Кемтар баланы ұрған атыраулық тәрбиеші жазаланбаған

Айжан БҮРКІТБАЕВА

19.12.2020, 14:04

1948

Атыраулық балабақшада тәрбиешінің баланы ұрып-соққаны туралы видео желіде қызу талқыға түсіп жатыр. Бейнежазбаға әйелдің кішкентай баланың басынан, денесінен ұрып, құлағынан тартып, аяғынан басқаны түсіп қалған. Бүлдіршін жылап тұрып тәрбиешісін құшақтайды, алайда әйел қол көтеруін тоқтатпаған.

Видеоны баланың әкесі – Рашид Түкешов Facebook парақшасында ҚР бас прокурорына, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне, Атырау облысының әкімдігіне, мемлекеттік қызметшілер жөніндегі агентіктің департаментіне, «Nur Otan» партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасына, Аружан Саинға және барлық құзіретті органдарға үндеу ретінде жариялаған.

«Жүйкесі жұқарғандарға көруге болмайды» деп басталатын мәтінде Рашид Түкешов баласын аяусыз ұрып-соққан балабақша тәрбиешісіне ҚР Қылмыстың кодексінің «Азаптау» бабына сәйкес іс қозғалғанымен,  оның әлі жұмыстан босатылмағанын айтады:

«2019 жылы 18 қарашада Атырау  қаласында сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мемлекеттік мамандандырылған «Алтын балық» балабақшасында тәрбиеші Мария Кабдуловна Измаганбетова бірнеше рет менің ұлым А.Р.Ермековке дене жарақатын салған. Менің ұлыма қатысты зорлық-зомбылық, қорқыту және түрлі дене жарақаттарын келтіру фактілері бар 25 видеоматериал бар. Қазіргі уақытта мұғалім әлі де сол жерде балалармен жұмыс істеуді жалғастыруда. Менің ұлым невропотологтың есебінде тұр. Сол үшін де ол оқиғаны айта алмайды. Барлық жерге бардық, қазіргі таңда әділдік жоқ», – дейді баланың әкесі.

Ер азаматтың сөзінше, талай құзіретті органдардың табалдырғын тоздырғанмен, еш нәтиже болмаған. Тек қалалық білім беру тарапынан тәрбиешіден түсініктеме жазу талап етілген, алайда Мария Кабдуловна түсініктеме жазудан бас тартқан. Ата-ананың тілегі әділдік орнап, ұлдарын аяусыз ұрып-соққан тәрбиеші жазасын алса дейді.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрболат ӘЛДИБЕК 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:19
Қапшағайда демалысқа уақытша тыйым салынды
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 09:12
Бес қалада жаңа шектеулер күшіне енді

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58