Кеншілер мен металлугтерге жеңілдетілген ипотека беріле бастады

Арайлым ЕРКЕБАЕВА

19.03.2022, 20:37

974

Қарағанды облысында кеншілер мен металлугтерге  жеңілдетілген ипотека беріле бастады. Биліктегілердің пайымдауынша кеншілер мен металлугтерге алдағы уақытта баспаналы болудың мүмкіндігі туады.  Осы жылы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ көмір және болат департаментінің 120 қызметкеріне пәтер кілті табысталады. Бүгінгі таңда Қарағандыда шахтерлер мен металлугтерге пәтер алу үшін жеңілдік сертификаттары беріле бастады.Естеріңізге сала кетейік, тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға Қарағанды облысының әкімдігі «Отбасы банкімен» бірлесіп бастамашы болды. Облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді. Банк тағы 700 миллион берді. Жеңілдетілген ипотеканы алатын кеншілер металлугтерді  жұмысшылар еңбек ететін ұйымдардың кәсіподақ комитеттері анықтады. Бүгінде алғаш болып жеңілдікке ие болғандарға сертификаттарын  табыстау Қарағанды облысының әкімдігінде өтті.– Біз «АрселорМиттал Теміртаудан» бағдарлама көлемін ұлғайтуды пысықтайтын боламыз. Менің ойымша, бұл бірінші кезектегі міндет. Қазір бізге кеншілер мен металлургтерді қолдау өте маңызды. «Отбасы банкінен» қолдау сұрап, басқа компанияларға осы бағдарламаны бастауға кеңес бергім келеді. Ол үлкен сұранысқа ие. Бұл теңгемен алынатын ең арзан қарыздардың бірі – жылдық мөлшерлемесі 5%", — деп мәлімдеді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек. Бағдарламаға қатысушысына берілетін қарыздың ең жоғарғы сомасы – 15 млн теңге.

– Бүгін біз Қарағанды облысында жеңілдетілген несие арқылы бастапқы немесе қайталама нарықта пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін кредит беру тетігін іске қосып жатырмыз, – деп түсіндірді «Отбасы банкінің» Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.Жеңілдетілген ипотеканы Қарағандыдан, сондай-ақ Саран, Абай, Шахтинск және Теміртау серіктес қалаларынан алуға болады. Кеншілер мен металлугтер қазіргі қымбатшылық қысқан уақытта мұндай жеңілдіксіз баспана алудың мұң екенін айтады. – Осындай көмек үшін көп рахмет! Бағдарламасыз мен жеке тұрғын үй сатып ала алмас едім, – деді цех операторы Наталья Ворошилина. – Үшінші жыл пәтер жалдап тұрып келдім, бұған дейін ата-анаммен тұрдым. Ұлымды жалғыз тәрбиелеймін. Сондықтан мектеп жанындағы тұрғын үйді мұқият қарап шықтым. – Жеңілдетілген қарыз алу – бұл кеншілер мен металлургтер үшін, жас отбасылар үшін үлкен қолдау, – дейді «Абай» шахтасының тау-кен шебері Юрий Котов.Мұндай жаңа бағдарламамен алдағы бес жылда кеншілерге баспаналы болу мүмкіндігін қарастыру жоспарланып отыр.Қиын да қатерлі жұмыста бастарын бәйгеге тігіп жүрген кеншілер әсіресе үй алуда мұндай жеңілдіктің ауадай қажет екенін айтады. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жарлы БАЙҒАНИН 05:08
«Құдай маған форточкадан береді»
Сайт әкімшілігі 16.05.2022, 14:59
Мектептегі зорлық: ата-аналар іс жабылып қала ма деп қорқады
Бифат НҰРМАХАН 13.05.2022, 13:00
Бала құқығы – басты құндылық
Нұрболат ӘЛДИБЕК 13.05.2022, 10:45
«Көне Тараз» құлағалы тұр
Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ 13.05.2022, 07:59
BI Group-тың былығы тексерісті қажет етеді
Сайт әкімшілігі 12.05.2022, 18:50
ҚР Кәсіподақтар федерациясының республикалық штабының алғашқы отырысы өтті

Аңдатпа


  • Мәскеуменен Тәшкеннен көш келеді
    12.05.2022, 08:30
  • Әскердегі әлімжеттік пе, әлде?..
    12.05.2022, 08:12
  • Сатылған бақтан бақ тайды ма?..
    12.05.2022, 08:07
  • Қазақша оқыт балаңды!
    05.05.2022, 05:30
  • "Өгіз мүдде"
    05.05.2022, 05:27