Иттің басын кескен адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

21.04.2018, 16:34

73

Павлодарда ер адам көшеде жүрген итті үйіне кіргізіп, басын кесіп денесін терезеден лақтырып жіберген. Мұны көріп шошыған көршілері енді өз қауіпсіздіктері үшін алаңдап отыр.Куәгерлердің айтуынша, ер адам аулада жүрген итті кеше кешкі уақытта үйіне өзімен бірге ертіп кірген. Бұдан соң үй хайуанатының денесін терезеден лақтырып жібергенін көрші пәтерде тұратын тұрғындардың бірі аңғарыпты. Сөйтсе, ер адам иттің басын кесіп тастаған екен. Ал аулада жатқан жануардың денесін көрген тұрғындар полицияны шақыртыпты.-Бұл ер адам маскүнем, ішімдікке әбден салынған. Жұмыс та істемейді. Тубдиспансерде тіркеуде тұрғанын білеміз. Енді мынадай сұмдықды істеді. Оның аулада ойнап жүрген балаларды ренжітпейтініне кім кепіл?- дейді тұрғындардың бірі Нина МАМЕНОВА.Ал итті бауыздап тастаған ер азаматтың айтуынша, ол ит етінің құрт ауруынан көмектесетінін естіп білген. Сондықтан осылай істеуге мәжбүр болыпты.Араққа сылқия тойып алған ер адам есігінің алдына жиналған көршілері мен арнайы келген полицейлерге бұдан өзге ештеңе айта алмады. Қазір ол азаматтың үстінен қылмыстық кодекстің  316 бабының 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Әйгерім ЖЕТПІСОВА, Павлодар

Фото автордікі

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:47
Алматыда жүк көлігі жер астына түсіп кетті
Сайт әкімшілігі 12:26
Нұр-Сұлтанда жалақы өсіруді талап еткен жүзден астам краншы жұмысын тоқтатты
Сайт әкімшілігі 11:52
Алматыдағы тергеу изоляторынан қашып кеткен ер адам ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полицейлерді вакцинациялау басталды
Сайт әкімшілігі 09:45
Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сайт әкімшілігі 09:20
Бас санитар карантинге қатысты жаңа қаулыға қол қойды

Аңдатпа


  • Буырқанған дауылда сыналған басылым
    25.02.2021, 13:12
  • «Жас Алаштан» басталған журналистік жол
    23.02.2021, 10:51
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығымен құттықтаулар легі басталды
    22.02.2021, 13:50
  • «Қасымның тағдыры бұрмаланған»
    19.02.2021, 09:41
  • Түркістан облысында "Жас Алаштың" атында мектеп бар
    15.02.2021, 10:51