22.03.2020, 11:34
154
Карантинге байланысты Алматы қаласында коммуналдық қызмет төлемдер уақытша шегерілді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Елде төтеншежағдай жариялануы мен Алматы қаласының карантинге жабылуына байланысты көпадамдар жұмыссыз қалғанын, енді бірі ақысыз еңбек демалысына шықса, келесілеріқысқарғанын айтқан Сағынтаев, бұл жағдайдың қала тұрғындарына ауыр тигенін жазды.Осыған байланысты тұрғындарға қолдау жасалатыны мәлім болды.
«Қиын жағдайға тап болған алматылықтарды қолдау үшін монополистермен лифт пенқоқысты шығаруды қоса алғанда, барлық коммуналдық қызметтер бойынша төлемдердікейінге қалдыру туралы келісімге келдік. Наурыз және сәуір айларына келгентүбіртектерді жыл соңына дейін төлеуге болады. Бұл ретте кешіктіргені үшінөсімақы мен айыппұл есептелмейді. Сондай-ақ, карантин кезінде қызметкөрсетушілер электр, су, жылу, газ және телефон байланысында қарызы бартұтынушыларды ажыратпайды» деді әкім.
Думан Терлікбай
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР