Халықтың демалуға ақшасы жоқ

Сайт әкімшілігі

05.06.2023, 11:18

2429

OLX Kazakhstan жасаған сауалнамаға қатысқан респонденттердің басым көпшілігі – 45%-ы қаржылық себептерге байланысты жазғы демалысты жоспарламайтынын хабарлады. Бұл көрсеткіш 2022 жылғы дәл осындай сауалнамамен салыстырғанда жоғары. Ол кезде респонденттердің 40%-ы демалысқа шыға алмаған.

«Сауалнамаға қатысқандардың 25%-ы демалысты ел ішінде өткізуді жоспарлап отыр, 13%-ы қаладан тыс жерде демалуды жоспарлап отыр, ал 17%-ы ғана шетелге саяхаттауды жоспарлап отыр», – делінген хабарламада.

Түркия жазғы маусымда қазақстандықтар үшін ең танымал сыртқы туристік бағыт болып қала береді – респонденттердің 40%-ы осы елде демалуды жоспарлап отыр (былтыр бұл бағытты респонденттердің 37%-ы таңдаған).

«Ішкі туризмде қазақстандықтар Алакөлді ең танымал бағыт деп атады. 24%-ы сонда демалуды жоспарлап отыр (былтыр респонденттердің 28%-ы Алакөлді таңдаған), – делінген хабарламада.

Сауалнамаға сәйкес, орташа қазақстандық отбасы төрт немесе одан да көп адамнан тұрады – бұл жауапты респонденттердің 50%-дан астамы берген. Сыртқы туристік бағыттарға 1 млн теңгеге дейін ақша жұмсауға дайын ремпонденттердің үлесі 64%, ал ел ішінде 300 мың теңгеге дейін жұмсауға дайындардың үлесі 68%.

Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша отандық туристер саны 2022 жылы рекордтық 8,6 млн адамға дейін өсті, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 20% жоғары. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 15:31
Геология комитетінің төрағасы елдегі жерасты суының қоры қанша екенін айтты
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 12:57
Министрлер мен әкімдер қазақ тілін білуге міндеттеледі
Сайт әкімшілігі 15.09.2023, 11:40
Прокурор Қайрат Боранбаевқа 6 жыл сұрады
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 23:15
Азаттықтың Орталық Азия қызметтері құрылғанына 70 жыл толуына орай медиафорум өтті
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 14:45
Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің соты басталды
Сайт әкімшілігі 14.09.2023, 14:03
«Камызяки» КВН командасының Қазақстандағы концерттері өтпейтін болды

Аңдатпа


  • Әлем әдебиетін оқыту орыс әдебиетінен бас тарту ма?
    16.09.2023, 13:50
  • Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
    16.09.2023, 13:15
  • Алматыда Астана алаңы мен Сәтбаев көшесінің бір бөлігі жабылады
    16.09.2023, 12:52
  • Ет туралы ертегі
    16.09.2023, 12:33
  • Біздің қоғам шындықтан қорқады
    16.09.2023, 10:55