ІІМ: Тазабек полицейлерді патриотизмге үйретті

05.12.2019, 13:32

57

Ішкі істер министрлігі Мұхамеджан ТАЗАБЕКОВТІҢполицейлердің алдында оқыған даулы уағызына қатысты «Жас Алаштың» ресмисауалдарына жауап берді.  «Жас Алаштың»айналдырған нақты жеті сұрағына жалпылама жауап берген Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВбасқаратын министрлік М.Тазабек полицейлерге діни тақырыпта емес, «патриотизммен рухани адамгершілік тәрбиені арттыру тақырыбында дәріс өткізген» депті.

Әлеуметтік желідеайтыскер, «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабектіңполицейлерге дәріс оқып, уағыз айтқан даулы видеосы тараған бетте, 7 қазан күні«Жас Алаш» газеті ішкі істер министрлігіне нақты жеті сұрақ жолдаған болатын. Сонда«Жас Алаш» ішкі істер министрінен мынаны сұраған:

1. Әлеуметтік желідеайтыс ақыны, «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабековтің Қазақстандағынаразылық жиындары мен полицейлердің әрекеті туралы полиция қызметкерлерінің алдындасөйлеген видеосы  жарияланды. Әлеуметтікжеліде жарияланған кездесу қай жерде және қашан өтті? Оған қанша полицияқызметкері қатысты?

2. М.Тазабековполицейлермен кездесуге қандай мақсатпен, не үшін шақырылды?

3. М.Тазабековполицейлермен кездесуге кім ретінде шақырылды: ақын ретінде ме, қоғамқайраткері ретінде ме, «Асыл арна» телеарнасының директоры ретінде ме, әлдеуағыз айтушы тұлға ретінде ме? Ішкі істер министрлігі М.Тазабековтің қатысуыменбұған дейін қанша кездесу ұйымдастырды?

4. Ішкі істер министрлігіМұхамеджан Тазабековтен басқа, полиция қызметкерлерінің алдында мұндайдәрістерді оқуға тағы қандай тұлғаларды шақырды?

5. Полицейлерменкездесу шарасы үшін ішкі істер министрлігі Мұхамеджан Тазабековқа қанша ақшатөледі?

6. Полицейлерменкездесу жарияланған видеода наразылық жиындардағы полицейлердің әрекеті туралыМ.Тазабеков былай дейді: «Сенің жаның ашып, «ойбай, өзімнің шешем сияқты шешемекен, өзімнің атам сияқты атам екен» десең, онда сен, шынында, мына жақтағымыңдаған аталар мен апалардың тыныштығын бұзатын жағдайға есік ашып жатсың. Жанашитын жер болады. Үйіңе бар да, шешеңнің аяғын жуып бер. Әкеңнің сақалын сипапотыр. Ал бірақ көшеде қоғамның тыныштығы үшін, мемлекеттің тұрақтылығы үшін, елмен елдің қаны шықпауы үшін ана жерде приказ орындау керек».  Бұған қатысты пікіріңіз қандай?

7. Ішкі істерминистрінің орынбасары Алексей Калайчиди «М.Тазабектің даулы уағызына қатыстытексеру жүргізіп жатырмыз» деді. Тергеу нені анықтады? Оның қорытындысы қандай?

Сұрақтарымызға ойланып-толғанып, 52 күннен кейін бір-ақ жауап берген ішкіістер министрлігі М.Тазабек полицейлерге тәлім-тәрбиелік, патриоттық тақырыптадәріс өткізді, кездесуде дін тақырыбы қозғалмады депті. «Астана қаласы мамандандырылғанкүзет қызметі басқармасы қызметкерлерінің психологиялық ғылымдар докторыМ.Тазабековпен кездесу өткізу фактісі бойынша қызметтік тексеру барысында«Патриотизм мен рухани-адамгершілік тәрбиені арттыру» тақырыбында дәрісөткізілгені анықталды. Дінді насихаттайтын тақырыптар кездесуде қозғалмаған.

«Ішкі істер органдарында жүргізіліп жатқан жаңғыртушеңберінде полиция сервистік модельге көшуде, бұл халыққа тікелей өзараіс-қимыл жасауды және қызмет көрсетуді көздейді. Күн сайын азаматтармен жекебайланысқа түсе отырып, полиция қызметкерлері олардың қауіпсіздігі мен қоғамдықтәртібін қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ коммуникабельді болуға және келіптүскен сауалдарға біліктілікпен жауап бере алуы тиіс. Өзекті тақырыптардытүсіндіруге және қызметкерлердің ой-өрісін кеңейтуге бағытталған осындай кездесулермен дәрістерді өткізу – бұл полицейдің мәртебесі мен беделін арттыруғабағытталған идеологиялық жұмыстың бір бөлігі.

Ішкі істер органдарының бөлімшелерінде идеологиялық жәнетәрбие жұмыстары бойынша сабақтарды өткізуге қоғам қайраткерлері, қоғамдықпікір көшбасшылары, ғалымдар, саясаттанушылар, Қазақстан халқы ассамблеясының,жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері, сондай-ақ мәдениет және өнерқайраткерлері тартылады», – делінген ішкі істер министрлігі баспасөз қызметініңбізге жолдаған жауабында.

Сонымен, ішкі істерминистрлігінің жауабын мұқият оқып шықсаңыз, көп сұрақтың жауапсыз қалғанынбайқау қиын емес. Мәселен, ішкі істер министрінің орынбасары М.Тазабектің даулыуағызына қатысты жүргізген тексерісі немен аяқталды?  М.Тазабектің көзі ашық дінтанушылар мен қоғамқайраткерлерінің наразылығын тудырған даулы сөзіне қатысты ішкі істер министріЕрлан Тұрғымбаев не дейді? Тазабектің  алдында ата-анаңдай қарты адам тұрса да  «мемлекеттің бұйрығын орында» деген пікірінеқосыла ма? М.Тазабек полицейлерге дәрісті тегін өткізген бе, әлде министрлікоған кездесу үшін ақша төледі ме? М.Тазабек тәрізді нақты тағы басқа қандайтұлғалар полицейлерге дәріс өткізген?  «ЖасАлаштың» сауалдарына сырғытпа жауап жолдаған министрлік бұл сұрақтардың бетінжылы жаба салыпты.  

Коллаж: zhasalash.kz


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Бифат ЕЛТАЕВА 16:22
Атыраудағы зейнеткердің жанайқайы: емхана емдемейді, әкімдік тыңдамайды.
Сайт әкімшілігі 11:31
Жексенбі күні қоғамдық көліктердің жүрмейтіні мәлім болды
Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?

Аңдатпа


  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    11:36
  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57