Кезекші сыныптардағы дизенфекция шынымен зиян ба?

Сайт әкімшілігі

18.11.2020, 09:56

958

Әлеуметтік желіде  кезекші сыныптарға қатысатын балалардың қатты жөтелетіні туралы ақпарат таратты. Ата-аналардың ойынша,  білім беру мекемелерінде дезинфекциялау үшін қолданылатын химиядық салдарынан балалардың жоғарғы тыныс жолдарына зиян келіп жатыр.

Stopfake.kz порталы бұл нұсқаны жоққа шығарды.

Біріншіден, Қазақстанда мектептерді, ауруханаларды, адамдар көп жиналатын орындарды және өзге де орындарды дезинфекциялау үшін уытты және денсаулыққа қауіпті заттар пайдаланылмайды. Бұл туралы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бірнеше рет мәлім еткен болатын.

Елімізде қолданылатын барлық құралдар сертификатталған, тізілімге енгізілген және санитарлық өңдеуге арналған ерітінділерді дайындау пропорциялары көрсетілген нақты нұсқаулары бар.

Екіншіден, тыныс алу жолдарының күйіп қалу белгілері құрғақ жөтелге қарағанда әлдеқайда ауыр. Жоғарғы тыныс алу жолдарының химиялық күйігі, әдетте, обструкцияға әкелетін тез ісінумен қатар жүреді. Бұл ретте зардап шеккендер жедел кеңірдек интубациясына мұқтаж болады. Сондай-ақ, еріннің күлбіреуі, мұрын мен беттегі түктің күюі де тыныс алу жолдарын химиялық күйік шалудың белгілері болуы мүмкін. Төменгі тыныс алу жолдарын күйік шалса, бірден тыныс алу жеткіліксіздігі, жөтел және қанмен түкіру сияқты белгілер пайда болады болады. Сонымен қатар, иіс тиіп немесе басқа газдан уланудың алғашқы белгілері байқалады.

Үшіншіден, видеода әйелдердің бірі ұлында «химиялық күйік» белгілерін жеңілдеткен «Зодак» препаратын атап өтеді. Шын мәнінде, бұл препарат химиялық немесе термиялық күйіктері бар науқастардың ауырсынуын жеңілдете алмайды. Ол антигистаминдер тобына жатады және аллергиялық ринит, конъюнктивит және идиопатиялық есекжем белгілерін тоқтату үшін қолданылады.

Тегтер: медицина біліктілік. коронавирус індет қауіп қатер

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тоқтар ҒАБДРЕШҰЛЫ 23.07.2021, 14:17
Бал татыған балық сорпасына зар болып қалмайық
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 11:18
Қазақстан өнімдерінің сапасы стандарт бойынша қалай артып жатыр?
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 23.07.2021, 08:49
Өзге елдер вируспен, ал біз жемқорлықпен күресіп жүрміз
Еркежан АРЫН 23.07.2021, 08:45
Қазақстанның сот жүйесін нығайту
М.СӘУЛЕБЕК 22.07.2021, 16:52
Инфрақұрылым – ең басты мәселе
Миуа БАЙНАЗАРОВА 22.07.2021, 10:51
Қысқа әзірлік сылбырлықты көтермейді

Аңдатпа


  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58
  • Ташкенттен «Жас Алаш» газетінің түпнұсқасы табылды (видео)
    07.07.2021, 13:15
  • «Жас Алаш» Түркістан төрінде
    07.07.2021, 08:59
  • Жайыққа келді «Жас Алаш!»
    28.06.2021, 09:02
  • "Жас Алаштықтар" "Қазақстанның құрметті журналисі" атанды
    24.06.2021, 13:55