10.03.2021, 08:49
466
БҰҰ-на кіргеннен бастап, Қазақстан оның барлық ірі іс-шараларына белсене қатысып, оның қамқорлығымен ірі халықаралық форумдарды өткізді. БҰҰ-ның толыққанды мүшесі бола отырып, Қазақстан әлемдік қоғамдастыққа толығымен ене алды және оның мүшелігі кезеңінде жеті басымдықты белгіледі:
Біздің еліміздің бүгінгі жетістіктеріне мыналарды жатқызуға болады: Сириядағы соғысты тоқтатуға көмек көрсету, Эритреяға салынған санкцияларды жою, Ливанға бітімгершілік күштерін жіберу, Ауғанстандағы миссия және тағы басқалар.
Мысалы, Сирияда Қазақстан қақтығыстардың қарқындылығын төмендетуде маңызды рөл атқарды. Бұған Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі Астана процесі дәлел. Оның басты мәні Сирия аумағында жанжалдасушы тараптар арасындағы ұрыс қимылдардан босатылған деэскалация аймақтарын құруға байланысты. Бұл Сириядағы азаматтық соғыс тарихында ел билігі де, оларға қарсы тарап та бейбітшілікті реттеу кезінде келіссөздер үстелінде отырған бірінші жағдай болды.
2018 жылы қазанда Үндістан батальонының 120 әскерінен тұратын қазақстандық бітімгершілік рота БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күшіне қосылды. Бітімгершілік күштер бірқатар функцияларды орындады: патрульдеу, бақылау-өткізу бекеттерінде күзету, жергілікті тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ақпаратты талдау және басшылыққа жеткізу.
Қазақстан БҰҰ-мен экономика, экология, әлеуметтік даму, адам құқықтарын сақтау, терроризмге, ұйымдасқан қылмысқа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға назар аударатындығын атап өту маңызды.
Бүгінгі күні Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығы 2021-2025 жылдарға арналған тұрақты даму жөніндегі ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Оған үш бағыт кіреді:
«Бұл сәт БҰҰ елдерінің командасы үшін тарихи оқиға, өйткені біз Қазақстан үкіметімен және халқымен ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне кіреміз», — деді БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура.
Ол сондай-ақ соңғы бірнеше жылда Қазақстан үкіметі мен БҰҰ командасы бірлескен жұмыстардың ауқымды көлемін жүзеге асырғанын атап өтті: жергілікті атқарушы органдармен және билік органдарымен, азаматтық қоғаммен және жеке сектормен өзара тиімді байланыс орнатылды, сондықтан ұйым Қазақстанға қолдауын кеңейтуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке жолдаған жеделхатында атап өткендей: «Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген негізгі мақсаттар мен принциптерді сақтау және қорғау үшін тікелей жауаптымыз. Сізді Қазақстанның БҰҰ-ның болашақтағы орнықты, қауіпсіз және инклюзивті іс-қимылдарына берік екендігіне сендіргім келеді».
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР