ІІ-тоқсан: Мектепте білім алудың ережесі өзгерді

Сайт әкімшілігі

16.11.2020, 14:29

1084

Бүгіннен бастап Алматының мектептерінде 5-сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылды. Алайда өтініш білдірген оқушылардың бәрі бірдей мектепке бара алмайды. Кезекші сыныпқа барудың өз талабы бар, деп хабарлайды «Жас Алаш» "Хабар-24"-ке сілтеме жасап.

Гүлжан Көленқызы, тілші:

— Қазір біз Жетісу ауданындағы №112 жалпыға білім беретін мектепте тұрмыз. Бұл — 5 сыныптармен бірге бастауыштың кезекші сыныптары дәстүрлі форматта білім алып жатқан жалғыз мектеп. Бүгіндері мұнда 5-сыныптың 45 баласын қамтитын 4 кезекші сынып ашылған. Мұнда балалар мектептке кіре берісте арнайы дизенфекциялаушы құрылғыдан өтіп, дене қызуын өлшетеді. Айта кетсек, жалпы қала бойынша 5-сыныпта сабақ оқуға ата-аналардан 600-ден аса өтініш келіп түскен. Бірақ барлық бала кезекші сыныптарға бара алмайды. Оның өз талабы бар.

Салтанат Құсайынова, Жетісу аудандық білім бөлімінің басшысы:

— Жалпы, кезекші сыныптарға балаларды қабылдау алдында жалпы ата-аналар өтініш білдіреді. Созылмалы ауруы бар балаларды қабылдауға рұқсат етілмейді. Кезекші сыныптарда білім алу қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бойынша жүзеге асырылады. Алматы қаласы бойынша қыркүйек айынан бастап Көлсай және Сұлусай шағын аудандарында орналасқан №194 және №197 мектептерде сабақ штаттық жағдайда басталды. Енді ІІ-тоқсаннан бастап қалалық бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша төрт мектепте сабақ қалыпты жағдайда басталады. Бала саны 300-ге толмаған мектептерге рұқсат етілді.

Жалпы, қала бойынша мектептерде 1597 кезекші сыныптар ашылған, оларда 20 мыңнан астам бала білім алып жатыр.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 20:17
Түрксіб ауданының әкімін тұрғындар мәселесі қызықтырмайды
Бифат ЕЛТАЕВА 18:06
Ерікті жастардың қоғамға тигізер пайдасы көп
Сайт әкімшілігі 13:43
Елордада балалар тауарларының жәрмеңкесі 21 тамызға дейін жалғасады
Айнұр АБАЕВА 17.08.2022, 13:20
Адамға үй сыйлау – оған үміт пен болашақ сыйлау
Сайт әкімшілігі 17.08.2022, 09:30
Алматылық кардиохирургтер сирек кездесетін ақаумен туған 4 жасар қызға күрделі ота жасады
Кемел ЖАН 16.08.2022, 09:52
Радикалданған адамдардың басты белгілері қандай?

Аңдатпа


  • Түрксіб ауданының әкімін тұрғындар мәселесі қызықтырмайды
    20:17
  • Тимур қазаққа түкірді
    08:13
  • Қазынаны қанайтын емес, жарылқайтын жобаға қашан жетеміз?
    08:12
  • Шөкеевтің өтірігін әшкереледі
    08:10
  • Теңгені теңселткен рубль
    17.08.2022, 08:22