Карантин: қазақстандықтар өшін әйелі мен бала-шағасынан алуда

21.04.2020, 12:39

5


Төтенше жағдай кезінде үйдегі зорлық-зомбылықтан араша сұрағандар саны күртөскен. «Дағдарыс орталықтары одағы» басшысы Зульфия Байсакова сәуір айында«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығына» 200-денастам телефон хабарламасы түскенін жеткізді.

«Қорғансыздыңкүні»

 Батыс Қазақстан облысы Ақтау ауылының 30жастағы тұрғыны Жадыра Жұмалиева екі кішкентай қызымен өз үйінде өртеніпкеткен. Оған күйеуі күдікті саналып отыр. Жадыраның туыстары күйеуінің бұрын даоны жиі аяусыз ұрып-соққанын айтады.

БҰҰ мәліметтеріне қарағанда, еліміздежылына шамамен 400 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан мерт болады. Өз үйіндежәбір көрген аналар көп жағдайда құзырлы орындарға шағымданбайды. Мамандар мұндайқайғылы оқиғалардың беті әйел қайтыс болғаннан кейін ғана ашылатынын айтады.

 Қазір Алматыдағы дағдарыс орталығындасегіз әйел, 15 бала отбасындағы зомбылықтан қашып, бас сауғалап отыр. «Бұл үшапта үшін үлкен көрсеткіш», – деп есептейді орталық басшысы Зульфия Байсакова. Оныңайтуынша, карантин кезінде 24 сағат бойы үйде қамалып отыру күрделі әлеуметтік-экономикалықжағдай, ол жалпы психозды қоздырып, «жарылысқа шақ қалған» жағдайды қалыптастыруда.Орталыққа «150» (8 708 106 08 10) нөмірі бойынша күніне 10-15 адам көмексұрап телефон шалады. 

Маманның айтуынша, құрбандар тіпті басқаларданкөмек сұрауға қорқады. Соңғы фактілердің бірінде үш айлық баласы бар әйел басқақаладағы туысына sms жіберіп, ол орталыққа, орталық полицияға хабарласу арқылыәйелді үйінен шығарып алған. Оған дейін оны күйеуі ұрып, азаптаған.  

    Тіпті әйел отбасылық үрейден қашып, панаіздеген күннің өзінде, карантин кезінде баратын жалғыз орын Алматыда.Байсакованың сөзіне қарағанда, орталыққа басқа қалалардан да әйелдер телефоншалады. Олар үйінен кете алмайды, басқа бас сауғалар жері жоқ. Оған қоса, құқыққорғау органдары жұмысындағы уақытша шектеу жағдайды одан сайын күрделендіретүскен. Орталық өкілдері карантин кезінде зорлық-зомбылықтан жапа шеккендердіқорғау жөніндегі шұғыл шаралар қолға алынуы тиіс деп есептейді.

                Не істеу керек?

 «Қазіргі жағдайда қала, облысәкімдері құрбандарды уақытша орналастыратын, санитарлық нормаларға сай оқшаулауорындарын қарастыруы қажет», – дейді Зульфия Байсакова. Сонымен бірге жоғарғысот барлық деңгейдегі әкімшілік соттарына тұрмыстық зорлық-зомбылық бойыншаматериалдарға басымдық беріп, қарастыруды міндеттеуі керек. ІшкіІсМинпатрульдік-бекет қызметіне, учаскелік полицейлерге жапа шеккендерді медициналықсот сараптамасы мен дағдарыс орталықтарына жеткізуді жүктеуі тиіс дейдімамандар. Денсаулық сақтау министрлігі сот-медициналық сот сараптамасының үздіксізқызметін қамтамасыз етуі тиіс. Ал үйінде зорлық-зомбылық көргендерді полицияинспекторларының жолдамасымен басымдықпен қабылдау маңызды.  

    Жалпы, әйелдер мен балаларға қатыстызорлық-зомбылық төтенше жағдайға дейін де күрделі мәселенің бірі саналатын.
«Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың орасан зорауқым алғаны соншалықты – әрбір үшінші отбасында күш көрсетудің кемінде төрттүрінің бірі  (дене, психологиялық,экономикалық және сексуалды) орын алады. Оны көрген балалар да жапа шегуде», –дейді Зульфия Байсакова.  Бұл ретте ол президенткеашық хат та жолдапты.

     «Мұндай жағдайдың, әсіресе қазақтілді,қазақы тәрбие алған отбасыларда көп кездесетіні ащы шындық. Біздің қазақытәрбиенің негізі сол: баяғы «ел не дейді?», «ұят болады», «қайтып келген қызжаман» деген сөзден қорқып, қанша қыздарымыздың ғұмыры аянышты аяқталып, некелікүйеулерінің қолынан мерт болуда», – деп жазады заңгер Ләззат Кендебайқызы.Сондықтан маман өз бастамасымен топ құрып, жапа шеккен әйелдер мен балаларғақұқықтық көмек беруді қолға алған. Әлеуметтік желіде ашылған топқа әртүрлі мамандықиелері – заңгерлер, кәсіпкерлер, психологтар, педагогтар қолдау білдіруде. «Біздіңмақсатымыз – қазақтілді аналардың құқығын қорғау», – дейді заңгер.

    «Шыны керек, қазір біреудің туысы некөршісі күйеуінің зорлығынан өлудің сәл-ақ алдында жүр. Қоғам бұған көз жұмақараса, ол адамның өліміне тек тиран күйеуі ғана емес, ұзақ жылдар сырттайбақылап қана келген туған-туыс, көршілері де, жалпы қоғам бірдей кінәліболады», – деп есептейді құқықтанушы Кәмшат Тасболат. Сондықтан ол бұл мәселенішешуде қоғам болып жұмылуға шақырады.

Мамандар тұрмыстық зорлық-зомбылықтыңбелең алуының басты себептерінің бірін мемлекет оны аса қауіпті қылмыс санамай,қылмыстық заңнамадан алып тастауынан көреді. Зульфия Байсакованың айтуынша, «Әкімшілікқұқық бұзушылық туралы» кодекске биыл қаңтарда енгізілген өзгерістерге сәйкес,тұрмыстық зомбылық үшін жаза «ескерту», «отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастақұқыққа қарсы әрекеттері үшін 10 күнге бас бостандығынан айыру» жазасыменшектелген.

Ал өткен жылы отбасылық-тұрмыстық саладағы тіркелген8000 құқық бұзушылық оқиғасы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тек 2800 адамтартылған, көпшілігі тараптардың бітімгершілігімен тәмамдалған.

Айжан ЖЕҢІСҚЫЗЫ

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34