Ішкі істер министрлігі Тазабекті «таба алмады»

18.11.2019, 20:45

5

Мұхамеджан ТАЗАБЕКТІҢ полицейлердің алдында оқыған даулыуағызына қатысты «Жас Алаштың» ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдағанына42 күннен асты. Бірақ министрлік біз жолдаған айналдырған алты сұраққа сол бойыжауап бермеді.

Айтыс ақыны һәм «Асыларна» телеарнасы директорының қазан айында полицейлерді митингілер кезіндемемлекет бұйрығын бұлжытпай орындауға шақырған видеосынан кейін, 7 қазан күніішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне министр Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВТЫҢ атына мынандайсұрақтар жолдаған едік:

1.Әлеуметтік желідеайтыс ақыны, «Асыл арна» телеарнасының директоры Мұхамеджан Тазабековтің Қазақстандағынаразылық жиындары мен полицейлердің әрекеті туралы полиция қызметкерлерініңалдында сөйлеген видеосы  жарияланды.Әлеуметтік желіде жарияланған кездесу қай жерде және қашан өтті? Оған қаншаполиция қызметкері қатысты?  М.Тазабековполицейлермен кездесуге қандай мақсатпен, не үшін шақырылды?

2. М.Тазабековполицейлермен кездесуге кім ретінде шақырылды: ақын ретінде ме, қоғамқайраткері ретінде ме, «Асыл арна» телеарнасының директоры ретінде ме, әлдеуағыз айтушы тұлға ретінде ме?

3. Ішкі істерминистрлігі М.Тазабековтің қатысуымен бұған дейін қанша кездесу ұйымдастырды?

4. Ішкі істерминистрлігі Мұхамеджан Тазабековтен басқа полиция қызметкерлерінің алдындамұндай дәрістерді оқуға тағы қандай тұлғаларды шақырды?

5.Полицейлерменкездесу шарасы үшін ішкі істер министрлігі Мұхамеджан Тазабековке қанша ақшатөледі?

6. Полицейлерменкездесу жарияланған видеода наразылық жиындардағы полицейлердің әрекеті туралыМ.Тазабеков былай дейді: «Сенің жаның ашып, «ойбай, өзімнің шешем сияқты шешемекен, өзімнің атам сияқты атам екен» десең, онда сен шынында мына жақтағымыңдаған аталар мен апалардың тыныштығын бұзатын жағдайға есік ашып жатсын. Жанашитын жер болады. Үйіңе бар да, шешеңнің аяғын жуып бер. Әкеңнің сақалын сипапотыр. Ал бірақ көшеде қоғамның тыныштығы үшін, мемлекеттің тұрақтылығы үшін, елмен елдің қаны шықпауы үшін ана жерде приказ орындау керек».  Бұған қатысты пікіріңіз қандай?

21 қазан күні ішкіістер министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласқанымызда, олар «Сұрақтардыалдық, әлі де тексеріп жатырмыз, жауабын кейінірек айтатын боламыз» депқайырған.

БАҚ туралы заңның18-1-бабы бойынша, уәкілетті орган журналистің жабаша сұрағына асып кетсе 15күннің ішінде жауап беруі тиіс. 15 күн түгіл, бір айдан асып кетсе де,министрліктен жауап келмеген соң, 13 қараша күні баспасөз қызметіне қайтахабарластық. Бұл жолы баспасөз қызметінің қызметкері Жұмагүл Үмбетбайқызы «жауаптардыәлдеқашан жіберіп қойдық, бірақ жауаптың көшірмесі бізде сақталмапты» депқайырды. Бірақ ішкі істер министрлігінен сонша сарыла күткен жауап біздіңэлектронды поштаға мүлде түспеген болып шықты. Ресми жауаптың көшірмесінсақтамайтын министрліктің баспасөз қызметіне өзінің электронды поштасынан жіберілгенхаттар тізімінен бізге жолдаған жауапты тауып, қайта жолдауды сұраған едік. Қиыласұраған өтінішімізге «қарап көрейік» деген баспасөз қызметі 18 қараша күнібізге жіберген жауапты мүлде таппағанын айтып ақталды. Басқа-басқа, бірақ ресмиорганның қазіргі ақпараттық технологиялар заманында бізге жіберген жауабынтаппай қалыпты дегеніне кім сенеді?

Мәселені жылы жауыпқоя салмай, ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әйгерім ОРАЗАЛИЕВАханымға үш күн бойы телефон соқтық. Қауырт шаруамен жүр ме, әйтеуір баспасөзхатшысы таңертең де, түсте де, кешке де телефон тұтқасын көтермеді.

«Ішкі істерминистрлігі ресми сауалға уақтылы жауап бермей, заңды бұзып отыр» депЕ.Тұрғымбаевтың кеңесшісі Нұрділда ОРАЗ мырзаға телефонмен айтып та, жазып тажібердік. Бірақ одан да қайыр болмады.

Біз М.Тазабектіңполиция алдында оқыған дәрісіне неге соншалықты шұқшиып, қайта-қайта қаузапотырмыз? Себебі М.Тазабектің құқық қорғау органдарының алдында сөйлеген күмәндісөзі былайғы жұртты ғана емес, көзі ашық қоғам қайраткерлері мен дінтанушылардынаразы етіп, шу тудырды. Сондықтан жұртты даурықтырған М.Тазабекті ішкі істерминистрлігі қалай төріне шығарып, дәріс оқытты деген сұрақтың қойылуы заңдылық.Оның үстіне ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди «М.Тазабектіңдаулы уағызына қатысты тексеру жүргізіп жатырмыз» дегенді 10 қазан күні айтыпқойған.

Сонда ішкі істерминистрлігі неліктен М.Тазабекке қатысты сұрақтарымызға жауап беруге құлықсыз?Әлде министрлік полицияға ақыл айтқан М.Тазабекті таппай жүр ме? Әдетте митингіденүш-төрт күн бұрын азаматтық белсенділерді үй түгіл, даладан тауып алып, полициябөлімшесіне желкелеп апаратын ішкі істер министрлігі, қалап жатса, «Асыларнаның» директорын да дәл солай іздеп тауып, жауап ала алатыны белгілі. Әлде  Ерлан Тұрғымбаев мырза қитығына тиетінмәселені жылы жауып қойып, үнсіз құтылғысы келе ме екен?


Фото: http://anatili.kazgazeta.kz/

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 14:47
Атырауда блок-бекеттердің неге қойылғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:26
Министр темекі шегетін орын қандай болуы керектігін айтты
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 10:07
Денсаулық сақтау министрі халықаралық әуе рейстерін шектеуді ұсынды
Сайт әкімшілігі 30.09.2020, 09:30
Телефонын қуаттаймын деп қайтыс болды
Еркежан АРЫН 30.09.2020, 00:40
52 миллиард теңге: Қазақстандағы экономикалық қылмыстан келген шығын
Амангелді СЕЙІТХАН 29.09.2020, 11:05
Атамекенім қайда екен?

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16