"Ислам Әбішевті 97 мыңға қонақ үйге орналастырдым"

16.10.2019, 02:09

4

Бүгінастанада ауданаралықмамандандырылған сотта қаралып жатқан Ислам ӘБІШЕВ пенСерік ТҮКИЕВ ісі бойыншакуәгерлер тыңдалды. Алғашқы сот отырысына қарағанда адам аз жиналған кезектіотырыста бұрын Ислам АЛМАХАНҰЛЫНЫҢ қоластында қызметістеген куәгер Алтай ЕЛЖАСОВТАН жауап алынды.

«Шаймерденоватты азаматты бұрыннан танимын. Жобаны алғаннан соң Су комитетіне түрлісебептермен келіп тұратын. Менің бір білерім, аталған азамат өзіне сеніптапсырылған су құбырларын жаңарту ісін орындамады. Сол себепті де жобанықабылдау үшін қол қойған жоқпыз. Ислам Әбішев мырза ылғи жұмыстың толықатқарылуы керек екенін, қаржының белгілі бір мөлшерін заңды түрде алу үшінкемінде 30 пайыз жұмыс аяқталуы тиіс екенін түсіндіріп жүретін. «Дипломат»қонақүйіне мені Әбішевтің өзі шақырды. Шаймерденовты сол кезде көргенмін. Бірақол кездесуде ақша бопсалау секілді жағдайлар болған емес. Әбішев Шаймерденовпенбірге сыртқа 20 минут уақыт әңгімелесіп келгенін білемін, бірақ ол жерде неайтылғанынан хабарсызбын. Шаймерденовтың жұмысты дұрыс атқармауының кесіріненқазір 100 мыңға жуық халық ауыз сусыз отыр. Ислам Алмаханұлы білікті маман.Пара алғысы келді дегенге сенбеймін», — деді Елжасов.


Судья Қажымұқан МЕКЕМТАС «Дипломат» қонақүйіндегікездесу жұмыс күніне сәйкес келіп, сағат 16:00 шамасында болғанын айтып, күмәнтудыратын әрекеттердің көп екенін жеткізді.

«Сіздержұмыс уақытында мәселені арнайы қызмет орынында емес, қонақүйдеталқылайтындарыңыз түсініксіз», — дедісудья.

Ал Ислам Алмаханұлы куәгер АлтайАралбайұлынан дәлел бола алатын тиісті құжаттарды алып, куәгер ретінде қайтакелуін өтінді.

Келесі шақырылған куәгер«Оңтүстік ауызсу» мекемесінің директоры Ерлан ЕСІРКЕПОВ 2019 жылдың 7-10 наурыз күндері ИсламӘбішевтің Шымкент қаласына келгенін, ол сапарында ешқандай қылмыстық ісболмағанын айты.

«Наурызайының басында Шымкент қаласына Ислам Алмаханұлы келді. Өзім сыйласатын адамболған соң күтіп алып, 97 мың теңге төлеп қонақүйге орналастырдым. Менібопсалап, не қысым көрсеткен жоқ. Өз басым сыйлайтын кісі болған соң солайжасадым. Нұр-Сұлтан қаласына кері ұшарында менің жүргізушім шығарып салды. Барбілерім осы. Әбішев мырзаға айтар арыз-шағымым жоқ», — деп қысқа қайырдыЕсіркепов.

Одан бөлек, Ислам Алмаханұлы менСерік Түкиев сот барысында жағдайлары нашар екенін,өздерін суық жерде шешіндіріп ұстап, соның әсерінен денсаулығы сыр беребастағанын жеткізді.

«Тағы даайтамыз. Біз әлі сотталып, қылмыскер деп танылған жоқпыз. Бізді суық жердеұстап, аяғымыз тартылып жатыр. Мүлде жандары ашымайтын бұл қандай құқық қорғауқызметкерлері», — депшағымдандыкүдіктілер.

 Су комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішевпен Дүниежүзі қазақ күресі федерациясының вице-президенті Серік Түкиевтің соты кешебасталған еді. 60 миллионға жуық пара алуға оқталды деген айып тағылған. Алғашысот отырысы кезінде жиылған жұрт пен қорғаушылар істі жүргізіп отырған судьяныңқазақшасына көңілдері толмайтынын жеткізді. Қос адвокаттың 8 өтінішінқанағаттандырмаған судья, арнайы сот қаулысын жариялаған. Қаулыны тексергенадвокаттар лингвистикалық, грамматикалық, стилистикалық қателерге толы екенінайтып, судьяның ары қарай сот процесін жүргізуіне қарсылық білдірді. Атап айтарболсақ, 2 беттік қаулыдағы 24 сөйлемнен 76 қате кеткен. Сонымен қатар, судьяныңдөрекілігін ұнатпаған айыпталушы Ислам Алмаханұлы «сіздей адамдарға адам тағдыры былай тұрсын, масаның да өмірінсеніп тапсыруға болмайды»деп Қ.Мекемтасты сынға алды.

Және тергеуабақтысындағы жайсыздықтарды да айтқан-ды. Прокурор Сүлейменов болса қылмыстыңқалай жасалғанын баяндады.   

«2018 жылы 15 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы,Қызылжар ауданында Соколов су құбыры желісін жаңарту мақсатында үкіметтен 5 980598 463 теңге бөлініп, жұмысты атқару үшін конкурс жарияланады. Ислам Әбішев"Қаз Байлық Астана" ЖШС-не конкурсты алып беру үшін Шаймерденов аттыазаматтан 250 млн.теңге қаржы сұрап, 190 млн.теңгесін өзінде қалдырып, 60млн.теңгесін жуық арада әкеліп беруін талап еткен. Осы мақсатта 2018 жылықазан, қараша айларында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Дипломат» қонақүйіндекездесіп тұрған. 60 млн.теңгенің 10 млн.теңгесін Дүниежүзі қазақ күресіфедерациясына демеушілік ретінде аудартуды көздеген. Серік Түкиев қылмыстықәрекеттің бәрінде болған», — деді мемлекеттік айыптаушы.

АдвокатАбзал ҚҰСПАН осы тұста судьяға істі екіге бөліп қарауды ұсынды. БіріншіДүниежүзі қазақ күресі федерациясына аударылуы тиіс 10 млн.теңгені бөлек,қалған 50 млн.теңгені бөлек талқылау жөн болады деді адвокат.

Фотоларавтордікі.

  


Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:38
Ұшақ құлап, 25 адам қаза тапты
Сайт әкімшілігі 10:35
Пневмония: науқастар саны тағы артты
Сайт әкімшілігі 10:26
Өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 25.09.2020, 11:08
Алматыда Көк базар жабылады

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39