«Кибербуллинг жасаушылардың көбі – педофилдер»

Айжан БҮРКІТБАЕВА

07.12.2020, 09:27

647

Елімізде балаларға зорлық-зомбылық көрсету деректері күн санап аартуда. БҰҰ-ның статистикасына сәйкес қазақстандық балалардың 79 пайызы сәби күнінен психологиялық қысым мен кемсіту, қорлау көреді екен. Оның ішінде сандық технологияның дамуына байланысты онлайн қорлау мен кибербуллинг деректері жиілікке ие. 

Осыған орай, 2020 жылдың 1 маусымында балаларға жасалған кибербуллингке қатысты және өзге де зорлық түрінен қорғаудың қазақстандық бағдарламасы бекітілді.

Кибербуллинг дегеніміз не?

Кибербуллинг ­– адамды интернетте, әлеуметтік желілерде қорлау мен қудалау. Әлемде 13-15 жас аралығындағы 150 млн-ға жуық бала мессенджерлердегі зорлыққа тап болатыны анықталған. Әрбір оныншы бала мұндай қорлықты күнделікті немесе апта сайын бастан кешеді екен. Ал елімізде 11-15 жастағы жасөспірімдердің 12 пайызы кибербуллингтің құрбанына айналған.

Ресми деретерге сүйенсек, кибербуллинг жасаушылардың дені педофилдер екені анықталған. Сарапшылардың айтуынша, желіге өзге атпен тіркелетін педофилдер балаларды алдап-арбап, желіге жалаңаш фотоларын жүктеуге итермелейтін көрінеді.

Осы мәселе жайлы психолог Мадина Алламжарова кибербуллингтің қазіргі қоғамдағы қауіпті құбылыс екенін айтады:

«Жасөсіпірмдерге жасалған кибербуллинг – смартфонды пайдалануымен байланысты. Мысалы, елімізде ата-аналар балаларына ұялы телефонды 3 жасынан бастап не көрсе де, өз еркітеріне беріп қояды. Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 4-6 жастағы балалардың 54 пайызында жеке планшеті немесе смартфоны болады екен. Ал бұл көрсеткіш бала 14 жасқа келгенде 94 пайызға артатынын көрсеткен. Смартфонды балаға ұсынғасын ата-аналар тарапынан қадағалау болу керек. Күйбең тіршілік салдарынан әлеуметтік желілерде бала кіммен сөйлесіп жүр, қандай видеолар көріп жүргеніне салғырт қараймыз. Шектеу қойылған видеолардың өзінде «18 жасқа толдыңыз ба?» деген сұрақ ғана шығады. Оған бала «иә» деп жауап бере салуы да мүмкін. Оны тексеріп жатқан бір адам жоқ.

Кибербуллинг жасаушылардың көбі – педофилдер. Мысалы, биылға ғана тіркелген дерек бойынша, Нұр-Сұлтан қаласында 8 жасар қызға өзінің қатарласы ретінде желіге өзге есіммен тіркелген ересек ер адам бүлдіршінмен танысып, жалаңаш фотолары мен видеоларын желіге салуға үгіттеген. Абырой болғанда, ата-анасы қыздарының өзгеріп жүргенін байқап, алдын алып үлгерген. Бұл балаларға жасалған кибербуллингтің бір ғана мысалы. Осындай деректер жиі кездесіп тұрады. Бала психологиясының әлсіздігін пайдаланып, ойларына келгенін істейтіндер көп. Олар балалардың сеніміне кіріп алып, қорқыту, бопсалау, оғаш қылық жасауға итермелеу сында заң бұзушылыққа барып жатады. Бала психолгиясы толық қалыптаспаған, әлсіз болғандықтан, олар көбіне сенгіш болып келеді. Сондықтан, ата-аналар балаларына қолданысқа смартфон берген екен, қадағалауды да қатаңдатуы керек», – дейді психолог.

Соңғы уақытта әлеуметтік желілер арқылы адам тағдырын тәлкіге салатын ойындар жиі төбе көрсеткен еді. Бұдан бірнеше жыл бұрын кибербуллинг көрінісі болған «Көк кит», «Қызыл жапалақ», «Мені сағат 4:20-да оят», «NaN», «F57», «Тыныш үй» және т.б. онлайн ойындардың құрбандары да – жасөспірімдер екені белгілі.

Әлеуметтік желідегі әжуа құрбандарын заң қалай қорғайды? Бұл туралы заңгер Жантас Абдулкарим қатаң тәртіп болмаса, қылмыс жасаушылардың зейіні жабылмайтынын айтады:

«Балаларды әлеуметтік желі қысымынан қорғайтын заң әлемнің 21 елінде қарастырылған. Мысалы, Германияда кибермоббинг ұйымдастырған ересек адам 10 жыл, жасөспірімдер 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оңтүстік Кореяда 2007 жылдан бері ғаламтордағы қорлыққа қарсы арнайы заң жұмыс істейді. Қазақстанда әлі күнге дейін кибербуллингке арнайы заңдар қарастырылмаған. Қазір Президентіміз заңды қатаңдатуға назар аударып отыр. Шынымен де, бізге кибербуллингке қатысты  әкімшілік емес, қылмыстық істер қозғау туралы арнайы заң қабылдайтын кез келді», – дейді заңгер.

Қазір елімізде балаларды интернет шабуылынан қорғайтын мемлекеттік бағдарламалар да жоқтың қасы. Safekaznet.kz сайтын арқылы ғана шағымдануға мүмкіндік бар. Бұл сайттың да жұмысы жазбаның заңсыздығын тексеріп, тек парақшаны бұғаттаумен ғана шектеледі. Сондықтан, ата-атаналар балаларын кибербуллинг зардабынан өздері қорғамаса, мемлекетте заңсыздыққа тиым салатын қатаңдық әлі жолға қойылмаған.

Тегтер: ұялы телефон ойын ата-ана бала психология

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Еңлік АБАҒАН 13:22
Қарасай ауданы: Қоймалжың батпақ пен қою шаң
Нұрболат ӘЛДИБЕК 03.08.2021, 11:01
«Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
Қуаныш ӘБІЛДАҚЫЗЫ 03.08.2021, 09:25
«Естімейтін үкімет» пен екпеге сенбейтін халық
Елеусіз МҰРАТ 03.08.2021, 09:20
Еріккеннің ермегіне айналған әлеуметтік желіге тәртіп керек
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 14:30
Қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 21 миллиард теңге салған
Сайт әкімшілігі 02.08.2021, 12:04
Жаңа оқу жылы онлайн бола ма, офлайн бола ма?!

Аңдатпа


  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39
  • «Жас алаштағы» жасын жылдар
    15.07.2021, 10:58