Катастрофа келе жатыр

Әділ КЕМЕҢГЕР

14.07.2021, 16:23

6790

«Қазақстан климаты енді ешқашан бұрынғы қалпына оралмайтын соңғы межесінен өткен сыңайлы. Ары қарай ахуал тек ушыға бермек», –  дейді сарапшы Досым Сәтпаев.

        Елдің батысында қуаңшылықтан мал қырылып жатыр. Шілдеде тағы бірнеше өңірде экстремалды аптап ыстық болады дейді.

      – Оралдан келетін су таяу жылдары Батыс Қазақстанның қажеттілігіне жетіспейтін болады деген күпті болжамдар жасалып жатыр. Communications Earth & Environment деген ғылыми журналда ғалымдардың «XXI ғасырдың соңына дейін Каспий теңізінің деңгейі 9-18 метрге дейін азаяды» деген болжамы айтылады. Балқаштың суын Қытай мен СУАР құртып тынады деген қауіп тұр. Қырғыздың Тоқтағұл суқоймасында су аздықтан, Қызылорда облысында да су таязданды. «Тоқтағұл суын тоққа айырбастаймын деп, қазақ пен өзбекке беріп қойдың» деп, билігіне қарсы қырғыздар, әне, митингіге шықты. Өзбекстанның Самарқанд пен Науаи облыстарында жерасты суының деңгейі түсіп, тұрғындар су таппай қалды. Тәжікстанның жайылымдары құрғақшылықтан шөлге айналып жатыр. Түрікменстан Әмудария суының биыл тағы 16,4 пайызға азайғанын тіркеді. Бірақ нағыз апат мұздықтар ерігенде, Орталық Азияның су ресурстары одан сайын азайғанда келеді. Аймақта кедейшілік, аштық, жаңа кеселдер мен көші-қон су ресурстары үшін бәсекелестік күшейгенде басталады. Ол Қазақстанның саяси және экономикалық тұрақтылығына тиеді. Ондай дағдарыстың болатыны анық, тек қашан болады деген сұрақ қана тұр.

        Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайына теріс әсер етуі мүмкін деген дағдарыстық жағдайлардың бірсыпырасы экологиялық тәуекелдермен тікелей байланысты болып тұр. Мысалы, су тапшылығы көрші елдермен соғысқа әкелмейді деп кім айтты? Өткендегі Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы қақтығыс себептерінің бірі су көздері үшін талас еді. Күннің жаһандық жылынуы мен климаттық өзгерістер бар. Ертең экологиялық босқындар шығады. Бұл дегеніміз – экологиялық тәуекелдер мен қауіп-қатерлерді ескеретін мемлекеттік деңгейдегі стратегиялық бағдарламалар жасау тетіктерін өзгерту керек екенін білдіреді. Қазақстан экологиялық дағдарысқа қазірден дайындала беруі тиіс, – дейді сарапшы.

Тегтер: экология заң айыппұл мәселе тұрғындар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 12:14
«Қайтыс болғандардың ешқайсысы екпе алмаған»
Сайт әкімшілігі 11:34
Вирус жұқтырғандардың саны 7778-ге жетті
Дайындаған Айдын ОЛЖАЕВ 09:00
Ей, енді не істейміз?
Дарын ЗАМАНБАЙ 29.07.2021, 08:41
Жалқау қазақтың ғалымдары да жалқау болды
Еркежан АРЫН 28.07.2021, 08:45
Заң көмегінің сапасы артуда
Сайт әкімшілігі 26.07.2021, 14:54
Нұр-Сұлтанда жаңа қаулы күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15