25.09.2020, 03:21
1340
Денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады.
Министрліктің хабарлауынша, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 515 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 40 өскіншек бала бар. Стационарларда 1 804 науқас жатыр. 1 711 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
«Жалпы науқастардың арасында 98 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», — деді министрлік.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР