Идеологиялық салада атқарылған жұмыстар көңіл көншітерлік пе?

Сайт әкімшілігі

11.12.2020, 16:16

258

Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен бірқатар басқарма басшыларының идеологиялық салада атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Жиында бірінші болып баяндама жасаған облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Мақпал Досымбекова жыл басынан бергі 11 айдағы бюджет қаражатының игерілуі туралы айтты. Ол сөзінің басын «Мемлекет басшысының қолдауымен облыста «Бейбітшілік пен келісім» жобасы жүзеге асырылуда» деп бастап, тұрғындардың наразылығын тудыруы мүмкін өзекті мәселелерді ескере отырып, қауіп-қатерлер картасы әзірленгенін жеткізді. Оның айтуынша, басқарма ай сайын облыстағы қоғамдық-саяси жағдайды зерделеп отырады. Сондай-ақ ол «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 123 үйдің құрылысы басталса, бүгінгі таңда 60 үйдің кілті табысталып үлгергенін, "Үлгілі ауыл" байқауына 13 ауыл қатысқанын айтты.

Келесі кезекте сөз алған облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков ағымдағы жылы аталған саланы дамытуға 5,8 миллиард теңге бағытталғанын жеткізді. Ол спортпен жүйелі шұғылданатын жамбылдықтардың саны 32 пайызды немесе 359,3 мың адамды құрайтынын айтты. «Облыс тұрғындары үшін қолжетімді 2590 спорт нысаны жұмыс жасайды. Спорттың әр түрі бойынша Қазақстанның ұлттық құрамасының сапына 1121 жамбылдық спортшы енген, бұл республикалық көрсеткіштің 10,3 пайызын құрайды.

Н.Жүнісбековтің айтуынша, бір жаттықтырушыға ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 42 спортшыға – ҚР спорт шебері, екі спортшыға – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, бір маманға – ұлттық спорт түрлері бойынша спорт шебері атағы берілген десек, 23 маман жоғары санаттағы жаттықтырушылар атанған.

— Токио Олимпиадасына жолдама алған дзюдошы Елдос Сметов, еркін күрес шебері Әлішер Ерғали, боксшы Әбілхан Аманқұл өңіріміздің мақтаныштары болып табылады, — деді басқарма басшысы.

Ал облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сара Мәдиеваның айтуынша, ағымдағы жылы облыстың мәдениет саласына 7,1 миллиард теңге, ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 499,4 миллион теңге бөлініп, игерілуде екен. С.Мәдиева «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 660 миллион теңгеге үш мәдени нысанның құрылысы жүріп жатқанын, ал «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы шеңберінде 139 ауылдық округте кітапханалар жанынан 202 цифрландырылған ақпараттық және коворкинг орталықтары ашылғанын айтты.

Мұнан соң облыс әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров өңірде 358 діни бірлестік пен филиал, 312 мешіт және 46 шіркеу жұмыс істейтінінен хабардар етті. 

Кездесу соңында Бердібек Сапарбаев «Egemen Qazaqstan» газетінің облыстағы меншікті тілшісі, жуырда ғана «Алтын тобылғы» әдеби сыйлығының лауреаты атанған ақын Хамит Есаманды құттықтады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділ КЕМЕҢГЕР 15:09
Латын әліпбиі деп босқа бақырдық, ә?
Сайт әкімшілігі 13:29
Керделі ауылына көгілдір отын берілді
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 09:04
Шонжыны шоңқитқан Тохтасунов Оралды да оңдырмапты
Сайт әкімшілігі 25.10.2021, 11:02
Бала тууға тағайындалатын жәрдемақыны Kaspi.kz суперқосымшасында онлайн рәсімдеуге болады
Бифат ЕЛТАЕВА 25.10.2021, 09:07
Аралас некенің бәрі бақытты бола бермейді
Еркежан АРЫН 25.10.2021, 09:06
Сағынтаев ірі көлік жолайрықтарының құрылысын жеделдетуді тапсырды

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    11:14
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01