03.02.2021, 16:18
1122
Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров әрбір қазақстандық отбасына үй салып, шаруашылық жүргізу үшін 20 сотық жер бөлу қажет деп есептейді. Мәжілісменнің айтуынша, бұл Қазақстанға кедейлікпен күресуге және ауқатты қоғам құру міндеттерін шешуге көмектеседі.
«Бұл ұсыныс халық партиясының бағдарламасында кездейсоқ пайда болған жоқ. Бұл әдемі уәделе жинау үшін айтылған нәрсе емес. (...) Қазір көптеген стратегия мен мемлекеттік бағдарламаларға қарамастан, біз қандай қоғам құрып жатқанымыз туралы түсінікті көзқарас жоқ. Өкінішке қарай, индустриалды бесжылдықта да, стратегиялық даму жоспарларында да адамдардың өмір сүру деңгейі туралы нақты нұсқаулар жоқ, ал халық кедейленіп жатыр. Қазақстандықтардың доллармен нақты табысы 2008 жылдан бері тұрақты түрде төмендеп келеді», — деді Қоңыров Мәжіліс отырысында
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР