Kaspi bankтың араны ашыла түсті

28.04.2020, 12:40

9

«Қазақстан нарығында дау-дамайы көп бітпейтін, «тасжүрек»банк қайсы?» десеңіз, кез-келген клиент ойланбастан, «Kaspi bank» дер еді.Өйткені, сарапшылардың айтуынша, бұл банк жеке тұлғалармен жұмыс істейтін еңірі банк.

 2019 жылғы Ұлттықбанктің мәліметіне қарағанда, жеке тұлғалардың салымы бойынша Kaspi bank еліміздегібанктер арасында үшінші орынды, ал жеке өз капиталы бойынша алтыншы орындыиемденген.

Жеке тұлғаларға түрлі өнімдерді жиі ұсынатынболғандықтан,  банк жұмысында олқылықтарда жетіп-артылады. Ең алғашқы ірі дау 2013 жылы бұрқ ете қалды. Заңгер ЕрмекНарымбаевтың жанына топтасқан 300-ден астам банк клиенті кредит карталарыныңпроблемасы, алынған несиелер кешіккен жағдайда қарыз сомасының ғарыштықжылдамдықпен өсетінін айтып зар илеген еді. Ол кезде Kaspi bank өзіне тағылғанайыпты мойындамастан, Ермек Нарымбаевты «жала жапты» деген айыппен сотқатартты. Заңгер соңында Украинаға қашып барып, жан сауғалады. Бірақ дау-дамаймұнымен де бітпеді.

VK әлеуметтік желісінде «Біз Kaspi bankке қарсымыз!» («Мыпротив Kaspi bank») деген топ ашылып, банктің негізсіз істеріне көңілітолмайтындар небір түрлі жазба қалдыруда. Шымкент қаласының тұрғыны ЕленаЛаврова «400 мың теңге кредит алып, 2млн теңге етіп, жаптым» дейді. Сергей Городецкий деген азамат «500 мың теңге несие алып, бір жыл бойы айсайын уақытылы құйып отырдым. Бірақ сома азайған жоқ. Қазір жұмыссыз қалдым. Албанк болса, күн сайын телефон соғып, 500 мың теңгені үстеме ақысымен қосатөлеуімді талап етіп отыр», - деп шағымданады.  Мұндай тізімді жалғастыра берсек, парақ та шақкелмес.

Өсімқорлық, біреудің есебінен баю, ашкөздік неістетпейді? Ермек Нарымбаевтың дауынан кейін, банктің имиджін қайта жақсартуүшін топ-менеджерін ауыстырды.

Kaspi bank клиенттерді көптеп тарту үшін біздегі банксекторында жоқ қызмет пен өнім түрлерін ұсына бастады. Оның бір-екеуі –«Каспи-жұма» мен «Каспи-дүкен». Яғни, жалаулатқан жарнамасына сенсек, жұмакүндері «Каспи-дүкендегі» тауарлар жеңілдікпен сатылады. Бізге аты-жөнінатағысы келмеген банк менеджері біраз нәрсенің бетін ашты. Оның айтуынша,«Каспи-дүкендегі» тауарлардың бағасы жұмаға жақындағанда қымбаттап, оғанбелгілі бір жеңілдік жасалады. Айналып келгенде, қымбаттатқан зат қайтаданайналып, өзінің бастапқы, пайда әкелетін құнына сатылатын көрінеді. Немесесатылымнан мүлдем алып тасталады.

«Бұл өзгерістерді сырт адамдар байқамайды. Оны күн сайынтауар бағасын кредитке сатып отырған менеджерлер жақсы біледі, — дейді Kaspibankтың анонимді менеджері.

Kaspi bankтың жаға ұстатқан екінші «жаңалығы» — төтеншежағдай уақытында төлемдері кейінге қалдырылған кредит мәселесі. Статистикабойынша, бүгінде бұл банктың 6 млн клиенті болса, соның 80 пайызы банк алдындаборышкер. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев т»өтенше жағдайға байланысты уақытшажұмысынан айырылғандар үшін банктер кредит төлеуді кейінге қалдыру мәселесінқарастырсын», деген тапсырма берді. Ақпарат және қоғамдық даму министрі ДәуренАбаев «Кредиттеріңіз үшін уайымдамаңыздар», деп елді тағы бір сабасына түсірді.Жағдайды пайдаланып, банктың басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе «Бізклиенттерімізді қолдау үшін, уақытша жұмысынан айырылған жандар үшін ай сайынғытөлемді екі айға кейінге шегеретін бағдарламаны іске қостық. Клиенттерді қолдаубағдарламасына қатысамын деушілер банк қосымшасы арқылы 2-сәуірден бастапөтініштер бере алады», — деген бейнеүндеу жолдады. Сол сол-ақ екен, борышкерлерKaspi bankке өтініштерді жаудырды. Бірақ банк клиенттерін тағы да әділетсізжағдайда қалдырыпты. Өйткені, редакциямызға хабарласқан оқырмандар «кредитті үшайға ұзартқанымен, үстеме өсімін төлейді екенбіз», деп ашу-реніштерін білдіріпжатыр.

Журналистерге осы мәселе бойынша жауап берген банктыңбаспасөз қызметі: «Клиент ай сайынғы төлемді үш айға кейінге қалдыра отырып,кредитті құятын мерзімнен кешікпейді. Бірақ артық төлем өседі. Төлемдер көлемібұрынғысынша қалады, сондықтан, клиент кез-келген уақытта несиесін мерзіміненбұрын жаба алады», — деп сырғытты.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі «банк басшылығыбұл мәселені Ұлттық банк қызметкерлерімен ақылдасып жатыр. Егер, тағыөзгерістер болып жатса, клиенттерді хабардар етеміз», — деп жылы жабуғатырысты.

Одан бері, шамамен, бір ай уақыт өтті.Ешқандай өзгерістен хабар жоқ. Демек, Kaspi bankтөтенше жағдайда да клиенттер есебінен баюды, өсімқорлыққа одан ары қамшы салудымақсат тұтқан демеске шара жоқ.  

Статистикалық деректер бойынша, Kaspi bankтың 2019 жылғы9 айлық табысы 2018 жылғы 9 айға қарағанда, 34 пайызға өсіп, 363,2 млрд теңгеніқұраған. Ал таза пайдасы 61,4 пайызға жоғарылап, 134,8 млрд теңгеге жеткен!

Бірақ төтенше жағдай уақытында Елбасы мұрындық болған #Bizbirgemizқайырымдылық шарасына ауыз толтырарлықтай үлес қоспағаны анық.

Ал қарапайым халқына қайыры жоқ өсімқор банкклиенттерінің көз жасына шыланған көл-көсір пайдамен мұратына жете ала ма? Бұлсұрақтың жауабы уақыт еншісінде.

Тоқтар ЖАҚАШ,

«Жас Алаш»

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:34
Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
Сайт әкімшілігі 13:27
Қазақстанда тағы 272 адамнан пневмония анықталды
Сайт әкімшілігі 13:24
ДДҰ Еуропада коронавирус қайта өршитінін ескертті
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:37
Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді
Сайт әкімшілігі 19.09.2020, 11:31
Коронавирус жұқтырған 4 адам қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34