Кедейліктің кесірінен суицид жасайтындар саны артып келеді

17.02.2020, 19:59

8

Қазір соғыс пен қанды қырғыннан, террористік әрекеттерденқайтыс болғандардан гөрі суицидтен қайтқандар саны көп. Әлемде әрбір 40 секундсайын бір адам өз-өзіне қол жұмсайды. Статистикаға сенсек, әлем бойынша Қазақстансуицид саны бойынша 6-орынға тұрақтаған.

Дінде де,философиялық оқуларда да, жалпы қоғам құптамайтын  суицидтің кесірінен бақилық болғандар саны тұлабойды түршіктіреді. Және демографиялық мәселелері бар Қазақстанда өз өмірін қиятындарсаны көп болуы, әлемдегі алғашқы ондық қатарында тұруы, әрине, алаңдатады. 

Өткенжылдың ресми статистикасына сенсек,3800-ден астам суицид фактісі тіркелген. Ол 2018 жылғы деректен 7,5 пайызға көп.Сол жылы 3,5 мыңға жуық адам өз-өзіне қолсалған. Салыстырмалы түрде айтқанда, бұл сандар төрт жыл бұрынғы дерекке жақындаған.2016 жылы 3,9 мың адам өз-өзін өлтірген. Суицидтің көп бөлігі ер адамдарғатиесілі екен. Бұл көрсеткіш 3000-ға жуықтаған. Былтырға қарағанда 6,6 пайызға көп. Суицид жасағандар жас мөлшері жағынан  41жасқа дейінгілерді көбірек қамтыған.

Ер-азаматтардыңарасында өз-өзіне қол жұмсау фактісінің көптігіне психологтар бірнеше уәжайтады. Негізгілері: ерлер әйелдерге қарағанда бел буған шешімінен айнымай,батылдық танытады. Мұны суицидке оқталғандардың арасында әйелдердің ерлерден көпекендігінен байқауға болады. Бірақ «депрессия» диагнозы көбіне әйелдерге қойыладыемес пе? Ендеше, не үшін ерлер көп қайтыс болады? Себебі ерлердің басым бөлігіпсихолог мамандар көмегіне жүгінбейді екен. Өйткені қоғамдағы «ер адам көзжасын көрсетпеуі керек», «олар ішкі сырын бөліссе әлсіз көрінеді» деген секілді стереотип түсініктен кейін психологиялықауруларға жиі ұшырайды көрінеді. Жүрек ауруынан ер адамдардың көп қайтыс болуында осымен түсіндіруге болады.


2019 жылғыдеректерге сүйенсек, жалғыздық сезімінен 294 адам суицид жасаған. Бұл арғы жылғақарағанда әлдеқайда төмен көрсеткіш. Осы себептен 2018 жылы 344 адам өз-өзін өлтірген.Ал ауыр материалдық жағдайдан өзіне қол жұмсаушылар саны артқан. Былтырғы қаңтар-желтоқсанайлары арасында көрсеткіш  205 адам болса, оның арғы жылы 170 адам болған-ды.1661 адам басқа да себептермен өміріне қош айтқан. 1171 өлімнің себебі анықталмады.

Кәмелеттік жасқатолмаған балалар арасында 180 суицид тіркелген. Оның 121-і ұл бала болса, 59-ы қыздар.Бірақ өз-өзіне қол жұмсауға оқталғандар арасында қыздардың саны көп. Мысалы, солжылғы деректе, яғни былтыр 270 қыз суицид жасамақшы болған.

Айнұр ТӨЛЕУБАЕВА,  әлеуметтанушы:

«Әрине, бұл мәселеге ғылыми тұрғыдан қарасақ, әсер ететінфакторлар көп. Қоғам, дін, отбасылық жағдай, психологиялық әсерлерді айтуғаболады. Бұл жерде капитализмнің де әсері жоқ емес. XIX-XX ғасырлардың атақты әлеуметтанушысыЭмиль Дюркгейм суицид жайында басқаша ой толғайды. Францияның дәстүрлі ауылшаруашылығынан индустриалды қала мәдениетіне көшіп жатқан кезінде дүниегекелген Эмиль Дюркгейм елінің байып, көркейіп жатқанымен бірге, капитализмніңтеріс жақтарын да байқаған болатын. Ол тура мағынасында капитализмді адамдарды өз-өзінжоюға алып баратын қоғам ретінде көрді. Статистикаға сүйене отырып зерттеуібойынша, франциялықтар капитализм келгеннен кейін өз-өздеріне қол жұмсау  екі есе өскен. Дамыған Ұлыбританияда, мысалы,Италияға қарағанда суицид жасайтындар саны әлдеқайда көп. Сондықтан 1897 жылыжарияланған «Суицид» деп аталатын кітабында адамдардың не үшін қайғыға душарболғанын түсіндіруге талпынып, негізгі бес факторды атады.

1. Индивидуализм. Дәстүрлі қоғамда тұлға ерекшелігісоциумдық таптармен тығыз байланысты. Бұл жерде таңдау жасау мен миды көп жұмысістетудің керегі шамалы. Адамның қоғам структурасындағы орны алдын аладайындалып қоятын. Ал заманауи капитализмде адам мамандығы мен жарын, қоғамдықортасы мен дінін саралау кезінде үлкен таңдауға жолығады. Ісі жақсы жүріп жатсаадам бақытты, несие алып жалғастыра береді. Бірақ шалыс басып жаңылып қалса,индивид қоғамнан психологиялық қысым көріп, изоляцияланып, апатия мен психикалықауруларға душар болады.

2. Ақталмаған үміттер. «Қатты талпынсаң, бастық боласың» дегенсықылды ұранды сөздер өзіне баурайды. Бұл жерде бастық болу мен болмау  мүмкіндігіңіз теңдей. Сондықтан адам өзі жетеалмайтын бай-бағландық өмір жайында ойлап қиналса, заманауи капитализм жаны ашып,жанашырлық танытудың орнына оны жетіспеушілік, кемшілік ретінде қарап, суицидкеитермелейді.

3. Шектен шыққан еркіндік. Бұрын қоғамға деген көңілтолмаушылықромантикалық әдебиетте анық көрінеді. Көтерілістер мен әртүрлі жиын белсенділеріылғи да қоғамдық нормалардың тым көп екенін айтып шағымданатын. Бірақкапитализм келісімен осы шектеулер жойылып, үйлену, балалы болу секілдіколлективті мәселелер өз құндылықтарын жоғалтты. «Өзің қалай дұрыс деп тапсаң,солай істе» деген кеңес берді. Бір жағы, дұрыс та секілді, сізге еркіндікберіліп тұр. Бірақ, екінші жағынан, бұл сіздің мәселеңіз ешкімді алаңдатпайдыдегенді білдіреді.

4. Атеизм. Дюркгейм өзі атеист болса да, діннің қоғамдағырөлі төмендеп, өз функциясын атқармайтынына алаңдаушылық білдірген. Егер дінадамзатты біріктіретін болса, одан неге бас тарту қажет? Біртектілік адамдарғажан тыныштығын сыйлайды және өз табиғатынан дін – бақытсыздардың тірегі, жұбанышы.Капитализм дінді ығыстырса да, орнына ештеңе ұсына алмайды.

5. Ұлттық және отбасылық институттардың әлсіреуі. Эмиль ұлттықидея құндылықтарын зерттей келіп, олардың дін секілді айналасына адамдардытоптастыра алмайтынын айтады. Өзіңіз шынымен-ақ ойланып көрсеңіз, батырлық, патриоттықсезімдер мәңгілік емес. Бір кездері мұның орнын отбасы толтыратындай көрінген,бірақ, байқап отырғанымыздай, балалар өскен соң ата-аналарынан біртіндепалыстайды. Олардың жолын қумайды. Социалды орталары бір-біріне байланыстыболатынын күтпейді және ата-анасының беделі өздеріне байланысты екенінсезінбейді.

Бүгінгі таңда отбасы да, ұлттық құндылықтар да адамдардыңқоғамдық мүшелікке деген сезімдерін қалыптастыруға шамалары келмейді.  Э.Дюркгейм бүгінгі экономика жеке адамдарғатым ауыр күш салып жібергенін көрсетті. Бірақ беделің мен бірегей жұбанышыңнанайырылатындықтан, жеке адамдарға бұдан бас тарту қиын».

Дүниежүзілікденсаулық сақтау ұйымының дерегіне сенсек, әрбір 40 секунд сайын бір адамсуицид жасайды. Жылына 800 мың адам осы себептен қайтыс болады екен. Өз-өзіне қолжұмсау фактісі ең төмен ел Ұлыбритания болып шықты. Ол елде 100 мың адамға шаққанда15,5 мыңы өзіне қол жұмсаудан бақилық болады. Бұл көрсеткіш ең жоғары ел –Гайана, екінші – Лесото, үшінші орынға Ресейді жатқызған. Бір қызығы, біздіңРесейге жақын аймақта, яғни еліміздің солтүстігінде суицид жасаушылар саны оңтүстігімізгеқарағанда әлдеқайда көп. Осы статистикада Қазақстан 6-орында тұр. Беларусь елі8-орында. Саяси, экономикалық доспыз деп таныстыратын үш елдің суицид көрсеткішібойынша алғашқы ондыққа бірге кіргені де қызық. Өз-өзіне қол жұмсаушылардыңжартысынан көбі 45 жасқа толмағандар. 2014 жылғы деректе Қазақстан (4,2 мың), Қырғызстан(4,6 мың), Өзбекстан (4 мың) статистика көрсеткішінде бір-біріне жақын орналасқанеді.

 Орынтай ЖАҢАБАЙҚЫЗЫ,филологияғылымының кандидаты, доцент:

«Қазіргікезде еліміз суицид бойынша әлемнің алдыңғы қатарында тұруы өте қорқынышты. Бұлкешенді түрде шешім табар мәселе дер едім. Мұның жасөспірімдер арасында жаппайсипат алуы ойландырарлық жағдай.

Әлемде«цифрлық жетіспеушілік» деген аурудың жаңа түрі пайда болды. Қазіргі заманғытехникалық құрылғылардың ықпалымен адамның зияткерлік қабілетін төмендету үдерісінОңтүстік Корея дәрігерлері «цифрлық жетіспеушілік» деп атады.

Дәрігерлержас ұрпақтың сандық технологияларға деген қызығушылығы мен балалардың ертежаста цифрлық құрылғыларды пайдалана бастағандығына шындап алаңдаулы. Тәуелдіадамдар өзін үйреншікті құрылғыларсыз дәрменсіз сезінеді, өйткені өзінің жекежадына емес, сандық жадқа сенеді. Адамның өмірін жеңілдететін жоғарытехнологиялар оның миының белсенділігін төмендетеді. Гаджеттерді пайдалану арқылымидың сол жақ бөлігін белсенді пайдаланады. Оң жақ сол уақытта «тоқтап қалады».Мұндай адамдардың «цифрлық жетіспеушілікпен» ауру қаупі 15 пайызға артты.

Қоғамдасуицидтің кең таралуына тағы бір әсер етіп отырған жағдай, ол әлеуметтік теңсіздікмәселесі дер едім. Мектептерде әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушыларкөбіне «өз қатарымнан қалып қойдым» деп қорланады. Бұл психологиялық мәселе.Білім және ғылым министрлігі мұны сауатты да әділетті шешуге күш салуы қажет. Мамандар жыл сайын Қазақстанда 14 пен 17жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 6-8 суицид фактісі тіркелетінін айтады.
Елде 2005-07 жылдары кәмелетке толмағандарарасында 1364 өз-өзіне қол салу фактісі анықталып, оның 887-сі қазамен аяқталған.2005 жылы – 261, 2006 жылы – 274, 2007 жылы 352 суицид тіркелген.

Жоғарыда келтірілгендеректер, әлбетте, адам шошытады. Қазақстанның бұл дертте алдыңғы қатардаекенін айттық. Посткеңестік елдерде де суицидтің жиілігі шешімін таппаған ортақмәселе. Тығырыққа тірелген идеология, жалпы халықтық құндылықтың жоқтығы, жалпақтілмен айтсақ, жұрттың көп бөлігінің бақытсыз екенін көрсететіндей.

Автор: Думан ТЕРЛІКБАЙ.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 13:38
Алматыда бірнеше көше жабылады
Сайт әкімшілігі 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Алматыда Көк базар жабылады
Сайт әкімшілігі 09:21
Індет жұқтырған 98 адамның жағдайы ауыр
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 24.09.2020, 10:28
Халық алдындағы жауапкершілікті сезінбеу қылмыс
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:25
Пандемия білім саласына серпін бере алды ма?

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39