Импорттың боданынан қашан құтыламыз?

Айжан БҮРКІТБАЕВА

03.12.2020, 17:08

925

2014 жылы Ауыл шаруашылығы экс-министрі Асылжан Мамытбеков 2020 жылға қарай Қазақстанда азық-түлік импорты азаятындығын мәлім еткен еді.  «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес сүт өнімдерінің импорты 31-ден 10 пайызға, ет 55-тен 10 пайызға, жеміс-жидек консервасы 20 пайызға дейін қысқарады,  "Қазақстан 90 пайыз өзін-өзі отандық азық-түлікпен қамтиды" деп жоспарлаған бұрынғы министрдің болжамы іске аспады. Себебі, 2021 жылға аяқ басқалы тұрған еліміз әлі де импорттың бодандығынан босай алған жоқ.

Бұл туралы экономист Мақсат Халық үкіметтің ұялшақтығы импорттан бас тартуға кедергі болып отырғанын айтады:

– Азық-түлік саласында Қазақстан әлде де өзін-өзі қамтамасыз ете алмай отыр. Ең маңыздысы, бізде азық-түлік қауіпсіздігі дұрыс сақталмай келеді. Ол импорттан келетін тауарлардың көп болу салдарынан. Сырттан келетін тауарларда табиғи өнімдер үлесінің аз болуы мен құрамында ГМО бар өнімдердің көп болуы жиі кездеседі. Бізде жай ғана жеміс-жидек, көкеніс, кепкен жемістің өзін сырттан алдырамыз. Осы жазда ғана бір досым базардан Африкадан келген картоптарды көріп, «біз, ең болмаған да, картопты өзіміз өндіре алмаймыз ба? Бұл не деген сұмдық», — деп айтқан. Бұл – бақылаусыздық. Еуропадағы қай мемлекетті алып қарасақ та, дәл осы азық-түлік саласы бойынша сырттан өнім кіргізбейді. Қанша жерден «Дүниежүзілік сауда ұйымында» болсын, қанша жерден интиграциялық келісімдері болсын сонда да олар өздерін-өзі толық азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Қарапайым ғана сүт өнімдерінің өзін өз фирмаларында өндіріп, таратады. Бізде өкінішке қарай, дәл осы процесс дұрыс жолға қойылмай келеді. Біз бұл мәселені талай жерде көтеріп келеміз. Бірақ, бір мәселе импорттан келетін өнімдердің бағасы арзан болғандықтан соларға тәуелді болып отырмыз. Қазақстан «Дүниежүзілік сауда ұйымы», «Дүниежүзілік Еуропалық одақтағы» келісімдері аясында импортқа шектеу өқоя алмаймыз дейді. Себебі, ұйым комиссиялары «өзінің ішкі нарығын қорғап жатыр» деген желеумен бізді кінәлауы мүмкін деп жатады. Бірақ, импортты алмастыра алатын отандық өнімдер болса, онда шетелден қауіпсіздігі төмен өнімдерді алдыртып қажеті жоқ. Қазіргі уақыт әлемдегі интеграциялық бірлестікті ойлайтын уақыт емес, бірінші кезекте ішкі нарықты, отандық өнім өндірушілерді қолдайтын уақыт», – дейді экономист.  

Қазақстанға мал еті мен құс еті – Ресей, АҚШ, Украина елінен, Күнбағыс майы – Тәжікістан, Германия, АҚШ-тан, макарон өнімдері – Ресей, Қытай, Италия, тіпті сүт өнімдерінің өзі – Ресей, Қырғызстан, Франциядан әкелінеді.

Еліміз індет ілмегіне ілінген тұста халық дүкен сөрелерінен азық-түлікті жаппай сатып алу процесін бастап кеткен еді. Сол тұста үрейлі үкімет азық-түлік бағасын бағындыра алмай әлек болған. Бұл көрініс те халықтың отандық өндісірке деген сенімсіздік байқатса керек. 

Тегтер: импорт нарық халық сауда

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:15
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Сайт әкімшілігі 09:58
Зейнетақыны Kaspi Gold картасына алу жеңілдей түсті
Ермек МҰҚАНҒАЛИЕВ 09:03
Ұлы даланың болашаққа жеті арманы
Бифат ЕЛТАЕВА 09:02
"Мен қазақ қыздарына қайран қалам"
Қуаныш ЕРМЕКОВА 16.10.2021, 15:38
Балаға қамқорлық - болашағымызға жасалған жақсылық
Нұрай РАХЫМ 16.10.2021, 14:34
«Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасынан үміт көп

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29