Игі істер жалғасуда

11.08.2020, 06:35

398


Елімізде 15 шілдеден бастап ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетугебағытталған «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатыныңбастамасымен «Дәрігерлерге мың алғыс!» акциясыбастау алған болатын. Пандемия уақытында ғана емес, жалпы, адам жанына арашатүсіп жүрген дәрігерлер қауымына қандай құрмет көрсетілсе де артық емес. 

Қауіпті індетпен күресіп жүрген дәрігерлерге акция аясында облыстықмәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының  мүшесі, партия белсендісі, «Жан-Арай» ЖШСдиректоры Бағдәулет Мақашов қолдау көрсетті. Ол облыс орталығында орналасқаноблыстық медицина орталығы, қалалық аурухана, жедел жәрдем, облыстық туберкулезгеқарсы диспансері, жалпы, 1700 медицина  қызметкері мен емделушілерге төрт ірі қара сойып,арнайы ас берді. Сонымен қатар  150 литршұбат пен 150 литр қымыз және дәруменге толы жеміс-жидектер таратылды.

– Ізгі шараның негізгі мақсаты – қоғамда, өскелең ұрпақ арасындамейірімділік пен қайырымдылық қасиеттерін насихаттау, ақ халатты абзал жандарғақұрмет көрсету, олардың жұмысын бағалау, – дейді халық қалаулысы БағдәулетМақашов.

Миуа БАЙНАЗАРОВА

Қызылордаоблысы


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрай РАХЫМ 19:23
Өңірлерді дамытудың міндеті айқын
Сайт әкімшілігі 19:16
QAZFORUM-2021 басталды
Сайт әкімшілігі 09:08
Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев
Еңлік АРЫҚБАЙ 21.10.2021, 15:00
Тегің қазақ па?
Еңлік АБАҒАН 21.10.2021, 13:27
Ана мен бала өліміне кім кінәлі?
Сайт әкімшілігі 21.10.2021, 10:50
Nur Otan сайлауалды бағдарламасының 24,8% орындалып үлгерді

Аңдатпа


  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    19.10.2021, 10:30
  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31