Kaspi.kz «Цифрлық құжаттар» сервисін іске қосты

Сайт әкімшілігі

05.04.2022, 11:49

531

Kaspi.kz ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп «Цифрлық құжаттар» сервисін іске қосты.

Енді қазақстандықтарға жеке куәлік, екпе төлқұжаты, жүргізуші куәлігі, неке туралы куәлік, туу туралы куәлік және басқа да цифрлық құжаттар Kaspi.kz суперқосымшасында қолжетімді.  Құжаттар сенімді қорғалған. Құжаттарға қол жеткізу үшін пайдаланушы өзінің келісімін бірреттік парольмен растауы керек.

 «Цифрлық құжаттармен» ХҚКО-да қызмет алуға, ішкі әуе рейстеріне тіркеуден өтуге, Қазақстан бойынша пойызбен жол жүруге, нотариустардың қызметін және басқа да көптеген қызметті пайдалануға болады.

Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе былай деді:

«Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе: «Біз Kaspi.kz суперқосымшасының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімін жетілдіруді жалғастырамыз. Арнайы сүйікті клиенттеріміз үшін және Цифрландыру министрлігімен және «ҰАТ» АҚ-пен ынтымақтастықта жаңа инновациялық «Цифрлық құжаттар» сервисін әзірледік, оның көмегімен қазақстандықтар өз құжаттарына қауіпсіз әрі ыңғайлы қол жеткізе алады. Енді ең маңызды құжаттар еліміздегі ең танымал Kaspi.kz қосымшасында әрдайым қолжетімді. Біз барлық азаматтар үшін қызметтерді қолжетімді ету және сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартатын инновациялық сервистерді әзірлеу жолында алдағы уақытта да мемлекетке көмектесеміз».

«Бүгінгі таңда цифрлық құжаттарды 10 миллионға жуық қазақстандық пайдаланады. Бұл ыңғайлы, себебі құжаттардың түпнұсқасын өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. Қолдану одан да ыңғайлы болуы үшін біз бұл сервисті қазақстандық пайдаланушылардың арасында танымал платформаларға да шығарамыз, бірақ бұл функционал азаматтың өзінің келісімімен ғана қолжетімді болады», — деді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттеріміздің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау.  Біздің инновациямыздың негізінде елдегі ең танымал, 11 миллионнан астам қазақстандық қолданатын мобильді суперқосымша Kaspi.kz тұр. Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен біздің клиенттеріміз төлем және аударым жасап, жеке қаражаттарын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, тегін жеткізу арқылы онлайн, тиімді зат сатып алады және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 14:48
«2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бифат НҰРМАХАН 09:40
Солтүстіктегі солақай тірлік
Жарас КЕМЕЛЖАН 07:48
Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 15:15
Балаларға арналған спорт секциялары ашылуда
Ерзия ЕРСҰҢҚАР 24.05.2022, 13:35
Сот белсенділігі уақыт талабы
Бифат ЕЛТАЕВА 24.05.2022, 12:05
Жастарды қолдау маңызды

Аңдатпа


  • Не істеу керек?
    24.05.2022, 08:00
  • Қазақстан шекарасын «қарақшы» күзетеді (видео)
    24.05.2022, 08:07
  • «Зың әкімге» де тықыр таянды ма?
    24.05.2022, 08:05
  • НӘН-байдың заманы мен зауалы
    20.05.2022, 08:09
  • Амалбек Тшанов: Бұлардың көзқұрты – колледжің жері
    20.05.2022, 08:01