Кәдеге аспаған диплом

Айжан БҮРКІТБАЕВА

17.09.2020, 11:16

941

Қазақстанда жыл басынан бері жұмыссыздар саны 8%-ға көбейген. Бұл тек ресми тіркелгендер көрсеткіші. Оның 78,9 мыңы – 15-28 жас аралығындағы жастарды құрайды. Яғни, 17,8 пайызы екі қолға бір күрек тапай сенделіп жүр.

Мәліметтерге сай, жұмыссыз жастардың басым бөлігі халық тығыз орналасқан өңірлерде:

  1. Алматыда қаласы – 15,7 мың адам;
  2. Алматы облысы – 6,4 мың адам;
  3. Түркістан облысы – 6,4 мың адам (бірінші тоқсандықта тіркелгендер саны).

Бүгінде нәпақасын таппай жүрген жастардың көбі – дипломды мамандар.

Бұл туралы әлеуметтанушы Гүлзинат Мейірбекова былай деп пікір білдірді:

– Жастар диплом алған соң, мамандық бойынша жұмыс істегісі келеді. Бірақ, еңбек өтілі жоқ болғандықтан, жұмысқа орналаса алмайды. Бұл бірінші мәселе. Екіншіден, бүгінде сұранысқа ие мамандықтар дипломды қажет етпейді. Мысалы, сатушы, кассир, тігінші, визажист, тұрмыстық техника жөндеуші, электрик және т.б. мамандықтарды 3 айлық курс арқылы тәмамдап алуға да болады. Қазіргі таңда аталмыш курста мыңнан аса адам грант иеленіп, оқып жатыр. Жалпы, еліміздегі жұмыссыздыққа төтенше жағдай кезінде көптеген жұмыс орындары тоқтағаны себеп. Індет кесірінен, жұмыссыздар саны артты. Егер, жұмыс беруші фабрика, завод өндірістері көптеп жұмыс істесе, халықты жұмыспен қамтуға болар еді. Ең алдымен, жастарды жұмыссыз қалдырмау керек. Себебі, жаңа буынның идеялары қоғамға қажет. Бұл, экономикасына үлкен үлес тигізетіні сөзсіз.

Статистикалық көрсеткіш бойынша, елімізде 365,9 мың жастар немесе халықтың 18,1 пайызы көтерме және бөлшек саудада жұмыс істейді екен. Құрылыс саласы мен жалдамалы жұмысқа жегілген жастардың да саны басым. Жалданып, күн көріп жүргендердің көпшілігі – экономика, заң саласында білім алған жастар.

Бұл ретте, экономист Мақпал Мақсұт жас мамандардың жалақысын арттырған дұрыс дейді:

– Дипломды жастардың басым бөлігі айлығы шайлығына жетпегісін, мамандық бойынша қызмет еткісі келмейді. Бірден үлкен көлемді жалақыны көздейді. Және тағы бір мәселе, жұмысқа орналасу үшін қалалық тіркеу болуы шарт. Ал, енді ғана оқу бітірген маманда тіркеу болмағандықтан, үлкен қалада жұмыс таба алмай жатады.

Өткен жылы жастардың жұмыс күші 2,1 млн-ды көрсеткен болатын. 2020 жылдың бірінші тоқсанындағы жұмыс істейтін жастардың саны 2 млн-ды құраған. Биылғы статистика жұмыс істейтін жастардың саны 3,2%-ға азайғанын айтады.

Бұл тұста ЖОО-ны тәмамдаған Самал Бекет 2 жылдан бері мамандық бойынша жұмыс таба алмай, сандалып жүргенін айтады:

– 2017 жылы заң мамандығын бітіріп, қолыма қызыл диплом алдым. Қазіргі таңда, киім сататын дүкеннің сатушы қызметін атқарып жүрмін. Себебі, мамандық бойынша жұмысқа кіру бұйырмады. Талай мекеменің табалдырығын тоздырдым. Бұл салада барлығын таныс шешеді екен. Сондықтан, күнкөрістің қамымен басқа салада жұмыс істеуге тура келді.

Жұртшылық үшін жауыр болған жұмыссыздық індеті, ең алдымен, жастар арасында шешімін табуға тиіс. Себебі, жастар – бәсекеге қабілеттіліктің көрінісі және қоғам капиталын дамытудағы шешуші фактор.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 11:05
МӘМС аясында қандай медициналық көмекке жүгінуге болады
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 09:59
Соңғы бір тәулікте 364 адам пневмонияға шалдыққан
Сайт әкімшілігі 23.09.2020, 09:43
Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
Айжан БҮРКІТБАЕВА 22.09.2020, 10:29
БЖБ мен ТЖБ-дан шаршадық
Еркежан АРЫН 22.09.2020, 10:16
«Таза Қазақстанға» айналамыз ба?
Алмасбек ЕРБОЛАТҰЛЫ 22.09.2020, 10:02
Қордаланған қоқыс мәселесі қашан шешімін табады

Аңдатпа


  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27