Ким байыған сайын қалтырайды, мақтааралдан шыққан миллиардердің туған жеріне жаны аши ма?

12.05.2020, 07:09

26


Мақтаарал ауданында су басқан үшауыл қалпына келтірілмейтін болды. Жаңа тұрмыс, Нұрлы жол және Достықауылдарының халқына арнап, аудан орталығы Мырзакенттен арнайы шағынаудан бойкөтереді. Апат аймағына бір аптадан кейін келген премьер-министр Асқар Маминмен Өзбекстанның үкімет басшысы Абдулла Арипов осы шағынауданда бой көтеретіналғашқы үйдің іргетасын қалап кетті.


Шағынауданда тұрғын үйлерден бөлек, мектептер, балабақша мен фельдшерлікпункттер салу жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын Қазақстан мен Өзбекстан бірлесіпжүргізеді. Өзбекстандық мамандар қазірдің өзінде Мақтааралда апат зардаптарынжою жұмыстарына қатысуда.

– Мақтааралға президент Шавкат Мирзияевтің тапсырмасы бойынша келдік.  Су басқан аймаққа 300-ден астам қызметкер, 186техника жұмылдырылған. Оның ішінде құтқаруға арналған, инженерлік, су тасу, жүккөліктері бар. Жергілікті әріптестерімізбен тығыз қарым-қатынаста тәулік бойыжұмыс істеудеміз. Қазіргі міндетіміз – коллекторларды тазарту, су тасығанжерлерді қалпына келтіру. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде  Фирдауси ауылында су деңгейі айтарлықтайтөмендеді. Біз төтенше жағдай аяқталғанша осында боламыз, – деді Өзбекстан төтеншежағдайлар министрінің бірінші орынбасары Абдулла Құлдашев.

        

 Апаттан келген шығындарды есептеуәлі жалғасып жатыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтыңайтуынша, 11 елді мекеннің егістіктері зақымданған. 7639 гектар егістіктіңшығыны есептеліп, үкіметке ұсынылған. Комиссия шешімі бойынша әр дақыл түрінеорай, өтемақы жасалады. Апаттан 297 мал шығын болды.  Нақтырақ айтқанда, 58 сиыр, 227 қой-ешкі, 16жылқы, 2 түйе суға кеткен. Төрт түліктің шығыны 32 миллион теңге деп белгіленіпотыр. Мал мен егіннің өтемақылары төтенше жағдайға байланысты ашылатыназаматтардың жеке шоттарына аударылады. Қосымшашот ашудың қажеті жоқ. Су тартылғаннан кейін ауыл шаруашылығы министрлігіненарнайы мамандар келіп, жердің құрамы мен зақымданған күйін тексереді.

 Бұған дейін айтылғандай, үйін су басқан 6127 тұрғынға 100 мың теңгеден өтемақы беріледі.Ресейде тұратын өзбек миллиардері Әлішер  Усмановтың қоры зардап шеккенмақтааралдықтарға арнап 5,2 миллион АҚШ долларын аударғаны белгілі. Бұлдегеніңіз – 2,3 миллиард теңге. Осы қаражаттан апат кезінде қауіпсіз аймаққа көшірілген 30 420 адамды құрайтын 5202отбасының әрқайсысына 1000 АҚШ долларынан үлестіріледі.

Өткен жұмада апат аймағына Журналистер одағының Түркістан облыстықфилиалының жетекшісі, «Жас Алаштың» Оңтүстік Қазақстан облысындағы меншіктітілшісі қызметін ұзақ жылдар атқарған Ғалымжан Елшібайдың мұрындық болуымен біртоп журналист барып қайттық. Ат басын алдымен  Т.Әубәкіров атындағы мектепке бұрдық. Аталғанбілім ұясына  үйлері су астында қалған Жаңатұрмыс ауылының 200-ден астам тұрғыны орналастырылған. Зардап шегушілердіңжағдайын жасаумен Сарыағаш ауданының әкімдігі айналысуда. 

– Көмек жан-жақтан келіп жатыр. Жүрегінде иманы, қолында Құраны барлардыңбәрі аянып жатқан жоқ. Осы мектепке 2 мамыр күні келгенбіз. «Жаңа үй салынып біткеншеосында боласыңдар» деп жатыр. Ер-азаматтар ауылға барып, сол жақтағы мал-мүліктікезектесіп күзетуде, – деді бізбен тілдескен жаңатұрмыстық Күмісай Қосжанова.     

Тұрғындардың денсаулықтары күніне екі мәрте тексеріледі. Коронавирусіндетінің алдын алу үшін тегін маскалар таратылады. Мамандардың айтуынша, бір мүгедеказаматшаға Сарыағаш ауданы әкімінің атынан қоларба беріліпті. Журналистер бұданкейін Атакенттегі Қ.Сәтбаев атындағы мектепке барып, осы жерде қашықтан білімалып жатқан зардап шегуші отбасылардың балаларына арнап плазмалық теледидартарту етті.

Айтпақшы, тұрғындарға арнап салынатын баспаналардың көлемі 100 шаршы метрдіқұрайды. Яғни жаңа үйлердің бәрі біркелкі болады. Қазақстандық бизнесмен БолатӨтемұратов мақтааралдықтарға арнап  6миллион доллар аударды. Бұл қаражатқа  150 үй салу жоспарланған. Болат Өтемұратовбылтыр Арыстағы жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға да қол ұшын созып,баспаналар салып берген еді. Қайырымдылық шарасын ол биыл тағы қайталап отыр. Соңғымәліметтерге қарағанда, П.Шодиев, А.Машкеевич, А.Ибрагимов жетекшілік ететінәйгілі Eurasian Resources Group тобызардап шеккен мақтааралдықтарға 5 миллион доллар қаржы бөлген.

Ал Мақтааралдың тумасы, Қазақстанның ең дәулетті азаматы, «Қазақмыстың»қожайыны Владимир Ким әзірге үнсіз. Жуырда ғаламторда белгілі журналист СерікПірназардың Мырзакенттен шыққан миллиардерге арнап жазған хаты жарияланды. «Нағызперзенттік жанашырлық пен жомарттықты көрсететін шығар деп, өзіңіз жаққақарайлап, алаңдап отырғанымыз рас. Алайда сіз жақтан  шыға қоймаған бір ауыз ләм мен кәлиманы әл-әзір ести қойған жоқпыз. Мұныңыз қалай?Сонда кіндік қаныңыз тамған, өзіңізді ана құрсағынан қабылдап алған өскелеңөңіріңізге жүрегіңіз титтей де елжіремейтін болғаны ма?» делінген хатта.

Forbes журналының тұжырымы бойынша Владимир Кимнің  байлығы 2019 жылы 4,5 миллиард доллардықұрап, ол Қазақстандағы ең бай бизнесмендердің көшін бастаған. Екінші орында3,4 миллиард доллармен Болат Өтемұратов тұрса, одан кейінгі орын Тимур жәнеДинара Құлыбаевтарға бұйырыпты. Владимир Ким былтыр әлемдегі ең бай 500 азаматтыңтізіміне енген (424-орын).

Әзірге «Қазақмыс» қожайынының туған жеріне қайырымдылық жасағаны жөніндеешқандай ақпарат таралған жоқ.

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ

Түркістан облысы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 26.11.2020, 10:22
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті
Жарлы БАЙҒАНИН 26.11.2020, 09:16
Есектің еті ем, сүті саумал ма?
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 10:40
Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
Мариям МАҚСАТ 25.11.2020, 09:40
Көп балалы аналар қоғамнан неге теперіш көріп жүр?
Дана Жарылқасынқызы 25.11.2020, 09:35
Арақ арқалатқан азап
Сайт әкімшілігі 25.11.2020, 09:30
Еліміздің төрт қаласында ауа ластанады

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    25.11.2020, 10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42