Карантинде психологиялық қысым көбейіп жатыр

03.04.2020, 15:15

7

Карантин кезінде үй жағдайындағызорлық-зомбылық артып, адамдарға психологиялық қысым күшейеді. Қытай елініңтәжірибесі карантиннді  вирустансақтанудың ең тиімді жолы екенін көрсетті. Алайда бұл отбасының төзімділігі менберіктігі сыналатын кез.

  Елде Төтенше жағдай  жарияланып, бірнеше қала карантинге жабылғалыбері «Отбасыңыз бен жақындарыңызға көңілі бөлетін уақыт келді» деген секілдіжазбалармен жиі ұшырасып жатсыз ба?  Иә,бұған дейін күйбең тірлікпен алып-ұшып жүрсеңіз қазір балалар мен жолдасыңауақыт бөліп, мейрімге бөлейтін кез сынды. Бірақ барлығы біз ойлағандай оңайемес екен. БҰҰ-ның әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесімен айналысатынДубравка Симонович енгізілген карантин отбасылық зорлық-зомбылықты арттырадыдеп сескенеді. Ол зардап шегушілерді қорғау үшін арнайы шараларды қолға алукерек деп санайды. Бұл сөздер негізсіз емес, себебі қазір отбасылық  зорлық-зомбылықтан зардап шегушілер саны әлемелдерінде бірден өскені байқалады. Бұл көрсеткіш Францияда 30 пайызға көбейген,оның ішінде Париждің өзінде 36 пайызға өскенін көрсетіп отыр. Бұл ел бұғандейін де Еуропа елдері ішінде бұл көрсеткіште алда келе жатқан еді. Шамамен үшкүннің бірінде бір әйел адам не серігі я бұрынғы серігінің қолынан қаза табадыекен. Дәл осы статистика Қытайда да артқан, отбасындағы адамнан қысымға ұшырағанәйелдер саны екі есе көбейген. Ол елдің мамандары мұны екі жағдайменбайланыстырды: карантиннің ұзаруына байланысты халықтың стрессті жағдайы менкөптеген отбасы кездесіп отырған қаржылай қиындықтар. Бұдан бөлек бұл сандарБразилияда да 40-50 пайызға көбейген екен.  

 «Біз егерде осыған дейін күшқолданылатын отбасыларды айтып тұрсақ, бұрын  екі жұптың бірі үйден кетіп, араларында«демалыс» болатын. Ал қазір үйтіп кетіп қалаға жол жоқ.  Мұндай жағдайда хабарласып, көмекке шақырудыңөзі қиын болады.  Агрессормен біркеңістікте тұрып, психологқа хабарласып көмек сұрауағаның үшін өміріңмен қошайтысуың мүмкін.  Адамдар ақшасынан,тұрақтылықтан айырылып, болашағын елестетудің өзі қорқынышты күйге түскендіктен,бұған дейін күш қолданылмайтын отбасыларда да ұрыс шығу мүмкіндігі артқан.

Үлкен кісілерге қатысты, бұрын жастар жұмысқа кететін, қазір барлығы бір жерге  топтасып отыр. Қарттар ең қорғансыз топболғандықтан, оларға қатысты күш қолдану саны артуы мүмкін.  

Бұрын агрессорлар бала қоғаммен көп байланысқа түсетіндіктен қол көтеруденжүрексінсе, қазір аяққа оратылдың деген желеумен ұрып жіберуі мүмкін. Себебіоған барлығын түсіндіріп отырғанша, қол жұмсау оңай көрінеді» дейді «Зорлыққажол жоқ» орталығының директоры Анна Ривина.

Бұл мәселеге қатысты психологтар да дабыл қағып жатыр. Мамандар ұзақ уақыткарантинде болған адамдардың психикасы қалыпты жағдайдан ауытқып, адамішімдікке әуестеніп, әр-түрлі психотропты заттарға қызығушылық артып,ұйқысыздық туындайтынын айтады. Оның ең негізгі себептері деп мыналарды атауғаболады: он күннен артық карантинде жату, карантин себебін анық білмеу, қоғамменбайланыс үзу, теле-радио хабарлармен жиі танысып отырмау. Психикалыққиындықтармен жиі ұшырасатын қарт кісілер екен. Олардың онсыз да қатары сиреп,әңгіме дүкен құратын адамдар азайып келе жатқанда, карантинге қамалу екі есесоққы дейді психологтар.  Еске салакетейік, коронавирус  қарттарғабасқаларға қарағанда әлде қайда қауіптірек.

   Бұл психоогиялық қауіптің бетін қайтару үшіндостарыңызбен я туыстарыңызбен жиі хат алмасып, хабарласып тұрыңыз. Алайда заманауитехнологиялар қанша жерден үздік болса да құшақтасу, қол ұстасу сынды қарапайымәрекеттерді алмастыра алмайтынын мамандар тағы бір рет ескертеді.

Думан ТЕРЛІКБАЙ







Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:53
Қазақстанда алдағы күндері қар жауады - Қазгидромет
Сайт әкімшілігі 10:22
Дәрігер коронавирусқа қарсы екпені кімдерге салуға болмайтынын айтты
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 20.09.2020, 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34