"Келесі президент сайлауында әйел жеңеді"

04.11.2019, 13:17

4

Қарашаның 3-і күні АҚШ-тағы Техас штатының астанасы Остинқаласына президенттікке бұрынғы үміткер Хилари КЛИНТОН мен оның қызы Челси КЛИНТОНкелді. Клинтондар өздері бірігіп жазған “The Book of Gutsy Women: Favorite Storiesof Courage and Resilience” (Ержүрек Әйелдердің кітабы: Батылдық пен табандылықтуралы сүйікті әңгімелер) атты кітабын көпшілікке таныстырды. Ривербендорталығында өткен Клинтондармен кездесуге 20 мыңдай адам қатысты.

АҚШ-та әдеттебелгілі саясаткерлер қатысатын жиынға халықты бір сағат бұрын кіргізе бастайды. Қаласыртында өтетін жиынға екі сағат бұрын шығып, ғимаратқа жақындай бергеніміз соледі, үлкен жолдың жиегінде «Трамп 2020», «Келесі сайлауда Трампжеңеді» деген жазуы бар плакаттарды ұстап, Трамптың аты жазылған футболкакиген ондаған адам наразылық шарасын өткізіп тұрды. Жол жиегіне шығып кеткеннаразылар Клинтондармен кездесуге келе жатқан жұртқа плакаттарын көрсетіп,«Клинтон түрмеде отыруы тиіс қылмыскер» деп айғайлап жатты.

 Кітаптың тұсаукесері өтетін жерге бір жарымсағат бұрын жетсек те, мыңдаған адам қаз-қатарынан ұзын-сонар кезекке тізіліпүлгеріпті. Кезектің соңын іздеп жүргенімізде, қолына дауыс зорайтқыш пенплакаттар ұстаған тағы бір топ адам Ривербенд орталығының артындағы алаңқайғакеліп, Хилариге қарсы наразылық шарасын өткізе бастады. Бір кезде велосипедмінген наразылардың біреуі «Көздеріңді ашыңдар, құрсаудан шығар кезкелді» деп ұзын кезекте тұрған жұрттың мазасын ала бастады.  Кітаптың тұсаукесеріне келген Хиларидің  кейбір жақтастары наразыларға қарата«ауыздарыңды жабыңдар!» деп айғайлап жатты.

Техас штатынегізінен Республикашыл партияның жақтастары, президент сайлауында Трамп бұлштатта 52 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен. Соған қарамастан Клинтондарменкездесу өткен залда ине шаншыр орын болмады.

Клинтондарменкездесу жиынын белгілі белсенді, «Америкадағы отбасын жоспарлау»федерациясының бұрынғы президенті Сесиль РИЧАРДС жүргізді. Ортаға шыққан Хиларимен Челси Клинтондарды зал тік тұрып қошеметпен қарсы алды.

Хилари және ЧелсиКлинтон әуелі бұл кітап саясат, ғылым, спорт, қоғамдық өмірде өз орнын тауып, өзініңжәне өзгенің құқықтары үшін күресіп, жетістіктерге жеткен әйелдер жайлыжазылғанын баяндады.

"Іссапарменәртүрлі аймақтарды аралап жүргенде, менімен кездескен адамдар «сізді кімрухтандырады? Кімді үлгі етесіз? Пір тұтатын адамыңыз бар ма?» депсұрайтын. Сөйтіп, Челсимен бірге сондай әйелдер туралы кітап жазамыз деген ойғакелдік. Алдымен бізді рухтандыратын жүздеген әйел адамның тізімін жасадық. Сөйтіп,200 шақты әйел туралы эссе жазып шықтық. Кітапқа жасы келген, орта жастағыәйелдер ғана емес, Малала Юсупзай сияқты жас қыздар жайлы эсселердіқостық", – деді Х.КЛИНТОН.

Челси Клинтон әзіл-шынынараластырып, анасымен кітап жазғанда қандай қиындықтарға тап болғанын тізді.«Мамам әлі күнге дейін қолмен жазады. Кітаптың соңғы нұсқасын жазып біткенсоң, бірігіп өңдеу керек болды. Анам ортақ құжатты редакциялай алатын шығар депойладым. Сөйтсем, әр бетті қағазға басып шығарып, үстінен түзеп, онысын фотоғатүсіріп, „осы жерін түзе“ деп өзіме жібереді», – деді Ч.КЛИНТОН.

Бұған зал ду күлді.Еш саспаған Х.Клинтон: «Мен ғана емес, Барак Обама да қолмен жазады»деп салды.

Хилариге қарсыларғимараттың сыртында ғана емес, ішінде де жүрді. Тіпті залға кіру үшін 50 долларынаямай билет сатып алыпты. Жиынның бел ортасында Хилариге наразылардың бірісахнаға жақындап, айқайлай бастады. Бірақ залға жиналған мыңдаған адаморындарынан тік тұрып, Клинтонға қолдау көрсетті. Қауіпсіздік қызметі тәртіпбұзған адамды бірден сыртқа шығарып жіберді.

Бір сағатқасозылған жиында Клинтондар кітапқа енген әйелдердің еңбектеріне жеке-жекетоқталып, оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.

Кездесудіқорытындылаған Х.Клинтон келесі сайлауда Демократтар жеңіске жететінін астарлапмеңзеді. «Алдағы 365 күн біз үшін маңызды болмақ. Сондықтан әркім қолынанкелгенін жасауы керек. Ел үшін қатты алаңдаймын. Мемлекетке күнде жасалыпжатқан залал үшін уайымдаймын. Мұны реттеп, қалпына келтірудің жалғыз жолы –сайлауда жеңу. Демократтардың қазір импичмент жариялау үшін зерттеу жүргізуденбасқа амалы жоқ. Солай болған күннің өзінде бұл Республикашылдар менДемкораттардың айқасы болатыны түсінікті. Әрі бұл жерде мемлекеттен партиясынжоғары қоятын Республикашылдар импичментті қолдамайтыны белгілі. Сондықтансіздердің қолдауларыңыз керек, шындықты қолдаңыздар. Келесі сайлауда әйелжеңеді», – деді ол.

 

Остин қаласы, Техас штаты, АҚШ



Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 11:11
10 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік Алматы облысында ұсталды
Сайт әкімшілігі 11:08
Алматыда Көк базар жабылады
Сайт әкімшілігі 09:21
Індет жұқтырған 98 адамның жағдайы ауыр
Мұрат ӨТЕБАЙҰЛЫ 24.09.2020, 10:28
Халық алдындағы жауапкершілікті сезінбеу қылмыс
Еркежан АРЫН 24.09.2020, 10:25
Пандемия білім саласына серпін бере алды ма?
Жарлы БАЙҒАНИН 24.09.2020, 10:16
"Арзанның сорпасы татымас"

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39