Халық құрылтайы: Қытай жобалары тоқтатылсын!

07.09.2019, 12:39

184

Бүгін, қыркүйектің 7-сікүні Алматыда өткен Халық құрылтайында Қытай экспансиясы мен елде саяси реформаларжасау мәселесі талқыланды. Үш жарым сағатқа созылған жиынның арты Тәуелсіздікалаңындағы бейбіт шеруге ұласты.

Құрылтайға 200шақты адам қатысты. Жиынға Серікболсын ӘБДІЛДИН, Рысбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ, Балташ ТҰРСЫМБАЕВ,Ермұрат БАПИ, Айдар ӘЛІБАЕВ, Жасарал ҚУАНЫШӘЛИН, Жанболат МАМАЙ, Шаруа ПІРМАТ,Гүлжан ЕРҒАЛИЕВА, Рысбек ТОҚТАСЫНҰЛЫ, т.б. саясаткерлер мен белсенді азаматтар қатысып,сөз сөйледі.

Құрылтайда біріншіболып сөйлеген оппозициялық саясаткер Серікболсын ӘБДІЛДИН билікқателіктері мен оны түзеу жолдарын тізді. «Ең үлкен қате – Назарбаевтың 30 жылбойы авторитарлы билік етуі. Біз авторитарлы мемлекет бола береміз бе, әлдедемократияға көшеміз бе? Демократияға көшеміз десек, Назарбаевтан құтылу керек.Ал оның жолы – 1993 жылғы бірінші Конституцияға көшу керек. Сонда Назарбаевқаберілген қосымша жұрнақ биліктің бәрі екінші Конституцияда жазылғандықтан,сонымен бірге кетеді», – деді саясаткер.

Қоғам белсендісі, «Еламанаты» қоғамдық ұйымының жетекшісі Рысбек ТОҚТАСЫНҰЛЫ Қытай инвестицияларынтартудың қауіп-қатерін баяндап берді. «Қытайдан несие алған Артентина жылына125 миллион доллар өтеп тұруға мәжбүр болған. Қытай несие өтемі ретіндеАргентинадан 50 жылға жер телімін жалға алған. Африка елдеріндегі жағдай оданкүрделі. Африканың бірнеше елі несие өтемі ретінде 4 миллионға жуық шұрайлыжерін Қытайға жалға берді. Африка елдері Қытаймен келісімшарт егемендікке қауіптөндіруі мүмкін екенін сезіп, келісімшартты үзген. Қазақстан да Қытайданинвестиция тартып, несие алып отыр», – деді ол.

ЖСДП-ның президиуммүшесі, сарапшы Айдар ӘЛІБАЕВ Қытайға сапармен президент Қ.Тоқаев ол елден ешқандайқарыз бен инвестиция алмауы керек деді. «Оңды-солды қарыз алудың артытәуелсіздіктен айырылуға әкеледі. Мысалы, Замбия, Шри-Ланка, Тәжікстан,Пәкістан, Африкадағы елдер қарызын қайтара алмай қалып, енді жер телімдері менинфрақұрылымын Қытайға ұстатуға мәжбүр. Қытайға 20 миллиард доллар қарызбыз.Меніңше, сол қарызды тезірек қайтарып, құтылу керек», – деді сарапшы.

Журналист Гүлжан ЕРҒАЛИЕВА«Нұр Отанға» қарсылас болатын халықтың демократиялық партиясын құруға шақырды. «Назарбаевзаңдарды жамылып, әлі де елді басқарып отыр. Енді Тоқаевтан билікті тартыпалып, парламентке, «Нұр Отанға» береді деген болжам бар. Яғни елде Совет одағы коммунистікпартиясының жүйесі орнамақ. КПСС таңдаймыз ба, әлде «Шал, кет!» дейміз бе?Халық өз пікірін айтуы керек. Қазір халық арасыда көшбасшы жоқ, жан-жақтанаразылық шығып жатыр, бірақ басын біріктіруші күш жоқ. Сондықтан «Нұр Отанға»қарсылас болатын Халықтық демократия партиясын құру керек. Бұған келісесіңдерме?» – дей бергені сол еді, жиынға келгендер «Келісеміз!» деп қолдай жөнелді.

Қоғам қайраткері,журналист Рысбек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ Халық құрылтайының қарарын оқып берді. Ондапарламенттік-үкіметтік басқару жүйесіне көшу,  «Сайлау туралы», «БАҚ туралы», «Саясипартиялар туралы», «Бейбіт жиындар өткізу туралы» заңдарға өзгеріс енгізіп, саяситұтқындарды бостандыққа шығару, сондай-ақ ҰҚК төрағасы К.Мәсімов пен Қауіпсіздіккеңесінің хатшысы Қ.Қасымовты отставкаға кетіру талаптары қойылған.

Үш жарым сағатқасозылған құрылтай аяқталған соң, оған қатысқандар Тәуелсіздік алаңын беткеалды. Алаңға жеткен ондаған белсенді бейбіт жиында талаптарын айтып, Желтоқсанқұрбандарына құран бағыштап,  тарқасты.



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрболат ӘЛДИБЕК 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58