01.10.2019, 09:20
80
Алматыдағы «Дәрігерлер ісіне» полиция департаменті басшысы, генерал-майорСерік КҮДЕБАЕВТЫҢ қатысы жоқ. Тергеуді экономикалық тергеу қызметі жүргізген.Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ мәлімдеді.
«Біріншіден, ішкі істер министрлігі, Серік Күдебаевтың ұлы жұмысістеген прокуратура, тергеу жүргізген жоқ. Тергеуді үшінші орган жүргізді,бұл Экономикалық тергеу қызметі. Министрлік, прокуратура тарапынан қысымкөрсету болған емес. Осы орган өздігінен шешім шығарды, ал санкцияны сот береді»,- деді министр.
Марқұм НұрсұлтанКҮДЕБАЕВ прокуратура қызметкері болғандықтан тергеу үшінші органға берілгенекен. Яғни Серік Күдебаев басшылық ететін полицияға да бұл істі қарауға тыйымсалынған. Министрдің сөзімен айтқанда «тергеу ісіне мүдделі қызметкерлер болсаісті үшінші құқық қорғау органына береді екен.»
Оқи отырыңыздар: «Генералдыңұлының өліміне күйеуім кінәлі емес»
Естеріңізге салакетейік, Алатау ауданы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміненкейін №2 аурухананың бас дәрігері Қанат ТЕЗЕКБАЕВ пен анестезиолог АсқарТҰҢҒЫШБАЕВ қамауға алынған болатын. Президент Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢараласуынан кейін олар босатылды.
Оқи отырыңыздар: Күдебаевісі: Анестезиолог қолхатпен түрмеден босап шықты
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР