«Кедейлерге арналған үй» сапасыз салына ма?

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

31.03.2021, 08:46

1236

        Соңғы жылдары Қарағандыда «Трилистник» тұрғын үй кешені төңірегіндегі дау-дамай басылмай тұр.       «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан «Трилистниктегі» олқылықты қала әкімі түгіл, облыс әкімі Жеңіс Қасымбек те шеше алмай келеді. Былтыр желтоқсан айында осы тұрғын үй кешеніндегі  алтыншы үйден пәтер алған жұрт билікке базынасын айту үшін шенділерді баспаналарына шақырып, шу шығарған-ды. Тұрғындардың айтуынша, тұрғын үй сапасыз салынған. Үйдегі жылу жүйесі жарылып, бірнеше баспананы су алып кеткен. Халық бұдан өзге де кемшін тұстардың көп екенін айтқан еді. Сол кезде мердігер Eurasia Building компаниясы мен билік басындағылар әдеттегідей уәдені үйіп-төгіп құтылған болатын. Ал соңғы жарты жылда осы тұрғын үй кешенінің жетінші үйінен пәтер алайын деп жүрген жұрттың наразылығы көбейді.  Өйткені мердігер құрылыс жұмыстарын кешіктіруде.

      2017 жылы «Трилистник» тұрғын үй  кешенінде құрылысы басталған, әуелгіде «бұл үйлердің құрылысы  2019 жылы аяқталады» деген ақпарат тараған еді. Содан  бері банк салымшылары жылда  қоныс тойын тойлауды армандап келеді. 192 отбасы ұлардай шулап ай сайын әкімдікке барады. Жылда уәде беріп келе жатқан шенеуніктер «биыл ақпан айында құрылыс аяқталады» деп, тағы  ант-су ішкен-ді. Одан кейін бұл мерзім наурызға шегерілді. 23 наурызда тұрғын үй кешені аумағына жиналған тұрғындар әбден шаршағанын айтып, наразы пікірлерін білдірді. Тұрғындармен қоса, шенеуніктерді шулатып қойған мердігер «құрылыс жұмысының кешеуілдеуіне пандемияның салдары тиді» деген сылтау келтірді. Мердігер құрылыс материалдарын шетелден әкелуге тапсырыс берген, ал бұл материалдардың елге жеткізілуі қиындап кеткен.    – Мен Алматыдан «осы жақта  үй алу арзандау болады-ау» деген мақсатпен көшіп келіп едім. Осыдан бірер жыл бұрын «Панель орталық» деген кешенге ақша салып, оның құрылысы бірнеше жылға созылып кеткен соң, осы «Трилистникке» өткен едім. Енді тағы күтіп жүрмін, жалақының  жартысы пәтер жалдауға кетіп жатыр. Енді мына жетінші үйдің құрылысы кешігуде. Оның үстіне сапасыз салынып жатыр. Мен әр апта сайын барып, бақылап жүремін, көңіліміз толмайды. Тіпті құрылысшылар «бұл кедей-кепшікке арналған үй» деп айтатын көрінеді. Тұрғындарға осылай айтыпты. Сонда жұрт кедей екен деп, үй сапасыз салынуы керек пе? Біз, осы жетінші үйдің салымшылары,  басқа мердігер салып жатқан сегізінші үйге өтсек деп, облыс әкіміне хат жаздық. Өйткені жетінші үйге қарағанда сегізінші үйдің сапасы жақсы. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек «бұл мәселе шешіледі, қала әкімі қарайды» деп үміттендірген болатын. Алайда қала әкімі Ермағанбет Бөлекбаев «бұл мүмкін емес» деп отыр. Наурыз мерекесінде тұрғындар жиналғанда билік «үйдің құрылысы сәуірде аяқталады» деп айтқан, бірақ сенім аз. Біз сәуірде облыс әкіміне тағы барамыз, – дейді «Жас Алашқа» сұхбат берген салымшы Күлпаш Рахымжанова.       Мердігер баспанасы бас қайғыға айналған жұртқа «20 сәуірде пәтерлеріңіз дайын  болады» деген уәде беріп құтылды. Алайда жұрттың бұған күмәні көп. Сонымен қатар тұрғындар сапасыз салынған үйдің «кілтипаны» талай әуреге сала ма деп күдіктеніп отыр.

Тегтер: баспана мәселе тұрғын үй кешен тұрғындар

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еркежан АРЫН 12:27
Қазақстан – БҰҰ: мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы заңнама
Сайт әкімшілігі 11:19
ҚазҰУ-дағы жатақхана құрылысының анық-қанығы
Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ 08:40
Бекшин мен Қиясовтың қаулысы елді індеттен құтқара ма?
Еңлік АБАҒАН 04.08.2021, 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58