«Іле-Алатау» ұлттық табиғи паркінің басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды – заңгер

Сайт әкімшілігі

06.12.2021, 11:07

692

«Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталған. Заңгер Бақытжан Базарбектің хабарлауынша, лауазымды тұлғалар құнды жердегі учаскелерді заңсыз жекеменшікке берген. Экобекеттерде туристер төлеген қаржыны да жымқырумен айналысқан.

«Іле-Алатау ұлттық табиғи паркі» МҰТС лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды! Ерте ме, кеш пе, қылмыстық іс қозғалады деп уәде еткенімдей, орындалды! Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Алматы облысы бойынша Өңіраралық тергеу департаменті «Іле-Алатау» ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының лауазымды тұлғаларына жер телімдерін иеліктен шығару, табиғатты қорғау мақсатында заңсыз құрылыс салу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», — деп жазды заңгер өзінің Facebook-парақшасында.

Оның сөзінше, Ұлттық парк аумағындағы жер телімдерінің 115 кадастрлық нөмірінің тізілімі жасалған. Тау бөктерлерінде ондаған демалыс үйі заңсыз салынып, рұқсаты жоқ болса да сәнді де, зәулім ғимараттар пайда болған. Оның айтуынша жер телімдерінің заңды немесе заңсыздығы турасында прокуратура мен өзге де уәкілетті органдар әлі күнге дейін баға бермеген.

«2019-2020 жылдары Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарындағы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында жер телімдерін заңсыз иеліктен шығаруына қатысты өзімнің жеке тексеруімді қалай жүргізгенім бәрінің есінде. Ол үшін Ұлттық саябақтың шекарасында орналасқан жер учаскелерінің 115 кадастрлық нөмірлерінің тізімін жасау қажет болды. Мен Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік департаментіне тексеру жүргізу және сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы өтініш бердім. Осыған дейін Ұлттық парк шенеуніктерінің әрекетінен зардап шеккен кәсіпкерлерге өтініш білдіремін. Бірігіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті қолдап, ортақ ұлттық меншігіміз, Іле-Алатауы ұлттық паркі жерлерін ретке келтіретін кез келді», — деп жазды Бақытжан Базарбек.

Тегтер: қылмыс оқиға тергеу тексеру сот

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
Билік түзелмей, ел түзелмейді
Жарас КЕМЕЛЖАН 09:25
«Қара пимадан» «ақ макасиге» дейін
Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 15:50
Күнде бір отбасыға үй әперейік!
Жарас ШӨКЕ 26.01.2022, 15:23
Қаңтар оқиғасын зерттейтін комиссия құрылды
Сайт әкімшілігі 26.01.2022, 00:00
Qantar 2022: Алматыдағы уақытша изолятордан 11 адам босап шықты
Нұрболат ӘЛДИБЕК 25.01.2022, 17:36
Сапарханның «отставкасын» қолдаған Сапарбаев өзіне келгенде неге үнсіз?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48