Кеңес әскері Кабулды қалай қайырды?

25.12.2019, 13:01

6

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан территориясына аяқ басқанына 25 желтоқсанда 40жыл толады. «Ауған соғысы» деген атпен тарихқа еніп, 10 жылға созылған бұлсоғысқа біздің республикамыздан 22 мың адам қатысып, оның 1000-ға жуығы ажалқұшты, 20 адам із-түзсіз жоғалды, қаншама жан мүгедек атанды. Кеңес әскерініңмемлекеттік шекараны кесіп өтіп, Кабулға жасаған алғашқы соққылары қалай жүзегеасты?

1978 жылы 27 сәуірде Ауғанстанхалықтық-демократиялық партиясына (АХДП) мүше-офицерлер өз бөлімшелеріменпрезидент сарайына шабуылға бастап, М.Дауд режимінқұлатты. Бұл оқиға тарихта «Сәуір төңкерісі» деген атпен қалды. Әскери-революциялық кеңес 29 сәуірде елдегі биліктіН.М.Тараки басқаратын революциялық кеңеске берді.    30 сәуірде АХДП өзінің бірінші мәжілісінде орталық комитеттіңбас хатшысы қызметіне Н.М.Таракиді, орынбасарлыққа Бабрак Кармальды сайлады.Осы күні елді Ауғанстан Демократиялық  Республикасы (АДР) деп жариялады.  

Бірақ сәуіртөңкерісі нәтижесінде билікке келген АХДП ел тізгінін ойдағыдай ұстап тұраалмады. Ел ішінде жүргізілген реформалар халық тарапынан қолдау таппады. Оғанқоса, АХДП арасында алауыздық пайда болып, Б.Кармаль мен оның жақтастарыэмиграцияланды. Н.Тараки мен Х.Амин арасында текетірес басталды.

АДР үкіметіне қарсы құрылған оппозициялық партиялардың күшімен Пәкістанаумағында қарулы отрядтарды даярлау лагерьлері мен базалары құрылды. Ол отрядтар Кабулға қарсы әскери іс-қимылдар жасау үшінАуғанстан аумағына жөнелтіліп отырды. 1979 жылдың аяғына таман Пәкістанаумағында орналасқан қарулы отрядтарды даярлауға арналған 23 лагерьде 35 мыңадам даярлықтан өтті. Оған қоса, Ауғанстанмен көршілес елдерде 100-ден астам оқу орталықтарыжұмыс істей бастады, ал олардағы бүлікшіл күштер 100 мың бандит пенжалдамалыларға дейін өсті.

Мемлекеттік билік пен армиядағы ішкі алауыздықты, сондай-ақ жердіпайдалануға шаруалардың барған сайын көңілі толмауын пайдалана отырып,моджахедтер 1979 жылғы наурыз айының ортасына қарай қаруды белсенді пайдалануғакөшті. Хост, Гардез, Герат, Желалабад гарнизондарында ірі бүліктерұйымдастырылды. Мамыр айының соңында моджахедтердің осындай қарулыіс-әрекеттерінің арқасында Ауғанстанның 22 провинциясы соғыс жағдайына көшті.Соғыс қимылдары  Пактия, Газни, Бамианпровинцияларында белсенді түрде етек алды.

1979 жылғы наурызда өткен Гераттағы үлкенбүліктен кейін Н.Тараки КСРО-ға әскер кіргізу жөнінде алғашқы өтінішін айтты. Мәскеу оған қарсы жауап бергенімен,1979 жылы мамыр айының басында ортаазиялық республикалардың түпкілікті ұлтынанжасақталған арнайы мақсаттағы батальон құру жөнінде шешім қабылдады. Арнайымақсаттағы батальон үшін әскери құрама Түркістан және Орта Азия әскери округінің мұсылман ұлты өкілдерінен,әсіресе барлаушылар, атқыштар және танкшілер бөлімшелерінен таңдалып алынды.Шығыс тілін білу және қайратты болу – басты талап болды. Ол арнайы екі топқабөлінген бес ротадан тұрды. Саны 500 адамнан сәл артық болды. Бұл батальонХафизулла Амин сарайын алуға қатысты.

Ауғанстанға әскер кіргізу жөніндегі соңғы саясишешім 1979 жылы 12 желтоқсанда түс ауа шағын ғана кеңес басшыларының тобыменқабылданды. Бұл топта Брежнев, Суслов, Андропов, Устинов және Громыко болды. Ауғанстанның заңды үкіметінің өтінішін ескеріп және 1978жылғы 5 желтоқсандағы Шартты, сондай-ақ БҰҰ жарғысының мемлекеттердің өзін-өзіқорғау құқығы туралы 51-бабын алға тартып, КСРО Ауғанстанға қарулы күштерінкіргізуге келісті.

1979 жылы 25 желтоқсан күні Мәскеу уақыты бойыншасағат 15:00-де (жергілікті уақытпен 17:00-де) КСРО қорғаныс министрініңбұйрығымен әуеде де, жерде де мемлекеттік шекараны кесіп өтті. Ауғанстанғакеңес әскерлерін кіргізу басталды.

1979 жылдың 26 желтоқсанында Ауғанстан территориясына түсірілген дивизияныңміндеттері анықталып, соғыс операцияларына дайындалу жұмыстары басталды. Соғысқимылдарының алғашқы нысанасына «АДР жетекшісі Х.Амин орналасқан Тәжі-Бексарайы, бас штаб орналасқан ғимарат, Кабулдағы радио және телевидение үйі, қалаортасында орналасқан әскери корпустың штабы, Пули Чархидегі түрме, Баграмда орналасқанзенитшілер мен авиациялық гарнизон» алынып, бұл объектілерді басып алубұйырылды.

Кеңес әскерлерінің ең алғашқы соғыс қимылы 27 желтоқсанда Хафизулла Аминніңкөзін жоятын жауынгерлік операциядан басталды. Ал бұл күні кеңес әскерлерініңАуғанстанға кіргізілгеніне және өз мақсатына жеткеніне дән риза болған Х.Аминкүндіз өзінің сарайында саяси бюро мүшелерін, министрлерін жанұяларымен қосашақырып, түскі тамақ берді. Бұған себеп, біріншіден, жақтаушыларына өзінің жаңарезиденциясын көрсету болса, екіншіден, кеңес әскерлерінің Ауғанстанға келебастағанын айтып лепіру еді. Бірақ кенеттен түскі тамақ ішу барысында Х.Аминніңөзі де, қонақтары да өздерін жаман сезінді. Кейбіреулері есінен айырылды.Х.Амин толық есін жоғалтты. Ал бұл оқиға кеңестік мемлекеттік қауіпсіздіккомитетінің (МҚК) бастамасымен болып жатқан операцияның іс-әрекеттері еді.Операция жетекшілерінің ойы – Х.Аминді тамағын улау арқылы көзін құртып, тезарада Тәжі-Бек сарайын басып алу деген ұйғарым еді.

Ауған қарулы күштерінің жоғарғы саяси басқарма бастығы М.Экбал Вазиридіңөтініші бойынша Кабулда орналасқан кеңестік дәрігерлер тобы сарайға шақырылды.Бұл операция құпия түрде жүріп жатқандықтан, дәрігерлерге ескертілмегенболатын, сондықтан да олар тапсырманы орындауға кедергі де келтірді. Кеңестікдәрігерлер сарайға келісімен тамақтың жаппай уланғанын анықтады. Ал дәрігерлерХ.Аминнің бөлмесіне кіргенде, ол ес-түссіз жатыр еді. Дәрігер-полковниктерВ.Кузнеченков пен А.Алексеев оны жуынатын бөлмесіне апарып су шашты жәнеасқазанын шайды. Сосын, демалатын бөлмесіне әкеліп, укол, система және екіқолының тамырына инелер екті. Сөйтіп, оны аман алып қалды. Бірер сағат өткенсоң ол есін жиып, «Бұл жағдай неге менің үйімде болды, мұны кім істеді,кездейсоқ болды ма, әлде қастандық па?» – деп аласұрды.

Ал Тәжі-Бек сарайын алу операциясы кешкі сағат 19:30-да «Дауыл-333» белгісібойынша басталды. Сарайды басып алу операциясына МҚК полковнигі Г.И.Бояриновжетекшілік етті. Оған 50 адамнан тұратын МҚК офицерлер тобы, капитан В.А.Востротинбастаған 9-рота десантшылары, 345-ші дербес жаяу десантшылар полкының бірвзводы және бұрыннан дайындықта жүрген майор Х.Т.Халбаевтың арнайы мақсаттағымұсылмандық батальоны қарады. Бұлардың бәрі ауғандық әскери формада киінді.

Шабуыл жалпыға ортақ белгі бойынша басталды. Жауынгерлік қимыл қараңғыкезде басталғандықтан, кеңестік жауынгерлердің қолына ақ шүберек байланды, албас киімдеріне ақ лента жапсырылды. Мұның бәрі Х.Аминнің қарауылдарымен шатасыпқалмау үшін жасалған белгі еді.

Сарайды басып алу соғысы30-40 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде МҚК-нің арнайы тобы Х.Амин орналасқанбөлмеге де басып кірді. Атыс барысында осы топофицерінің қолынан Х.Амин қаза тапты. Х.Амин асыға күткен кеңес әскерлері оның өзініңкөзін жойды. АДР басшысының мәйіті кілемгеоралды. Негізгі тапсырма орындалды. Шабуыл барысында кеңестік жауынгерлерден 11 адам шейіт болды. Майор Халбаевтың батальонынаналты адам, десантшылардан төрт адам және осы операцияға жетекшілік жасаған МҚКполковнигі Г.И.Бояринов қаза тапты. Отыз сегіз адам әртүрлі деңгейде жарақат алды.

«Дауыл-333» соғыс операциясының құрамында және Тәжі-Бек сарайына шабуылжасаған арнайы мақсаттағы мұсылмандық батальон қатарында біздің қазақстандықжерлестеріміз де болды. Оның бірі қатардағы жауынгер Расульметов ҚұрмантайМұратұлы еді («Қызыл жұлдыз»орденімен марапатталды. Шымкентте жерленді). Әскери тапсырма мен бұйрықтыорындау үшін соғыс қимылына кіріскен К.Расульметов отырған бронялы машина (БТР)кенеттен дұшмандар зеңбірегінің көзіне ілікті. Дұшмандар қолымен көздей отырыпатылған зеңбірек оғы бронялы машинада орналасқан К.Расульметов пен оның жолдастарынмәңгілікке көз жұмдырды. Сөйтіп, қорғанысы мықты Тәжі-Бек сарайына шабуылдаубарысында бірнеше жауынгер өмірмен мәңгілікке қош айтысты. Күзеті өте күштісарай, біріншіден, оқ өтпейтін дуалдармен қоршалса, екіншіден, арнайы орындарғаорналасқан «Шилка» атты зениттік қондырғы аузынан айдаһарша от шашты,үшіншіден, сарай биіктікте орналасып, ашық айналаға қарай оқ жаудыруға қолайлыболды. Ал шабуылға шыққан десантшылар тобы көзге айқын көрініп, оларды жайратуоңайға түсті. Әйтсе де шабуылға көшкен МҚК қызметкерлері мен десантшылар тобыболмайтын істі болдырып, сарайды алды. Өйткені бұйрықтың аты – бұйрық.

Кабулда басып алуға көзделген келесі нысана – бас штаб ғимараты, негізінен,жоспарланған тапсырмаға сай жүзеге асты. Орталық телеграфтағы жарылыс Якуб (бас штаб бастығы, подполковник) пен оның жақтастарының алынғандығы жөнінде берілген белгіеді. Бірақштаб ғимаратындағы жарылыстар мен атыстың басталуы үрей туғызып, қарсы жақтаноқтың жаудырылуына әкеп соқты. Десантшылар тобының шабуылының арқасында ғимараттолық басып алынды. Артынша штаб офицерлері мен ондағы күзетшілер толығыменқарусыздандырылды.

Танкшілер ротасы күзеткен Кабулдағы радио және телевидение үйін басып алуоперациясын аға лейтенант А.В.Попов басқарған 345-ші дербеспарашютші-десантшылар ротасы жүзеге асырды. 27 желтоқсан күні операцияныбастауға 15-20 минут қалғанда рота телевидение үйіне жылжып, шабуылғадайындалды. Шабуыл белгісін алғаннан кейін барлаушылар гранотаметпен күзетшітанкілерді аяусыз атқылауды бастап, телевидение үйіне кіре бастады, бірақоларды ішкі күзетшілер оқ жаудыру арқылы қарсы алды. Ұрыс қимылы шапшаң жүрді,бір барлаушы ауыр жараланды. Бәрі аяқталған соң, орталықтың қызметшілері азатеткені үшін (олардың сөзімен айтқанда, Х.Амин қанауынан) барлаушыларға өзалғыстарын айтты. Телевидение және радио орталығы Америка елшілігінің қасындаорналасқан еді. Елшілікте істейтін ауғандықтардың айтуы бойынша, телевидениеүйіндегі соғыс елшілік қызметшілері үшін тосаттан болып, қатты үрей туғызды.Елшілікке қарай оқ жаудырылған кезде қызметшілердің көпшілігі кереуеттің,столдың және үй астына тығылды. Десантшылар атқылаған танкілер таң атқанша жанды,олардың ішіндегі снарядтар жарылып, жақын маңайда тұратын тұрғындардың зәресінұшырды.

Пули-Чархидегі түрме парашютші-десантшылар батальоны және өздігінен жүретінартиллериялық дивизион күшімен басып алынды. Х.Аминге берілген екі танкшілербригадасының түрмеге жақын тұруы тапсырманы орындауды қиындатып жіберді.Түрмені алуды бастамас бұрын, оларды тырп етпейтіндей қоршап алу керек еді.Бірақ шабуылды созуға тағы да болмады, өйткені саяси тұтқындарды азат етіпүлгермесе, көзін жойып жіберуі мүмкін еді. Десантшылар бұл тапсырманы датабысты орындады. Танк экипаждарын машиналар тұрған орынға жете алмайтындайетіп казармада қоршап алды. Бұл қоршаудан шығуға әрекет еткен кез келгенұмтылысты пулемет оқтары күтіп тұрды. Шабуыл десантшылардың броняланған машинапушкалары арқылы атқылауынан кейін басталды. Десантшылар түрме территориясынабұза-жара кіріп, жарты сағат ішінде барлық күзетшілерді қарусыздандырды. Саяситұтқындарды табу мен азат ету МҚК офицерлерінің және олардың ауғандықкөмекшілерінің ісі болды.

Кабулдағы басқа объектілерді басып алу шығынсыз және аса қиындықсыз жүзегеасты. Түнгі сағат 12-де, негізінен, операция жұмысы бітті. Сөйтіп,жарияланбаған соғыстың алғашқы сөткелері аяқталды. Бұл ұрыс барысында 10десантшы және 8 арнайы мақсаттағы жауынгер, оған дейін 37 адам әуе апатынанқаза болды. Одан басқа, 20 десантшы және 37 арнайы мақсаттағы жауынгержараланды.

Артынан алғашқы құрбан болған жауынгерлердің аты-жөндері анықталды. 345-ші дербеспарашютші-десантшылар полкынан қаза болғандар: кіші сержант А.С.Дворников,қатардағы жауынгерлер: О.П.Головня, А.Ш.Гельмагометов, М.В.Шелестов,В.В.Савоськин, В.Н.Очкин, В.В.Поволознюк, В.Ю.Кашкин. 103-ші әуе-десантшылардивизиясының артиллериялық полкынан қатардағы жауынгер Р.З.Яхин, 347-ші парашютші-десантшыларполкынан жарақат салдарынан 13 қаңтарда қатардағы жауынгер А.А.Ануфриев қазаболды. Майор Х.Халбаевтың арнайы мақсаттағы мұсылмандық батальонынан: кішісержант М.А.Шербаков, ефрейтор А.Мамаджанов, қатардағы жауынгерлерК.Расульметов, Х.Кусанов, К.Курбанов, А.Бақадыров қаза тапты.

27 желтоқсан күні барлығы 1700 адам тұтқынға алынды. Келесі күні таңертеңкеңестік қолбасшылар орналасқан бекетке МҚК офицерлері мен елшілік қызметкерлерібір топ ауғандық азаматты алып келді. Бұл топты болашақ жаңа үкіметтің жетекшісіжәне Ауғанстан халықтық-демократиялық партиясының (АХДП) көшбасшысы БабракКармаль бастап келді. Дәл осы күні, 27 желтоқсанда кеңестік жауынгерлердіңТәжі-Бек сарайына шабуыл жасап, Х.Аминнің көзін жойғаннан кейін, Ауғанстанхалқына Б.Кармальдың үнтаспаға жазылған үндеуін Кабул радиостанциясы жариялады.Бұл үндеуінде ол: «Біздің мыңдаған отандастарымызды, бауырларымыз беніні-қарындастарымызды мерт еткен Х.Амин және оның жендеттерінің зорлық-зомбылықәрекеттері бұзылды», – деп хабарлады.

Бабрак КармальКабулға Кеңес Одағы әскерлерінің ізінше келді. Парчамшылар көсеміне КСРОбасшылары аминдік тәртіптің қалдықтарын жою туралы нақты міндеттер қойды.Партияның жаңа көсеміне тек қана қателіктерді жою емес, революцияның әлеуметтікбазасын кеңейту мен ауған халқының басым бөлігін АХДП жағына тарту міндеттеріде қойылған еді. Сондықтан да Б.Кармальға партия ішіндегі қарама-қайшылықтардыңүдеуін тоқтатып, революцияның жауларына қарсы күресте халықты біріктіру керекеді. Мәскеу Б.Кармальдың ұрандары мен мүмкіндіктері бұған толық жетеді жәнеелдегі ахуалды өз жағына бұру қолынан келеді деп санады. Бірақ оқиға Мәскеуойлағандай сценариймен емес, керісінше, елді тығырыққа тіреген жолмен жүрді.

1980 жылы қаңтар айында 40-шы армия қолбасшысы, генерал-лейтенант Ю.В.Тухариновтіңжетекшілігімен кеңестік әскерлер елдің маңызды аудандарына орналасты. Ауғандықармиямен бірлесіп әкімшілік орталықтарды, қажетті объектілерді, әуежайлардыжәне Хайратон-Кабул, Кушка-Герат-Кандагар, Кабул-Желалабад,Пули-Хумри-Кундуз-Файзабад автомагистральдарын қарауылдауға алды. Оған қоса,кеңестік мамандар мен кеңесшілер орналасқан және кеңес-ауған бірлескенобъектілеріне мықты қарауыл күзетін орнатты (Жарқұдық және Шибарған газ өнеркәсібінде,Сурибу, Наглу, Пули-Хумри, Кабул электростанциясында, Мазари-Шарифтегі зауытта,Саланг жерасты жолында). Кеңестік әскерлер барлығы 21 провинцияны, тоғызәуежайды (Кабул, Баграм, Шинданд, Кандагар, Кундуз, Желалабад, Гардез, Герат,Файзабад) қамтамасыз етті.

Осылайша 1979 жылғы 25 желтоқсанда Ауғанстан территориясына кірген кеңесәскері екі-үш күннің ішінде Кабулды толық қайырып, Бабрак Кармальдың қолынасалып берді. Х.Аминнің көзі жойылып, оның режимі толық құлатылды. Мұндайауқымды әскери операцияның мазмұнды өтуіне Мәскеу мықтап дайындалған еді.Бүгінгі күні бұл оқиғалардың артта қалғанына 40 жыл толғанымен, ауған халқыныңбейбіт тұрғындарын қорғау жолындағы күресте ағылған қан мен шашылған мәйіткөрген жауынгерлеріміздің жүрегінен Ауған жарасы, сірә, кете қоймас дегенойдамын.

Авторы: Болат Сайлан.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18.09.2020, 10:02
Коронавирусқа қарсы қолданатын дәрі қауіпті болып шықты
Айжан БҮРКІТБАЕВА 17.09.2020, 11:16
Кәдеге аспаған диплом
Б. НҰРЛЫБАЕВ 17.09.2020, 11:03
Бар кінә өзімізде
Мариям МАҚСАТ 17.09.2020, 09:26
Жетімдердің жанайқайы мемлекет оларға қашан үй береді?
Қарлығаш Зарыққанқызы 17.09.2020, 09:10
«Тұрмысты түзейді»
Сайт әкімшілігі 16.09.2020, 15:53
Қазақстандықтардың қарызын кешіру ұсынылды

Аңдатпа


  • Кәдеге аспаған диплом
    17.09.2020, 11:16
  • Бетпердені автобуста сатып алуға болады
    20.08.2020, 16:26
  • Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
    16.09.2020, 09:45
  • Жәрмеңке қайта жалғасады
    11.09.2020, 21:58
  • Сылтауы бітпейтін әкім
    15.09.2020, 11:04