Кадр іріктеуде әділдік орнамақ

Әділ АҚЫЛБАЙ

21.04.2022, 16:08

714

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауында саяси реформалардың негізгі 10 бағыты аталған болатын. Оның ішінде мемлекет басшысының өкілеттілігін қайта қарауға бағытталған конституцияға өзгерістер сөз болғаны белгілі.

– Бұл жолдауда мемлекет басшысының саяси партиялардағы мүшелігіне оның президенттік кезеңінде тыйым салуды белгілеу туралы бағыт айтылған. Осылайша, мемлекеттік аппаратты партиялық құрылымдармен біріктіру мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл тыйымның алғышарты кезекті съезд барысында Amanat партиясының төраға қызметінен кету ниеті туралы президенттің мәлімдемесінен болды, – дейді еліміздің әділет министрі Қанат Мусин.

Қанат Мусин мұндай тыйымның Орталық сайлау комиссиясы, Есеп комитеті және Конституциялық кеңестің төрағалары мен мүшелеріне, әкімдер мен олардың орынбасарларына да қатысты болатынын айтты. Бұл жаңалық барлық мемлекеттік аппараттың жұмысына оң әсерін тигізіп, саяси бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді және барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдай жасайды.

Президент соңғы жолдауында президентке жақын адамдарды кадрлық іріктеу мәселесін бөлек атап өтті. Заңнамада жақын туыстарға ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері жатады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама да жекжаттар, яғни ерлі-зайыптылардың жақын туыстары үшін шектеулер белгілейді.

«Осылайша, заңнамалық деңгейде тиісті тыйымдар белгіленгеннен кейін, мысалы, президенттің ағасы, әпкесі, балалары «Самұрық-Қазына» немесе «Бәйтерек» сияқты ұлттық компанияларда басшылық қызметке орналаса алмайды», – деп түсіндіреді әділет министрі.

Бұдан басқа, мемлекет басшысы парламент сенатындағы президенттік квотаны 15 депутаттан 10 депутатқа дейін қысқартуды ұсынды, олардың бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынатын болады, қазіргі уақыттағыдай сайламайды.

Нәтижесінде Мемлекет басшысының өкілді органның жоғарғы палатасын құруға қатысуы айтарлықтай төмендейді. Министрдің сөзінше, президенттің Жоғарғы сот кеңесінің құрамын құруға қатысты өкілеттіктері өзгереді. Конституцияда белгіленген қолданыстағы тәртіпке сай президент өзі Жоғарғы сот кеңесінің құрамын қалыптастырады, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің төрағасын тағайындайды. Енді президент Конституциялық кеңестің және Жоғары сот кеңесінің төрағалары қызметіне кандидатураларды келісу құқығын парламент сенатының депутаттарына беруді ұсынды.

Бұл ретте Жоғарғы сот кеңесінің құрамын қалыптастыру заңмен айқындалатын болады. Қанат Мусиннің айтуынша, президенттің облыстар және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің актілерін тоқтата тұру немесе олардың күшін жою жөніндегі құқығын, сондай-ақ аудан және ауыл әкімдерінің лауазымдарынан босату құқығын алып тастауға байланысты өзгерістер жоспарланып отыр. Президенттің мұндай өкілеттіктері жойылады. Жалпы алғанда, бұл реформа жергілікті өкілді және атқарушы органдардың күшеюіне және тұтастай алғанда, саяси жаңғыртуға ықпал етуі тиіс.

Өз кезегінде, аталған бастамаларды іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңына және басқа да бірқатар заңдарға өзгерістер енгізу талап етіледі. Тиісті заң жобаларын парламенттің қарауына енгізу тамызда, ал оларды қабылдау ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған.

Тегтер: саясат пайым пікір билік мансап лауазым

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01