Халықаралық зерттеу: Алматы мен Қарағанды – ең бақытсыз қала

21.05.2019, 16:11

292

Қазақстан әлем елдері арасында бақытты өмір сүру жағынан 60-орында. Бұл туралы Стартегиялық бастама орталығына (CSI) сілтеме жасап Nur.kz сайты жазды. 30 елдің қатарына кіруге талпынып жүрген Қазақстанда ТОП-30 елмен салыстырғанда жемқорлық көрсеткіші 3 есе жоғары.

Бұл халықаралықзерттеуге  156 мемлекет қатысқан. Шартбойынша мемлекет азаматтарының бақыттылық көрсеткіші – денсаулық жағдайына,еркіндік, жемқорлыққа көзқарас, медицинаға, білім жүйесіне ризашылық сияқтыәлеуметтік мәселелерге сүйенеді.

Биылғы дерекбойынша әлем елдерінің ішінде көш басында Финляндия тұр. Одан кейін алғашқыүштікті Дания мен Норвегия түйіндепті. ТОП-5-ке Исландия мен Голландия дакіреді. Ал, 30 дамыған елдің қатарына кіреміз деп көптен бері айтып келе жатқанҚазақстан бұл тізімде 60-орынға табан тіреді.

Сауалнамабарысында Қазақстандағы ең бақытты қаланың тұрғындары астаналықтар болып шықты.Екінші орын Шымкент қаласы, үшінші орын Ақмола облысына тиесілі.

Ал, еліміздің еңірі мегаполисі Алматы қаласы бақытсыз тұрғыны көп қалалардың қатарында. Ол 17қаланың ішінде 14-ші орын алды. Шымкенттен кейін миллион тұрғыны бармегаполиске айналады деп күтіп жүрген Қарағанды қаласы – Қазақстандағы еңбақытсыз қала атаныпты.

Рейтинг құрудаәлеуметтік жетістіктерге – білім беру, медицина, ауыз су; мемлекет тарапынан көрсетілетінқызметтерге ризашылық; денсаулық жағдайы, еркін әрекет ету, жақындарыныңқолдауы, өзгелерді қолдау үшін шығындану сияқты көрсеткіштер негізге алынған.  

ЗерттеушілерҚазақстан туралы былай дейді, негізгілерін келтірейік:

— Қазақстандықтар жақындарының қолдауынан көп үміттенеді, бірақ ТОП-30 елдермен салыстырғанда әлдеқайда аз сезінеді;

— Еркін әрекет етуге мүмкіндік аз;

— Өзгелерге көмектесуге мүмкіндіктері аз;

— Әлеуметтік қолдаулар мен мемлекеттік қызметтерген көңілдері толмайды;

— Жемқорлық жайлаған деп есептейді. Жемқорлық көрсеткіші бойынша ел астанасы мен Алматы қаласы көш бастап тұр. Ал, Ақмола облысында бұл көрсеткіш ең төмен саналады.  

Фото: kazautozhol.kz

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 17:11
Алматының экология басқармасының лауазымды тұлғалары сотталды
Сайт әкімшілігі 20.03.2023, 09:50
Екі облыста су тасқынының қаупі күшейді
Сайт әкімшілігі 19.03.2023, 14:49
20 жылдық тәжірибесі бар 70 жастағы таксист апай өз таңдауын жасады
Сайт әкімшілігі 19.03.2023, 09:20
Қошанов сайлау әділ өтіп жатқанына сенімді
Сайт әкімшілігі 19.03.2023, 09:09
Ел бойынша 10 146 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр - ОСК
Еркежан АРЫН 18.03.2023, 15:45
Газ генерациясы – Қазақстанның энергетикасының тиімділігін арттырудың ұтымды жолы

Аңдатпа


  • Сайлау– 2023: Бір өкініш, Бір үміт...
    06:56
  • Оқшауланған Ресей: Путин тұтқындала ма?
    06:37
  • 13-премьер: құт па, жұт па?
    06:45
  • Қандай елде өмір сүреміз?
    17.03.2023, 05:35
  • Сайлау: Мойның жуан болса мақтан, жіңішке болса - сақтан!
    17.03.2023, 05:28