Іле ауданының 90 жылдығы оқушының қанымен тойлана ма?

20.10.2018, 20:41

203

Іле ауданының әкімі Бағдат ҚАРАСАЕВ мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ сөзін неге елегісі келмейді?Кеше 19 қазан күні Алматы облысына қарасты Өтеген батыр кентінде Іле ауданының 90 жылдығына арналған дайындық шарасынан кейін №13 мектептің 10 «ә» сынып оқушысы Қыдырәлі БЕЙСЕНБАЙ пышақтан қаза тапты.Іле ауданының 90 жылдығы мұғалімдер мен оқушылар үшін бас ауруға айналған. «Массовка» үшін Междуреченск, Жетіген, Байсерке, Ащыбұлақ, КазЦик, Боралдай, Қараой, Чапаев ауылдарынан 600-ден аса оқушы аудан орталығына сабыла бастады. Мәселен, 12 қазан күні Іле аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ұлжан ЖҰМАДІЛОВАНЫҢ білім бөлімінің басшысы Ләззат ҚАТКЕЕВАҒА жіберген ресми нұсқауы да бар.Шенеуніктің бұйрығы бойынша бойлары 1 метр 65 сантиметрден асатын жалпы саны 640 оқушы(!) арнайы киіммен той дайындығына келуі керек. Сонда Іле ауданының әкімі Бағдат ҚАРАСАЕВ өткізуге тиіс тойға ата-аналар өз қалталарынан ақша шығару керек пе?Іле ауданында кәсіпорындар көп, Алматы іргесіндегі ең бай аудандардың бірі. Сонда ондағы шенеуніктер сабақ кезінде оқушылар мен мұғалімдерді неге заңсыз алаңға қуалайды? Мұғалімдердің еңбек шарттарында ауданның тойына оқушы тасу міндеттелген бе?«Кеше 10-сынып оқушысының жүрегінен пышақ тығып өлтіргенін естідік. Ата-аналардың «уатсабындағы» «чатында» бұл ақпарат тарап жатыр. Әкімдік оқушыларды тасуға көлік қамтамасыз етпеген. Тәртіпті қараған полиция да болмапты дегенді естідік. Мұғалімнің ең бірінші қызметі сабақ беру. Ал оқушыларды біз тек білім алуға жібереміз. Әкімдік әртістерді жалдап өткізетін тойларын өздері өткізбей ме?», — дейді Айнұр есімді Өтеген кентінің тұрғыны.Қазір оқушы Қыдырәлі Бейсенбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалыпты. «Жас Алаш» тілшісімен сөйлескен Алматы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің бастығы Көбей НҰРАХМЕТ бүй дейді:«Қылмыс кеше болды. Кешкі уақытта. Қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары басталып кетті. Күдікті ұсталып, уақытша тергеу абақтысына қамалды. Істі Іле аудандық ішкі істер басқармасы жүргізіп жатыр. Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің бақылауында», — деді Көбей Нұрахмет.  Президент Нұрсұлтан Назарбаев 5 қазан күнгі жолдауында ұстаздардың мәртебесі жөнінде сөз қозғаған еді. «Педагогтардың мәртебесі» туралы заң қабылдау керектігін айтып, мұғалімдерді артық жұмыстан босату керектігін нықтап айтқан еді. Алайда тойға басы кеткен Іле ауданының басшылары мемлекет басшысының сөзін елер емес. Бұл істі облыс әкімі Амандық БАТАЛОВТЫҢ өзі қолға алып, аудан әкімдеріне шектеу қоймаса, жергілікті шенеуніктер оқушыдан «массовка» жасауын тоқтатпас.Міне, бозбаланың қыршыннан қаны төгілді. Осыдан кейін аудан әкімі Бағдат Қарасаев 27 қазан күні Іле ауданының 90 жылдығын қалай тойлайды екен? 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 30.07.2021, 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 30.07.2021, 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 30.07.2021, 09:00
Ей, енді не істейміз?
Дарын ЗАМАНБАЙ 29.07.2021, 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15