Инстаграмның жетегінде кетпейік

Бифат ЕЛТАЕВА

03.12.2021, 11:30

885

Заман ағымымен жаңа әлеуметтік желілер пайда болғалы өзіміздің шынайы өмірімізден айырылдық. Соның ішінде инстаграм желісі көпшіліктің көңілін өзіне аударғандай. Себебі инстаграм сәнді, ерекше әлемге толы болғандықтан, жастардан бөлек, үлкен кісілердің өзі осы әлемжеліде отырады. Демек, 19 млн халықтың 60 пайызға жуығында инстаграм парақшасы бар. Ондағы әдемі, уайымсыз өмірден бақытсыз адамды көрмейміз.

  Күнделікті өміріміз тек жұлдыздар мен блогерлердің өмірін бақылаумен өтеді. Өз өмірлерін өзгелерге жалған мақтанышпен керемет етіп көрсетіп, тапқан табысы тамағына ғана жететін, күйбің тіршіліктен шаршаған жандар әдемі суреттерге алданып, өз өмірлеріне деген көңілдері толмай, ызасы келеді. Әрине, әдемі кафе-ресторандар, шетелдегі саяхаттар, кең сарайдай үйлер, сәнді киім мен соңғы үлгідегі телефондар мен қымбат көліктеріне қарап, оның өмірінде «қалай өмір сүремін» деген уайым жоқтай сезінесің. Шынында, ондай өмір адамды бақытты, ақылды, ешқандай проблемасы жоқтай етіп көрсетеді. Осыдан кейін бала күтімімен үйде отырған әйелдердің, өлместің күнін көріп жүргендер осындай алдамшы өмірге сеніп, депрессияға түсіп жатады. Соңы отбасылық жанжалға да ұласуы мүмкін. Сол жұлдызсымақ блогерлерге еліктеп, барымызды салып, мақтанып жатамыз.

  Лайк жинаудан жарысып, жұрттың пікірін санамалап, соның әсерінен біресе қуанып, біресе уайымдап, жүйкемізді тоздырып жіберетініміз рас. Тіпті инстаграмның кесірінен «неге менің өмірім инстаграмдағыдай емес, маған бұл өмірдің не керегі бар» деп, өмірден түңіліп кететіндер де аз емес.

Ал шын мәнінде инстаграмдағы өмір біз ойлағандай аса бір керемет емес. Онда отырған жұлдыздардың жартысынан астамы шалқыған байлықта өмір сүріп жатқан жоқ. Олардың арасында жарнаманың арқасында жарқырап киім киіп, пәтер жағалап жүргендер де кездеседі. Өз өміріне бояу қосып, иллюзиямен өмір сүретіндер. Олардың да өмірлерінде небір қиындықтар болып жатады. Бірақ оны ешкімге көрсетпейді. Яғни жалған өмір сүрушілер. Сол үшін иллюзияға алданып, депрессияға түсуіміздің қажеті жоқ. Осыған қатысты психолог Күлмәш Ғалымжанқызы: «Өмірден түңілген жандарға айтарым, аяқ-қолыңыз балғадай, көзіңіз көреді, құлағыңыз естиді, өмір бір-ақ рет беріледі, сізді сүйетін, құрметтейтін адамдар бар, өзіңіздің жасаған жақсылықтарыңыз өте көп, артқа бір көз тастап көріңізші, сіздің көмегіңіздің арқасында өмір сүріп, жайнап жүрген адамдар қаншама… Сүріндіңіз бе, орныңыздан тұрыңыз, жиналыңыз, сізге біреу бәрін дайындап бермейді, өйткені ол – сіздің өміріңіз. Өзіңізге өзіңіз ғана көмектесе аласыз», – деп жастарға жігер береді.

  Нағыз шын өмір деп – ауылдың боямасыз, қарапайым тіршілігін айтуға болады. Қалаға оқуға кеткен баласының оқу ақысын төлеу үшін күні-түні мал бағып, жыл сайын егін егіп, маңдай терімен еңбек еткенін айтуға болады. Ауылда жалақы төмен болғандықтан, қосымша мал бағып, егін егіп, табыс тауып жатқандар ғана тіршілігін күйттей алады. Ауылда қаладағыдай қыдыратын керемет жерлер аз болғандықтан, амалсыз интернеттегі қаланың жылтыраған өмірін көріп, соған қызығып отырады. Инстаграмдағы керемет өмірді көре отырып, соңы жастардың қалаға үдере көшуіне ұласады. Ақырында ауылдың аңғал жастары қаланың ащы өмірін көріп, тағдырлары қиындап, ұлдары қылмысқа, қыздары жеңіл жүріске қалай салынып кеткенін білмей жатады. Қалаға тек нағыз білім қуып, еңбектеніп, арман қуғандар ғана жанашыр үлкендердің жөн сілтеуімен бейімделіп кетері белгілі.

  Осы орайда, қалаға келген жастардың сағы сынбау үшін мемлекет пен қоғамнан, көреген кісілерден қолдау мен дұрыс бағыт-бағдар қажет. Жетістікке тек адал еңбек, маңдай термен ғана жете алатынына көз жеткізуге көп күш жұмсалса, бүгінде қажырлы, қайратты жастар қатары көбейіп, сағы сынып, тағдыр тәлкегіне тап болғандар мен мына өмірден баз кешіп кететіндердің саны азаяр еді.

Тегтер: әлеуметтік желі мәселе қоғам

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 15:50
Күнде бір отбасыға үй әперейік!
Жарас ШӨКЕ 15:23
Қаңтар оқиғасын зерттейтін комиссия құрылды
Сайт әкімшілігі 00:00
Qantar 2022: Алматыдағы уақытша изолятордан 11 адам босап шықты
Нұрболат ӘЛДИБЕК 25.01.2022, 17:36
Сапарханның «отставкасын» қолдаған Сапарбаев өзіне келгенде неге үнсіз?
Сайт әкімшілігі 25.01.2022, 17:23
Зейнеп Ахметова:"Бауыржан Момышұлы 4 күн бойы жерленбей жатып қалды"
Ермек Мұқанғалиев 25.01.2022, 11:46
Қазақ қайткенде ұлттық болмысын сақтап тәуелсіз ел болып қала алады?

Аңдатпа


  • Байлар 30 жыл «жиып-тергенін» «Қазақстан халқына» қия ма?!
    20.01.2022, 08:50
  • Біреуге бас қайғы, біреуге «мал» қайғы
    20.01.2022, 08:49
  • Алматыны «терроризм астанасы» етпек болды
    20.01.2022, 08:48
  • Қазақстанда билік төңкеріледі - үндістандық көріпкел Арченаның айтқаны келді
    19.01.2022, 00:00
  • «Аш адам ұрысқақ келетінін» ұмытпасақ екен...
    19.01.2022, 08:48