Кенесарының ескерткіші бұзылуы мүмкін

19.09.2018, 04:38

289

Жамбыл облысында қазақтың соңғы ханы Кенесарының ескерткіші бұзылуы мүмкін. Бұл туралы facebook.com әлеуметтік желісінде мәдениеттанушы Нұрлан ӘУЕЗХАНҰЛЫ жазды.Алматы – Ташкент тас жолы бойындағы ескерткішті Меркі мен Құланда тұрып жатқан төрелер өз қаражаттарына орнатқан. Алайда Шудың бойында тұрған Хан Кененің тас мүсіні жергілікті шенеуніктерге ұнамай қалған екен. Бюджеттен бір тиын алмай қойылған ескерткішке демонтаж жасау керек депті облыстағы шенділер.«Үкімет соңғы ханымыздың басын қайтару үшін түк те жасап жатқан жоқ. 2017 жылдың 7-тамызында Кәрім МӘСІМОВ Владимир ПУТИНГЕ ауыша өтініш жасаған еді. Мен РФ-ның Мәдениет министрі орынбасарынан осы мәселеге қатысты жауап та алғам. Олар Кенесары басын қайтаруға қарсы еместіктерін білдірді. Үкіметтік емес ұйымның басшысы болғанымды айтқан олар ҚР-ның СІМ мен Мәдениет және спорт министрлігіне шығуым керектігін айтты. Ал олар жергілікті биліктің қолымен қазаққа қарсы саясат жүргізіп отыр», — деп жазды пост авторы Нұрлан Әуезханұлы. Айтпақшы, осы қыркүйек айында Қостанай облысында 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай орнатылған қазақ батырының ескерткіші бұзылған еді. Ол да бюджеттің емес, еркітілердің ақшасына ашылған болатын. Қостанайлық  шененуніктер де тас мүсіннің сапасына сын айтып, оның орнына басқасын қоямыз деген-ді.Фото: facebook.com 
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 27.05.2022, 14:23
Республикалық семинар өтеді
Сайт әкімшілігі 27.05.2022, 14:00
Қазақстан шетелдіктерге Egov арқылы ЖСН алуға тыйым салды
Қ.БАЛАБИЕВ 27.05.2022, 12:45
Конституциялық реформа жарқын болашағына бетбұрыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 26.05.2022, 22:53
Ботаникалық бақты қайтару үшін митинг өтеді
Бифат ЕЛТАЕВА 26.05.2022, 14:20
Ұмыт қалған ұлттық тағамдар: дайындау әдісі
Кемел ЖАН 26.05.2022, 13:15
Жемқорлық туралы ақпарат бергендерге сыйақы бар

Аңдатпа


  • Анамның тілі алаңдатады...
    26.05.2022, 08:40
  • «Дауылпаз ақынның» даңқы мен дақпырты
    26.05.2022, 08:38
  • Газеттер дар алдында тұр!
    26.05.2022, 08:35
  • Қазақ кредитке кіріп тұрып қуанады
    25.05.2022, 07:48
  • Қарашөкеевтің қиялы шаруалардың шамына тиіп жүр
    25.05.2022, 07:47