Карантин денені шынықтырудың маңызды екенін түсіндірді (видео)

Сайт әкімшілігі

11.11.2020, 00:10

297

Қазіргі әлемді жайлаған пандемия кезінде салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы артып отыр. Бұл үрдістің адамның иммунды жүйесін нығайтып, ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне септігін тигізетінін дәрігерлер де жиі айта бастады. Осыған орай еліміздің бас санитары да  ашық алаңдарда жаттығу жасауға, рұқсат беріп, адамдардың өз денсаулығына айрықша күтіммен қарауы керектігін де баса айтуда. 

Бүгінгідей сынақ кезеңінде ұстаздар қауымы да өз деңгейлерінше әрекет етіп, еңбектеніп жатыр. Бірінші тоқсанды онлайн және қашықтан оқытумен тәмамдаған ұстаздардың біразы қазіргі демалыс кезінде де тынбай оқушылармен бірлесіп жұмыс істеуде.

Бұл ретте біз Іле ауданы, Қоянқұс ауылы, №47 орта мектептің Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің еңбегін мысал еткіміз келеді. Аталмыш мектептің пән мұғалімі  Жетимеков Тілек күзгі каникул кезінде оқушыларды зеріктірмеу мақсатында және олардың денсаулығына көңіл бөлу жауапкершілігін арттыру үшін де 6, 7-ші, 8-ші сыныптар арасында «Дені саудың-жаны сау атты» арнайы эстафета өткізіп, оқушылардың ұшқырлығы мен шапшаңдығын сынға салды. Эстафета барысында оқушылар ұстаздарының онлайн түрде берілген тапсырмаларын кері байланыс жасап орындап, өз жауапкершіліктерін көрсетті. 

Сондай-ақ пән мұғалімдері шәкірттеріне қазіргідей қиыншылықта індеттен қалай сақтану керектігін, көпшілік ортада өздерін қалай ұстау қажеттігін, жаман әдеттерден аулақ болу керектігін, нашақорлықтың, шылым шегудің адам өміріне тигізетін залалын қоса сөз етіп,  ең бастысы денені шынықтырудың пайдасын түсіндіріп өтті. 

Тегтер: мектеп білім оқушы шәкірт

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан Арын 09:02
Сот жүйесіне жасанды интеллектінің көмегі бола ма?
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК 08:49
«Жас қазақ» әні қалай туған?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 06.05.2021, 13:34
Көпбалалы отбасыны орталықтар шынымен қолдай ала ма?
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 10:32
Бауыржан Байбектің өкілі Мамайға қатысты азаматтық іс қалай жүріп жатқанын айтты
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 05.05.2021, 13:17
Бензин бағасы «безілдеп» тұр оны қалай ауыздықтаймыз?
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 05.05.2021, 08:45
Ғылым саласы өлді, қайтпек керек?

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56