Kaspi банкке шабуыл жасағандар ұсталды

Сайт әкімшілігі

30.10.2020, 08:20

1038

Алматыда Kaspi.kz бөлімшесіне шабуыл жасады деп күдікке ілінгендер ұсталды, — деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы ПД Қылмыстық полиция басқармасының мәліметінше, шабуыл жасады деген күдікпен 1985, 1986 және 1992 жылы туған үш ер адам ұсталды.

«Күдіктілер — С. және У. есімді азаматтарды Алматыда қалалық қылмыстық полиция жедел уәкілдері ұстады. Осы оқиғаға қатысы бар үшінші адамды жаңа ғана Оралда Батыс Қазақстан облысының ПД қызметкерлері ұстады. Заттай дәлелдер — ұрланған қаражат тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді, бұл іс бойынша Алмалы аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлімі бойынша тергеу жүргізіп жатыр», — деді полициядағылар.

Олар шабуылда қолданған аңшы мылтығы солардың біріне тиесілі екені анықталды. Ұсталғандар қамауға алынды.

Банктің баспасөз қызметі күдіктілердің Kaspi.kz қауіпсіздік қызметінің көмегімен ұсталғанын хабарлады. "Ұсталғандар кінәсін мойындады және тергеу аяқталғаннан кейін олар сот алдына келед", — делінген хабарламада.

Еске салайық, Kaspi бөлімшесіне шабуыл 15 қазанда Алматыда жасалған болатын.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:03
"Қазақстандағы демократиялық институттар" тақырыбындағы инфографика байқауы
Сайт әкімшілігі 12:35
Әкімдіктен қайран жоқ, Алматы тұрғыны қалада тегін әжетхана салуға бел буды
Әділ АҚЫЛБАЙ 10:19
Веложарыс: Сағынтаев бұл қайткенің?
Еркежан АРЫН 09:51
Волонтерлік – Қазақстандағы азаматтық белсенділіктің жаңа түрі
Қонысбай АҚПАН 12.05.2021, 08:07
Қонаев болсын, басқа болсын, күйе жақпайық
Сайт әкімшілігі 12.05.2021, 07:32
Марат Бәйділдаұлы, жазушы-публицист: Мәңгілік алау да мәңгілікке өшер

Аңдатпа


  • Қор болған Қазақстан
    11.05.2021, 11:12
  • Сүйегі табылған қазақ сарбазының жақындары іздестірілуде
    07.05.2021, 09:09
  • Марат ТОҚАШБАЕВ: Саясаттағы тоқырау экономикалық тоқырауға соқтырды
    06.05.2021, 09:21
  • Жалақорға жауап
    06.05.2021, 09:09
  • «Олар ұлт сатқындары!»
    29.04.2021, 09:06