Иманғали Тасмағамбетовтің Қазақстан халқына үндеуі

Сайт әкімшілігі

10.01.2022, 10:36

1232

Мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан халқына  арналған үндеу жариялады,-деп хабарлайды «Жас Алаш»

Ағайындар, бауырлар, азаматтар!

Осынау қаңтардың қаһарлы күндері елімізде, оның ішінде айналайын ақ Алматымыздың басына түскен қаралы күндері орын алған дүрбелеңде Өздеріңізге үн қатуды азаматтық парызым деп білемін.

Өкінішке орай, осы күндері қаза тапқан азаматтар аз емес. Олардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Имандары жолдас болсын.

Сөз жоқ, біздің ел ежелден еңбек пен ерлікті, жігер мен ерікті ту еткен текті халық. «Бас кеспек бар болса да, тіл кеспек жоқ» деп өз тілегін тілімен, сөзімен жеткізген жұрт. Сондықтан да бұл күндері кей өңірлерде басталған шерулер бейбіт сипатта, әділетті талаппен болды.

Десе де, арнайы дайындалған арандатушылар мен содырлар жағдайды пайдаланып кетті. Нәтижесінде, «Тәуелсіздіктің тал бесігі» саналатын алып шаһарды қантөгістің алаңына айналдырды. Бұл жәй ғана қылмыс емес. Бұл жауыздық! Отанға, Тәуелсіздікке жасалған опасыздық! Қарапайым азаматтарымызға жасалған қатігездік!

Мұндайда ел болашағы үшін жауапкершіліктің ауыр жүгі Мемлекет басшысының мойнында. Ал дәл қазір Президент әр азаматтың, әр отбасының, тұтас қоғам қауіпсіздігінің жалғыз кепілі!

Осы орайда, мен барша қазақстандықтарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсетуге шақырамын!

Біз қай жерде туып, қай өңірде жүрсек те бір атаның баласымыз. Қарға тамыр қазақпыз!

Мен күшті де қуатты, әсем де әлеуетті мемлекеттің ертеңіне сенемін!

Аман болайық! Ел бірлігі мен берекесін сақтайық, ағайын!

Тегтер: митинг Жаңаөзен Алматы Ақтау Атырау Маңғыстау Қызылорда Қарағанды Орал газ көгілдір отын құқық қоғам

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 05.08.2022, 09:24
Жұмыссыздықты төмендету - жастар саясатының басым бағыты
Сайт әкімшілігі 05.08.2022, 09:00
Мектеп формасының құны 25-30% қымбаттады
Әділ АҚЫЛБАЙ 05.08.2022, 08:28
"Жасыл Қазақстан": Су ресурстарын басқару жөніндегі жобаның берері мол
Сайт әкімшілігі 04.08.2022, 16:28
Шолақайдағы жантүршігерлік оқиға: күдікті туралы деректер айтылды
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 15:30
Қашықтан оқыту енгізілмейді
Сайт әкімшілігі 03.08.2022, 14:30
Қазақстанның солтүстігі Ресейге қосылуы керек деп мәлімдеген ерлі-зайыпты 5 жылға сотталды

Аңдатпа


  • Ұлттық банк пен Үкімет қымбатшылықты құрықтауға неге қауқарсыз?
    08.08.2022, 08:49
  • Баспана аспандады, азық-түлік шарықтады, үкімет өз жөнімен қалықтап жүр...
    05.08.2022, 09:17
  • АЭС-тің арты жақсы бола ма?!
    04.08.2022, 08:55
  • «Қазақстан халқына» қорынан халыққа пайда бар ма?!
    03.08.2022, 08:59
  • «Аллаһу акбар деп айқайлаған»: Жамбыл облысында сотталушы түрменің үш қызметкерін жаралады
    02.08.2022, 08:47