Карантин талаптарына селқос қарамаңыз

Сайт әкімшілігі

08.11.2020, 07:49

563

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында карантин талаптарының сақталуы бойынша мониторинг жұмыстары жалғасын табуда. Қоғамдық тамақтандыру, сауда, басқа да  адам көп жиналатын орындарда карантин талаптары ұдайы назарда.

Шымкент қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен демалыс күндері Еңбекші ауданы бойынша кезекті рейд ұйымдастырылды. Мобильді топ түскі уақытта «Алтын Мерос» мейрамханасында отбасылық іс-шара өтіп жатқанын анықтады. Рейд барысында мейрамханада 200-ге жуық келуші болған.

Сонымен қатар, К.Цеткин көшесі №49 үйде тағы бір заң бұзушылық тіркелді. Бұл жеке үйде 60-70 келуші бар үлкен іс-шара ұйымдастырылған.

Мобильді топ бір тәулікте 72 кәсіпкерлік нысанын тексерді. Нәтижесінде карантиндік режимін бұзған 2 заң бұзушылық анықталды.

Мобильді топ азаматтар мен мекеме иелеріне карантиндік режим жалғасатынын және бас санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарын сақтау керектігін ескертеді. Тәртіп бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады.

Сондай-ақ, коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында Әл-Фараби ауданында мобильді топ карантин талаптарды сақтау бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан Арын 09:02
Сот жүйесіне жасанды интеллектінің көмегі бола ма?
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК 08:49
«Жас қазақ» әні қалай туған?
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 06.05.2021, 13:34
Көпбалалы отбасыны орталықтар шынымен қолдай ала ма?
Сайт әкімшілігі 06.05.2021, 10:32
Бауыржан Байбектің өкілі Мамайға қатысты азаматтық іс қалай жүріп жатқанын айтты
Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 05.05.2021, 13:17
Бензин бағасы «безілдеп» тұр оны қалай ауыздықтаймыз?
Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТ 05.05.2021, 08:45
Ғылым саласы өлді, қайтпек керек?

Аңдатпа


  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06
  • Орыс қазақтың ішер асына дейін жармасқалы отыр
    29.04.2021, 08:56