09.03.2022, 16:55
1098
Түркістан облысында автобекеттегі кассадан ақша жымқырған азамаша ұсталды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кентау қалалық Полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның автобекетінің кассасында істейтін жұмысшысы рұқсатсыз кассадағы 60 мың теңге ақшасын иемденіп кеткен. Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 189-бабы «Сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан таражға салу» бойынша тіркелді.
Қылмыстық істің мән-жайын анықтау, ашу барысында кентаулық тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, барлық қажетті тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде полицейлер осы қылмысқа қатысты күдіктінің жеке-басын анықтады. Ол Алматы облысының тұрғыны болып шықты.
Анықталғандай, күдікті әйел өз арам ойын жүзеге асыру мақсатында кассадағы ақшаны алып, Алматы қаласына қашып ізін суытқан. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР