Халық еңбекпен қамтылып жатыр

Нұр-Қасым Жомарт

06.04.2022, 10:50

981

Төтеннен келген індетке, пандемиялық шектеулерге қарамастан, Сыр өңірі мемлекеттік бағдарламалар арқылы халықты еңбекпен қамтып жатыр. Мәселен, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасындағы белгіленген меже орындалып, 2020-2021 жылдары 10820 тұрғын жұмыс көзін тапқан.

Бұл туралы Қызылорда облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гаухар Қалмақова айтып берді.

Жұмыс көзін тапқан 10 мыңнан аса тұрғынның 76,3 пайызы ауыл тұрғындары, 42,5 пайызы жастар, сондай-ақ аз қамтылған азаматтар мен мүгедектігі бар азаматтар. Гаухар Қалмақова «Жол картасын» жүзеге асыру барысында қолданылған тауарлар мен қызметтердің 95 пайызы отандық өндірушілерден алынғанын жеткізіп, индикаторлық көрсеткіштердің өңірде орындалғанын жеткізді.

Сонымен қатар қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру ережелеріне өзгерістер енгізілді. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға бағытталған «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту мен қайтарымсыз гранттар беру қағидалары қайта бекітілді.

«Қоғамдық жұмыстардың жалақысы 61260 теңгеге артты. Қатысу мерзімі 12 ай, тіркеуде тұрған барлық жұмыссыздар қатыса алады. Жұмыс беруші қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға екі жылда бір рет қатысады», – деді басқарма басшысы.

Ал «Жастар практикасы» жобасының төлемі 91890 теңгеге дейін көбейіп, қатысу мерзімі 6-12 айға дейін ұлғайыпты.

«Бұл жобаға 29 жасқа толмаған, соңғы 3 жылда жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарын бітірген және еңбек өтілі жоқ түлектердің қатысуға мүмкіндігі бар. Ал әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру жобасы жалақының 35 пайызын субсидиялау арқылы жүзеге асырылады, субсидияның мөлшері 61260 теңгеге дейін артты. Сонымен қатар биылғы жаңалық – жұмыс беруші қоғамдық жұмысқа өтінімді тиісті құжаттарды толтырып, электронды түрде электрондық еңбек биржасы арқылы береді», – деді Г.Қалмақова.

Бұдан бөлек, бірнеше жобалар да іске асып жатыр. Мәселен, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы 29 жасқа толмаған, жұмыс тәжірибесі жоқ жастар, оның ішінде, NEET санатындағы жастарға оқыған мамандығына сәйкес, ұйымдастырылады. Жұмыс беруші жобаға қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссыз азаматты кемінде 12 ай мерзімге тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыруға міндетті.

Ал «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 2 жыл ішінде оқуын аяқтаған және 29 жасқа толмаған білім беру ұйымдарының түлектері қатысады, жоба шеңберінде жұмысқа орналасқан адамға зейнеткерлік жасқа жетуге, кемінде 6 ай қалған тәлімгер тағайындалады. Жұмыс беруші жобаға қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыссызды Еңбек кодексінің 38-бабына сәйкес, тәлімгердің бос жұмыс орнына немесе басқа бос орынға ауыстыруға міндетті.

Биылдан бастап, зейнеталды жастағы адамдар үшін «Күміс жас» жобасы іске қосылмақ. Бұл жоба зейнетке шығуына екі жыл мерзімі қалған жұмыссыздарды орналастыруды көздейді, жалақының 50 пайызы мемлекеттен субсидияланады.

Бүгінде облыста ірі көлемде 21 инвестициялық жоба әзірленіп отыр. Бұдан бөлек, әр ауданда, қалада ашылатын нысандар бойынша талдау жүргізіліп, бірінші кезекте жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға көңіл бөлінуде.

Еркіндікте жүрген жаннан бөлек, жазасын өтеушілерді де жұмыспен қамту өте маңызды. Мысалы, Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 түзеу мекемесінде жұмыс орнын ашып, кәсіп жасауға мүмкіндіктер бар.  

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары әділет подполковнигі Жүніс Әбдіқайыровтың айтуынша, кәсіпкерлер үшін түзеу мекемесінде өз кәсібін ашуға жан-жақты мүмкіндіктер қарастырылған. «Кәсіпкерлерді мекемеге шақырып, өндірістік аймақтағы бос ғимараттарды көрсеттік. Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту маңызды. Білікті жұмыс күші де осы жерден табылады. Бұл ұсыныс, әсіресе ісін жаңа бастаймын деген кәсіпкерлерге тиімді» – дейді ол.

Қазіргі таңда ЗК-169/5 мекемесінде 800-ден астам сотталған жазасын өтеуде. Олардың 400-ге жуығы РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалында, яғни мекеменің өндіріс аймағындағы 9 жеке кәсіпкер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жұмыс істейді. Олар – ағаш өнімдері, қолөнер бұйымдары, тігін, автокөліктің қосалқы бөлшектерін жасау, газоблок, кірпіш өндіру және жылыжайда қияр, қызанақ өсірумен айналысады. «Егер түзеу мекемесінде жұмыс көзін арттырсақ, сотталғандарды түгел жұмыспен қамтып, сотпен келтірілген шығындарын өтеуге мүмкіндік жасаймыз», – дейді Жүніс Әбдіқайыров.

Бүгінде соттталушылар қолынан шыққан сапалы өнімдер, арнайы жұмыс киімдері мен қолғаптары мұнай компанияларына жөнелтілуде. Түзеу мекемесінде сотталғандарды жұмыспен қамтып отырған «Ас-кА» ЖШС мамандарының мәлімдеуінше, «Айдан-Мұнай», «ҚазГерМұнай», «СиБу» және басқа да компаниялардың жұмысшылары бірнеше жылдан бері осы мекеменің дайындаған киімдерін тұтынады.

«Өз қиындығым мен ауыр ойдан арылу үшін осы тігінді меңгеруге ден қойдым. Бар ықыласыммен кіріскен соң шығар, мен үшін тігін тігу аса қиынға соққан жоқ. Қазір күніне 2 арнайы киім тігемін. Барынша сапалы, жылы болуын ойластырамыз», – дейді жазасын өтеп жатқан азамат.

Айта кетейік, сотталғандар қыстық, жаздық арнайы киімдермен қатар, мезгілге сай жұмыс қолғаптарын да тігеді.

Тегтер: еңбек нарық халық

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарлы БАЙҒАНИН 17.05.2022, 05:08
«Құдай маған форточкадан береді»
Сайт әкімшілігі 14:59
Мектептегі зорлық: ата-аналар іс жабылып қала ма деп қорқады
Бифат НҰРМАХАН 13.05.2022, 13:00
Бала құқығы – басты құндылық
Нұрболат ӘЛДИБЕК 13.05.2022, 10:45
«Көне Тараз» құлағалы тұр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 13.05.2022, 07:59
BI Group-тың былығы тексерісті қажет етеді
Сайт әкімшілігі 12.05.2022, 18:50
ҚР Кәсіподақтар федерациясының республикалық штабының алғашқы отырысы өтті

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27