Халықты алдау ма, биліктің көзін байлау ма?

Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ

31.08.2021, 08:30

1930

Биыл халықтың қабырғасын қайыстырған қиындықтар көп болып тұр. Бәрін жіпке тізіп, онсыз да удай ашып тұрған халықтың жарасына тұз сеппей-ақ қоялық, бірақ осындайда шенеуніктеріміздің жауырды жаба тоқыған сөздері, көрсе де көрмегендей кейіп танытуы қаныңды қайнатады-ақ.

      Қуаңшылықтан ауылдағы шаруаларымыздың мыңдаған бас малы қырылды. Қолдағы азын-аулақ малын аман алып қалу үшін басқа өңірге айдап, «тұмсығымен түртіп жегенге жетпейді» деп, қыстан малын аман  алып қалу үшін жанталасқан жұрт көп. Бірақ жақында АШМ мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Қайрат  Мұтаев: «Ресми деректерге сәйкес, Маңғыстау облысында 1161 бас мал қырылды. Олардың ішінде 49 ірі қара, 503 қой, 543 жылқы және 66-сы түйе. Егер аймақтағы жалпы мал санына шаққанда бұл 0,1 пайызды құрайды. Яғни айтарлықтай көп емес», – деп мәлімдеді. 42 500 теңге үшін індетке қарамай, басын өлімге тігіп, жанталасып көшеге шығып кеткен  халыққа тышқақ лағы өліп қалса да айтарлықтай шығын екені ақиқат. «Екі сиырмен күн көресің» деп, екі сиырды көп көрген биліктің бүгінгі күні жүздеп өлген малды азсынғаны күлкілі. Бәлкім, арам қатқан бір сиыр біреудің жалғыз сиыры шығар? Ендеше «айтарлықтай көп емеспен» шенеунік халықты алдап отыр ма, әлде билікті ме? Оның үстіне жауырды жаба тоқып, санды «салмақсыздандырып» көрсетуге барынша ұмтылып отырғандардың шын деректі азайтпай отырғанына кім кепіл?!

Дәл осындай іс-әрекетімен кеше ғана Байзақ ауданының әкімі де жұртшылықтың «жынына» тиді. Азалы күн жариялап, қалың қазақ жоқтау айтып жатқанда «анау айтқандай шығын жоқ» деп салды. Бұдан артық қандай шығын керек еді? Сөзбе-сөз келтірсек, Жамбыл облысы Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов: «Төтенше жағдай орын алған аумақта үш елді мекен бар. Қайнар елді мекенінде 17 үй бар, ондағы 85 адамды түгелдей түндегі қабылданған шаралардың арқасында қаладағы №5 мектепке жеткіздік. Адам шығыны жоқ. Таңертеңнен бастап эвакуацияладық. Адамдар үйін тастап, бас сауғалап қашты деген болған жоқ. Бәрі үйінде болды. Бұл –  елдің артық әңгімесі. Жарылыс болған жерге жақын екі елді мекенде, Жібек жолы ауылында 13 үйдің терезесі сынған. Қазір олар қалпына келтіріліп жатыр. Басқа анау айтқандай шығын жоқ», – деді. Артынша Бердібек Сапарбаев жарылыстан 118 нысан бүлінгенін мәлімдеп, бүлінген үйлердің бәрі екі айда қалпына келтірілетінін мәлімдеді.

Қашанда «тас түскен жеріне ауыр». Бір қозысы өлсе де, жарылыс кезінде қорғансыздығын сезіну әр адамның басына түскен қиындық. Тіпті әрбірден соң, «болмашы, аз» нәрсе болса, қуаңшылыққа төтенше жағдай, жарылысқа қаралы күн жариялаймыз ба!? Онсыз да ақпараттар тасқыны заманы, халық өзі көріп-біліп отыр. Соған қарамастан, жағдайды көлегейлеп, жалғандыққа жол беріп, халықты алдап, алдаусыратпайықшы… Осындай жағдайлардан кейін халықтың билікке деген сенімі сетіней береді. Сол өкінішті...

Тегтер: мәселе түйін түйткіл қоғамдық орын әкімдік

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:16
«Astana Media Week – 2021» биыл жаңашылдыққа толы болмақ
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 16:07
Экс премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 12:00
Маминге "Алтын-Емел" және "Шарын" ұлттық саябақтарын дамыту тұжырымдасы таныстырылды
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 11:09
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 09:51
Павлодарда киімі үшін оқушыны қорлаған мектеп директоры жазаланды
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 09:30
49 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39