Карантин жағдайында: діни саммит және Құрбан айт

Сайт әкімшілігі

22.07.2021, 15:38

32

       Өткен аптада, яғни 13-15-шілде күндері Вашингтон қаласында (АҚШ) Діни сенім бостандығының халықаралық саммиті өткен болатын. Іс-шараны АҚШ-тың Халықаралық діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі комиссиясы және конгресі ұйымдастырып, оған офлайн форматта 1000-нан астам, ал онлайн режимінде 10 мыңнан астам мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Айта кету керек, биылғы маусым айында  президент Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы мәселелерді одан әрі жетілдіру шаралары туралы» жарлыққа қол қойды, оны жүзеге асыру құқық қорғау саласын кешенді жаңғыртуды қамтамасыз етеді деп күтілуде.

       Өткен саммит барысында ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов:

      – Қазақстан елдегі конфессияаралық келісімді қолдауға және діндар жандардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Барлық конфессиялар мен діндердің ізбасарлары Қазақстанда өздерінің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерге ие. Халықаралық қоғамдастық үшін конфессияаралық, дінаралық диалогты орнатуда елімізде 2003 жылдан бастап және әрбір үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізуді мысал ретінде айтсақ болады. Әр съезд түрлі діндер мен конфессиялар өкілдері арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал етті, діни қауымдастықтар арасындағы сенім мен өзара құрметтің тұрақты өсуінің негізін қалады, – деді.

        Саммит барысында қазақстандық делегация АҚШ мемлекеттік департаментінің халықаралық діни бостандық бойынша ерекше тапсырмалар жөніндегі экс-елшісі Сэм Браунбекпен және Lantos Foundation адам құқықтары мен әділдік қорының президенті Катрина Лантос Суэтпен кездесті. Сондай-ақ мемлекеттік департаменттің халықаралық діни бостандық басқармасының директоры Дэниэл Наделмен және АҚШ-тың Халықаралық діни бостандық жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары Нури Түркелмен келіссөздер жүргізіп, Қазақстанда діни сенім бостандығын қамтамасыз ету және АҚШ-пен екіжақты серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша америкалық тарап аталмыш саладағы оң динамиканы жоғары бағалады. Сонымен қатар ҚР АҚДМ Дін істері комитеті мен АҚШ-тың Love Your Neighbor Community үкіметтік емес ұйымы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум діни бірлестіктер өкілдері мен мемлекет арасында діни бостандықтарды іске асыру және адамның негізгі құқықтарын сақтау мәселелерінде диалогты жетілдіруге мүмкіндік береді деп күтілуде.       Сонымен қоса, 15 шілдеде ҚР Президентінің жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен ҚМДБ наиб мүфтиі Ершат Оңғардың қатысуымен «Карантин жағдайындағы Құрбан айт» тақырыбында брифинг өткен болатын. Оның мақсаты – ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Құрбан айт мерекесін өткізуге қатысты шешімін халыққа кеңінен жеткізу болды. Брифинг барысында бас мүфти 2021 жылы 19 шілде – арапа күні, ал 20-21-22-шілде Құрбан айт мерекесі екенін хабарлап өтті:

     – Биылғы 20 шілде күні республика аумағында таңғы сағат 07:00-де қатаң санитарлық норма талаптарын сақтай отырып, «сары», «жасыл» аймақтарда 10 минуттық Құрбан айт намазы оқылады. «Қызыл» аймақта Құрбан айт намазын оқу жергілікті санитарлық мемлекеттік бас дәрігердің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Осы орайда, Құрбан айт намазын өткізу бойынша ҚМДБ-ның өкіл имамдары жергілікті бас санитарлық дәрігерлермен бірлесіп, арнайы брифингтер өткізетін болады.  Осы ретте, жамағаттан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, айт намазы біткен сәтте мешіт ауласында ұзақ тұрақтамауды сұраймыз, – деді бас мүфти.

        Сонымен қатар Құрбан айт рәсімі www.qurban-2021.kz сайты арқылы «қызыл» аймақта тек онлайн форматта, ал «сары», «жасыл» аймақта сайтпен онлайн және әдеттегі құрбан шалудың дәстүрлі жолымен офлайн форматта өтетінін мәлімдеді. Атап өтсек, құрбандық шалуға ниеті бар азаматтар ағымдағы жылдың 15 шілдесінде сағат 15:00-ден бастап онлайн форматта тапсырыс бере алады, ал көмекке мұқтаж жандар құрбандық етін алуға 17 шілдеден бастап сағат 07:00-ден өтініш бере алады. Бас мүфти биылғы  халықтың денсаулығы мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында «сары», «жасыл» аймақтарда «ASHYQ» мобильді қосымшасы іске қосылатынын жеткізді.

        Сондай-ақ бас мүфти еліміздің өңірлерінде мал бағасы жергілікті нарық мөлшерімен есептеліп, әртүрлі болатынына ерекше мән берді. Наурызбай қажы Құрбан айт қарсаңында қарапайым халыққа қолжетімді болу үшін жергілікті жердегі кәсіпкерлерге мал бағасын арзандатып, оны тұрақты ұстау және қымбаттатпау жөнінде арнайы үндеу жолдағанын айтты. ҚМДБ наиб мүфтиі Ершат Оңғар брифингте халыққа құрбандық шалуға ниеті бар азаматтар сайтта қалай тапсырыс беретіні және оларға есеп беру, құрбандық етін мұқтаж азаматтарға тарату, сондай-ақ «ASHYQ» мобильді қосымшасы арқылы қасапханаларға кіру мәселесі туралы толық мәлімет берді. Ал бас мүфти Қазақстан халқын Құрбан айт мерекесін өткізуге қатысты мемлекет тарапынан қабылданған шешімге құрметпен қарап, түсіністік танытуға шақырды.  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:16
«Astana Media Week – 2021» биыл жаңашылдыққа толы болмақ
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 16:07
Экс премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 12:00
Маминге "Алтын-Емел" және "Шарын" ұлттық саябақтарын дамыту тұжырымдасы таныстырылды
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 11:09
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 09:51
Павлодарда киімі үшін оқушыны қорлаған мектеп директоры жазаланды
Сайт әкімшілігі 20.09.2021, 09:30
49 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39