Ішкі істер министрлігі жолда абай болуды ескертті

Сайт әкімшілігі

13.01.2021, 09:45

845

Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға ауа-райының нашарлауы туралы ескертіп, жолда абай болуды, қала маңындағы жолдарға шықпауды өтінді, — деп хабарлайды «Жас Алаш» рolisia.k-ке сілтеме жасап.

ІІМ13 қаңтарда Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарында ауа-райының нашарлауы мүмкіндігін еске салады.

Ішкі істер министрлігі аталған аймақтардың тұрғындарына ұзақ сапарға жүрмеуді ұсынады және жүргізушілерге қауіпсіз жылдамдық пен автомобильдер арасындағы қашықтықты сақтау керектігін ескертеді.

Тек екі күн ішінде (10-11 қаңтар) Қазақстан жолдарында 35 жазатайым оқиғалар тіркелді, онда жеті адам қайтыс болды, 50 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Қар құрсауынан полиция 30-дан астам көлікті эвакуациялады.

Естеріңізге сала кетейік, 13 қаңтарда Қазақстанның бірқатар облыстарында дауылды ескерту жарияланған болатын. Қостанай облысында бірінші ауысым оқушылары қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.

Бұған дейін қарағандылық полицей жүргізушілерге қала маңындағы жолдарға шықпау туралы өтінішпен видео хабарлама түсірген болатын. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.01.2021, 11:31
Бір жарым мың адам коронавирус жұқтырды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 16:45
Министрлікте жаңа лауазымдар пайда болды, оларды бұрынғы жауапты хатшылар иеленді
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 15:50
Әділет министрлігі 2,1 миллиард доллар көлемінде Қазақстан мүддесін қорғады
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 14:30
Онлайн петиция беру үшін "тыйым салынған" тақырыптар белгілі болды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 13:36
«Nur Otan» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры тағайындалды
Сайт әкімшілігі 22.01.2021, 12:30
Мұздатқыштағы сәби өлімі: дәрігерлер неге сот үкімімен келіспейді?

Аңдатпа


  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32
  • "Сатаев - саудагер, бас серіктес - Райымқұлова"
    19.01.2021, 10:30