Ислам Әбішев ісі: «Параны ...қорыққанымнан бергім келді»

01.11.2019, 15:00

94

Астанадағы ауданаралықсотта қаралып жатқан экс-шенеунік Ислам ӘБІШЕВ пен Серік ТҮКИЕВТІҢ ісі бойыншакуәгер Азамат ШАЙМЕРДЕНОВТЕН бүгін кезекті рет жауап алынды. Сот отырысының басында адвокат АбзалҚҰСПАН өз қорғауындағы Ислам АЛМАХАНҰЛЫНЫҢ кеше соттан кейін жүрегі қысылып,қалалық ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек алғанын айта келе, алдағыуақытта тергеу изоляторында жатып ем қабылдау үшін өтініш берді. СудьяҚ.МЕКЕМТАС өтінішті қабылдаған соң, куәгер ШАЙМЕРДЕНОВКЕ адвокаттар іс бойынша сұрақтарын қойды.

Куәгер бұл жолы да қойылған сұрақтарға ашық жауап бермеді. Серік ТҮКИЕВТІҢ адвокаты ЕрланМӘКЕНОВ ШАЙМЕРДЕНОВКЕ іске қатысты сауал қойғанда, прокурор СҮЛЕЙМЕНОВ оның сөзін бөле берді.Осыдан кейін судья адвокат пен прокурорға сөз жарыстырып қалғандары үшін ескерту жасады.

  – Мен Әбішевке параны «СМП610»  ЖШС-не қатысты келісімшартқа қол қоймай ма депқорыққанымнан бергім келді. Оның үстіне ол маған қысым көрсетті.  Бұрын қаржы полициясында жүргенде мұндайістерге араласып көрмегем,– деп қысқаша жауап берді АзаматШАЙМЕРДЕНОВ.

 Өзкезегінде айыпталушыӘбішев пен Түкиев куәгерге сұрақтар қойғанымен, куәгер әдетінше жауап бермей  «ұмытып қалдым, білмеймін» деумен шектелді. Мысалы, Ислам ӘБІШЕВ жыл басында жүздескен күндерін атап,арасында болған әңгімені мысал ретінде келтіріп, «мен сол кезде сенен ақшасұрадым ба» дегенде «есіме түсіре алмаймын» деп жауап қайтарды.Серік ТҮКИЕВ «Monaco» қонақүйінде кездескен сәттеріндегі сөздер декуәгердің есінде болмай шықты.

Осы жағдайдан соң адвокаттар  «сотқа жауап беруден жалтарды»  деген айыппен азаматқа жаза қолдануды өтінді.

Кешегі сотта өзін атып өлтірген азамат Өмірбек ЖАМПОЗОВТЫҢбаласы Асылжан ЖАМПОЗОВ жауап беруге келіп, тергеушілерден  қысым көргенін айтқан еді.

Оқи отырыңыз:  Әбішевісі: Асылжан Жампозовқа қысым көрсетілген

Ал 28 қазан күні Шаймерденов сот төрағасына «Ислам ӘБІШЕВТІҢ адамдары маған қауіп төндіріп жүр» деп шағым жасаған еді. Адвокаттар бұл арызды сотқа қабылдамауды өтініп, оның үстіне куәгер осылай жауап бермей жүре берсе,  қылмыстық істі қарау 1 айсыз аяқталмайтынына тоқталды. Судья өтініш-шағымдардың жауабын кейін жариялайтынын мәлімдеді.

Келесі сототырысы 6 қараша күні жалғасады.

Естеріңізге сала кетсек, су ресурстары комитетініңбұрынғы төрағасы 63 жастағы Ислам ӘБІШЕВКЕ 60 миллион пара алуға оқталды дегенайып тағылған.

Ислам ӘБІШЕВ 2012 — 2013 жылдары және 2014 жылдан 2019 жылдың наурызына дейін ауыл шаруашылығыминистрлігіне қарасты су ресурстары комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 24.02.2021, 16:40
Зарығып күткенмен әлеуметтік тұрғын үй беріле ме?
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 13:45
Қаражат жымқырған мәйітхана директорына қатысты тергеу аяқталды
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 12:00
Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әшкере болды
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 10:07
Батпаққа батқан Алғабас тұрғындары әкімдіктен көмек сұрайды (видео)
Сайт әкімшілігі 24.02.2021, 09:49
Үлкен Алматы маңында ағаштар неге кесіліп жатыр?!
Сайт әкімшілігі 23.02.2021, 17:12
Nur Otan елорда, Алматы және Шымкент тұрғындары үшін не істемек?

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51