Интеллектуалды волонтерлік қоғам санасын жаңарта алады

Еркежан АРЫН

16.07.2021, 11:10

139

«ITeachMe құзыреттілікті дамыту орталығы» қоғамдық қоры мүгедектерді әлеуметтендіруге және қоғамға интеграциялауға, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді, бұл оларды жұмыспен және қаржылық тәуелсіздікпен қамтамасыз етеді. Қор мүмкіндігі шектеулі қазақстандық жастарды IT саласына тартады және олардың бірегейлігіне сенуіне көмектеседі. «Қордың басты мақсаты – қоғамның санасын өзгерту, аяғы жоқ немесе нашар көретін адам сауатты да сұранысқа ие маман бола алатынын көрсету» деп түсіндіреді қоғам белсенділері.

Қордың идеялық шабыттандырушысы Захира Бегалиева: «Мен мүгедекпін және өзімнің мысалыммен күн сайын медициналық диагнозға қарамастан, өз өмірімізді жарқын әрі қызықты ете отырып дами алатынымызды, жұмыс істей алатынымызды және қоғамға пайда әкелетінімізді дәлелдей аламын», – дейді.

Үш жыл бұрын З.Бегалиева мүмкіндігі шектеулі жастарды оқыту бойынша жоба құру идеясын ұсынды. Ол қолжетімділігіне байланысты өзінің назарын IT саласына аударуға шешім қабылдады. «Біріншіден, біздің қалаларымызда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылыммен байланысты қиындықтар бар, екіншіден, еңбек нарығында IT-біліктер ең көп сұранысқа ие», – дейді ол.

ITeachMe-нің үшжылдық жұмысы ішінде жобаның төртінші маусымы сәтті аяқталды. Ал бүгінгі күні қордың мақтануға болатын жетістіктері бар. Жалпы алғанда, бағдарламадан 100-ден астам адам өтті, бұл – ІТ дағдыларын үйрету және мүгедектігі бар адам үшін өте маңызды, әр адамның бойында софт-дағдыларды дамыту.

Қор өкілдері жұмыс істеген 100 адамның 37-сі жұмысқа орналасып, тағы сегіз адам кәсіпкер болды, 14-і фрилансингтен өз орнын тапты, 21-і компанияларда тағылымдамадан өтіп жатыр. Қорда сонымен қатар түлектер қауымдастығы бар, олар оқу бітіргеннен кейін де ITeachMe өміріне қатысады – қор қызметі туралы ақпаратты таратып, әлеуметтік роликтер жазуға көмектеседі. «Барлығы ITeachMe-нің отбасы екенін біледі, егер олардың кез келгені көмекке мұқтаж болса, олар әрдайым бізге хат жаза алады немесе қоңырау шала алады және біз міндетті түрде көмек қолын созамыз», – деді Бегалиева.

Аталмыш қордың қызметі мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуге ғана емес, әлеуетті жұмыс берушілермен де көптеген жұмыстар жүргізілуде. ITeachMe-дің мақсаты – қоғамның санасын жаңарту, мүгедек адамның құнды қызметкер және маман бола алатынын дәлелдеу.

– Біз әлеуетті серіктестеріміз бен жұмыс берушілеріміз үшін тренингтер, мастер-кластар, конкурстар өткіземіз, бизнес-құрылымдардың толерантты және әлеуметтік-жауапты өкілдерінің қоғамдастығын құрамыз, сонымен қатар «интеллектуалды волонтерлік» тенденциясы бойынша тығыз жұмыс істейміз, мұнда әртүрлі спикерлер, өз ісінің шеберлері біздің қор

мүшелерімен және серіктестермен тәжірибе алмаса алады. Бізбен жақсылық жасағысы келетін кез келген адам әрқашан бізбен, көпшілікпен байланыс жасай алады, біз серіктестікке әрқашан ашықпыз, – дейді қор өкілі.

IТeachMe-нің бесінші маусымы басталған кезде – 2021 жылы ITeachMe курстардың ауқымын көбейтті, егер бұған дейін олардың үшеуі болса, қазір бесеу. Яғни қазір бейнесабақтар, курстар құру бойынша жұмыс қарқынды жүруде. Қор үлкейіп, қызметкерлер мен жобалық топтардан басқа, жақсылықпен айналысқысы келетін қамқор адамдар көбейіп келеді

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АБАҒАН 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Елеусіз МҰРАТ 03.08.2021, 09:20
Еріккеннің ермегіне айналған әлеуметтік желіге тәртіп керек
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58