 1963-64 жылдардың қысы қатты болғаны жұртшылықтың есінде қалған еді.  Шынында да, бұл қыс соңғы жұт болғандықтан, көптеген шопандар таяғын ұстап қалды. Сол жылы тек «Қарақұм» кеңшары ғана көп шығынға ұшыраған жоқ. Бұл кеңшар директоры Байжан Бижановтың алысты болжай білетін зор ұйымдастырушылық қабілетінің арқасы еді. Осындай қиын-қыстау кезеңнен қажырлы қайраты мен елеулі еңбегінің арқасында Қарақұм ауылының жағдайы 1965-70 жылдары қайтадан жақсара бастады. Совхоз өндірісі мен мамандану процесі одан әрмен жандана түсіп,  мал саны мен техника көлемі арта түсті.

    Кеңшар шаруашылығы заман талабына сай, ауылшаруашылық технологиясын игере бастады. 1965 жылы кеңшар орталығынан жаңа үлгідегі машина, трактор жөндейтін шеберханалар салынып, автоматты май құю бекеттері ашылды. 1970  жылы ауыл тұрғындары теледидар көріп, радио тыңдауға мүмкіндік алды.  Ал 1980 жылдары кеңшардың мал өнімдерін өндіру мен дайындауда үнемі үлесі артып, Қарақұм ауылы аудандар арасында аса ірі шаруашылық өңіріне айналды. Оған бір дәлел – мал өнімдерінің төрттен бір бөлігі дамып, қой саны 60 мыңға жуықтап, қаракөл елтірісін өңдеу 10-13 мың данаға жетті. Осылайша кеңшарда 74 автомашина, 80 трактор, 14 К700 қуатты трактор жұмыс істеп, ауыл шаруашылығына жылына миллиондаған табыс әкеліп отырды.

  Байжан Бижанов тек ауыл шаруашылығын ғана дамытып қоймай, өңірдің білім, мәдениет салаларын да назардан тыс қалдырмады. Ауыл балалары білімнен кенде қалмасын деп, бір жағынан, руханиятқа жанашырлығының арқасында онжылдық  мектеп пен малшы балаларына арналған мектеп-интернат және 100 орындық мәдениет үйін салдырды. Сондай-ақ әлеуметтік мәселелерге де көңіл бөліп, 15 орындық аурухана мен 20 орындық монша, байланыс бөлімшелерінің ашылуына септігі тиді. Байжан Бижановтың ел үшін тигізген тағы бір пайдасы – Қарақұм өңіріне жібек жүнді меринос қойын алып келіп, жерсіндіріп, мол табысқа кенелтті. Сонымен бірге шетелдік технологияларды ғылыммен ұштастыра отырып, өңірге электр энергиясын орнатып, мектеп, балабақша, ауруханаларды жылумен қамтамасыз етті. Сондай-ақ ұшақ қонатын алаңды салдырған да Байжан Бижанов болатын. Халқының қамын жеп, жағдайын жасап, елі үшін тынбай еңбек еткен тұлғаны танымал еткен жетістіктері үкімет тарапынан лайықты бағаланды. Таудай жақсылықтарымен де ел есінде мәңгі сақталып келеді.  

    Жалпы, Байжан Бижановтың жақсылығын айта берсек, ұшан-теңіз. Осы мақалам арқылы елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес, жергілікті халық Байжан Бижановтың 100 жылдығы мен совхоздың 60 жылдығын атап өту арқылы жастарға «елім» деп, бар күшін аямаған жанның жақсылығы келешек ұрпаққа үлгі ету басты мақсатымыз еді. Әрі мектеп ертеңгі елдің тізгінін ұстайтын рухты жастарды тәрбиелейтін киелі орда болғандықтан, елді мекен тұрғындары Байжан Бижановтың мәңгілік есте қалуы үшін №59 мектепке есімі берілсе деген ұсыныспен аудандық әкімдікке, облысқа өтініш айтылған еді. Бірақ осы күнге дейін бұл мәселе әлі  шешімін таппай келеді. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, аталған мектепке Байжан Бижановтың есімі берілсе, ел рухы тағы бір рухани жаңғырып қалар еді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:51
Қазақстанда оқу жылы 31 мамырға дейін ұзаруы мүмкін
Сайт әкімшілігі 09:12
«Мектепке жол». Атырауда бірінші сынып оқушысына 10-сынып оқушысының формасы берілген
Сайт әкімшілігі 08:58
"Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 18:21
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 17:42
Қорғаныc министрлігі әскерде жұмыс істеген қыздың айыптауларына жауап берді
Сайт әкімшілігі 12.08.2022, 14:38
Әлемдегі ең қымбат дәріні еккен қазақстандық бала көз жұмды

Аңдатпа


  • "Төбесі құлап жатыр". Талғарда 3 миллиард теңгеге салынған мектеп төңірегінде дау туды
    08:58
  • Қасақана өртеді: Тараздағы әскери бөлімдегі жарылысқа қатысты тың дерек шықты
    12.08.2022, 08:47
  • «Үйдің жыртығын жамау мүмкін емес»: Елордада 50 жыл болған жатақхана құлағалы тұр
    11.08.2022, 09:04
  • Смайыловтың Президентке ұсынған болжамы дөп келе ме?
    10.08.2022, 09:37
  • «ЭКСПО-2017»: Миллиардттарға салынған мақтаулы нысандар су астында қалды
    09.08.2022, 08:49