Кербез халықтан көмек сұрайды

28.03.2020, 17:11

468

Құрметті жанашыр жамағат!Біздің «Жас Алаштың» редакциясына Кербез есімді көп балалы ана хабарласты.Таутесерова Кербез төрт баланың анасы. Жақында бесінші баласын дүниеге әкелмек.Алматыда  Есік қаласында тұрады. Кербездіңжолдасы Демеуов Рауан қайтыс болған. Отбасының асыраушысынан айрылған Кербезқазір қиын жағдайда қалып отыр. Жеке басында не баспанасы жоқ,  не жұмысы жоқ. Төрт балаға берілетін 42 мыңтеңге жәрдемақы не тамаққа, не балалардың жоқ-жітігін түгендеуге жетпей жатыр.Жәрдемақыны тамаққа әрең жеткізіп күн көруде. Тұңғыш қызы 4 сыныпты ендіаяқтаса, кіші қызы бір жарым жаста. Ал өзі балаларды асырау үшін жұмысқашығайын десе, бесіншісі  баласы құрсағында қалып отыр. Жолдасының өмірден өткеніне бір ай ғана болды. Баспанасыз жалғызбасты анаға пәтер жалдау өте қиын. Кербездің ендігі мақсаты- осы бесінші баласын өмірге әкелгенге дейін баспана алсам дейді.

Құрметті жамағат, қазақ жетімінжылатпаған, жесірін төмен қаратпаған халық емес пе?! Ендеше көп болып осыКербездің бес баласымен далада қалмауы үшін әркім шама шарқынша көмектессекқайтеді?!  Осы орайда Есік қаласының жергілікті әкімдігі, құзыретті орындарда отырған атқамінердердің  құлағына алтын сырға дейміз. Жергілікті меценаттарға да сұрау саламыз. Кербездің тағдырына жергілікті билік бей-жай қарамауы тиіс. Көп балалы ананы үйсіз-күйсіз қалдырмайды деп үміттенеміз. Бұл іспен «Жас Алаш» ұжымы айналысады. Істің нәтжесі айтылып отырады. Біздің мақсат жалғызбасты көп балалы ананы далада қалдырмау. Ел болып қолдап жіберсек екен ағайын!

Ескерту: Кербездің жолдасының қайтыс болғанын растайтын құжат. Төртбаласының туу туралы куәлігі және өзінің аяғы ауыр екенін растайтын құжаттарқолымызда бар.

Төменде Кербез Таутесерованың реквизиттері:

Таутесерова Кербез Нурбосыновна 

Каспий голд 5169497109304414

 ЖСН: 901104400736.    

Байланыс телефоны: 87076538952      

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 16:07
Экс премьер-министр Серік Ахметов жазасын өтеп шықты
Сайт әкімшілігі 12:00
Маминге "Алтын-Емел" және "Шарын" ұлттық саябақтарын дамыту тұжырымдасы таныстырылды
Сайт әкімшілігі 11:09
Бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты
Сайт әкімшілігі 09:51
Павлодарда киімі үшін оқушыны қорлаған мектеп директоры жазаланды
Сайт әкімшілігі 09:30
49 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
Сайт әкімшілігі 09:20
Қазақстанда 8 облыс "қызыл" аймақта

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39