11.02.2020, 11:06
362
Қазақстанда киік атуға 2023 жылға дейін тыйым салынды, депхабарлайды ҚазАқпарат.
«Киіктердің санын көбейтіп, оларды сақтау мақсатындаҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығыжәне жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен Қазақстан Республикасыныңаумағында киіктерді 2023 жылға дейін атуға тыйым салынды», — деді комитеттіңбаспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет. Оның хабарлауынша, ҚР БҒМ Ғылым комитетініңЗоология институты киікті атуға 2023 жылға дейін тыйым салу туралы кеңесберген. Биологиялық негіздеме мемлекеттік экологиялық сараптамамен мақұлдаған.Киікті атуға тыйым салу туралы бұйрық ресми түрде жарияланғаннан кейін 10күннің ішінде (20 ақпанда) күшіне енеді. «Қазақстанда 2015 жылы 150 мыңнанастам киік қырылған себепті, 2015 жылдан бастап, 2019 жылдың 31желтоқсанға дейін киік атуға тыйым салынған болатын. Енді, жануардың санынкөбейту мақсатында, бұлмерзім 2023 жылға дейін ұзартылды. Жалпы киік Қызыл кітапқа енгізілмеген.Заңмен шектеп қана қоймай, бұл бағытта әртүрлі жұмыстарды жүргізіп жатырмыз.Мақсат – киік санын 500 мыңға жеткізу», — дейді Сәкен Ділдахмет.
ФОТО ашық ақпарат көздерінен
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР